Сұрақ-жауап
Егер Сізге лайық сұраққа жауап табылмаса, өз сұрағыңызды қойыңыз
Биманова Гулшат []
саламатсыз ба, облыстық сот сайты жаңарып, өте қызықты мәліметтер салынған екен. Мен "КазФрутАқтөбе" ЖШС-нің заңгері болып қызмет етемін. Біздің ЖШС-нің көлік жүргізушісі жол көлік оқиғасына түсіп, әкімшілік іс бойынша жәбірленуші болып табылды№ Енді әкімшілік іс қаралатын уақытта, бұл әкімшілік іс бойынша жәбірленушінің заңды өкілі болып, сенімхат арқылы сот процессіне қатыса аламын ба? рахмет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 34 тарауында көзделгендей, Сіз сенімхат арқылы жәбірленуші өкілі ретінде, жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай аласыз.











