Ақтөбе облыстық сотының 2010 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы

 

Ақтөбе облыстық сотының 2010 жылдың 1 жартыжылдығында

атқарған  жұмысы туралы

А Қ П А Р А Т

           

            1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысы  туралы

            Азаматтық іс қарау барысында 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтөбе облысы бойынша  10 063 іс қаралған, салыстырмалы 2009 жылда 10 898 іс, қаралған істердің саны 835 іске немесе 7,7%-ға азайғанын көрінеді.

            Салыстырмалы 2009 жылға қарағанда істер екі есеге азайған соттар: Мұғалжар аудандық №2 соты 204 істен 118 іске дейін, яғни 42,2%, Ойыл аудындық сотында 106 істен 32 іске дейін, яғни 69,8%, Хромтау аудандық сотында 984 істен 583 іске дейін, яғни 40,8%, Шалқар ауданыдық сотында 375 істен 213 іске дейін, яғни 43,2%.

            Қаралған істердің саны елеулі түрде азайған соттар: Алға аудандық сотында 463 істен 314 іске дейін, яғни 32,2%, Байғанин ауданыдқ сотында 108 істен 59 іске дейін, яғни 45,4%, Қарғалы аудандық сотында 138 істен 97 іске дейін яғни 29,7%, Мәртөк аудандық сотында 191 істен 120 іске дейін, яғни 37,2%, Мұғалжар аудандық сотында 882 істен 690 іске дейін, яғни 21,8%, Темір аудандық сотында 203 істен 125 іске дейін, яғни 38,4 %. 

            Ақтөбе қалалық сотымен қаралған істер саны 240 іске, яғни 4%-ға артты, 6 033 істен 6 273 іске дейін. Сонымен қатар, қалалық сотпен облыс соттарының барлық қаралған істерінің 62,3% қаралған (2009 жылы - 55%). Қазіргі таңда ай сайынға судьяның нақты жүктемесі 61,5 іс (2 судья бала күту демалысында, 1 бос орынды есептегенде). 2009 жылдың І-жартыжылдығында судьялардың айлық жүктемесі 50,3 істі құраған.  

            Шешім шығарылумен 5 892 іс, ұйғарым шығарылумен 74 іс, барлығы 5 966 іс қаралды, салыстырмалы 2009 жылы – 6 999 іс, яғни 15% кем. Сырттай шешім шығарылумен 2 351 іс қаралды, салыстырмалы жылы – 1 436 іс, яғни 915 іске немесе 63,7%-ға арта түсті.

            Қаралмаған  істердің саны 2 451 іс құрайды,  салыстырмалы  2009  жылы  –  2 122 іс, көптеген іс Ақтөбе қалалық сотымен қаралды – 1 870 іс, 2009 жылдың І-жартыжылдығында – 1 548 іс, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен – 206, 2009 жылы – 164, Шалқар аудандық сотында з7 істен 71 іске көбейді, басқа аудандық соттарда елеулі өзгерістер жоқ. Аталмыш істер ішінен көптегені үстіміздегі жылдың мамыр айының аяғында, маусымда түскен істер.

            Барлық аяқталған істер ішінен 950 іс қысқартылған, (салыстырмалы жылы – 868 іс), 1 255 іс қараусыз қалдырылған (1533), 216 іс бітімгершілік келісімнің бекітілуімен аяқталған, яғни 3,6% (2009 жылы – 244 іс, яғни 3,4 %).

            Азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздерге сәйкес тоқтатылған істердің саны салыстырмалы жылға қарағанда өзгермеді 58 іс, (2009 жылы – 56 іс).

            Зерделеген кезде істердің тоқтатылуы негізді екені дәлелденді.

            Есептік кезенде қаралған істердің азайғанына қарамастан, сот актілеріне апелляциялық шағымдар көбейгені анық.   

            Статистикалық мәліметтер негізінде 2010 жылғы жартыжылдықта апелляциялық сатыда қарауға былтырғы жартыжылдыққа қарағанда 669 іске қарсы 774 іс түсті, яғни 16 %-ға көбейді.

            Апелляциялық сатыда есептік мерзімде 663 іс қаралды, салыстырмалы жылы – 597 іс, яғни 10%-ға көбейді. Көрсетілген істер арасынан 168 іс алқа құрамымен, 493 іс судьялармен жеке-дара қаралған.

            Бұндай жағдай тараптардың белсенділігіне және 2010 жылғы 1 қантардағы азаматтық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты.

            Прокурор наразылығы бойынша 12 іс, шағымдар бойынша 740 іс, наразылық пен шағым бойынша 22 іс түсті. 75 шағым мен 5 наразылық кері қайтарылып алынған, 29 іс қараусыз қайтарылған.

            Шешімдері заңды және негізді деп танылған істердің саны 431, яғни 83% (салыстырмалы жылы – 357 шешім, яғни 80%).

            Апелляциялық сатыда аудандық (қалалық) соттармен қабылданған 34 шешімнің күші жойылған, яғни 0,5% барлық шешіммен аяқталған істерге қарағанда, және 51 шешім өзгертілген, яғни 0,8% шешіммен аяқталған істер бойынша.

Сонымен, барлығы күші жойылған және өзгертілген шешімдердің саны 85, яғни 14%, апелляциялық сатыда шағымданғандардың немесе 1,4% шешіммен аяқталғандардың санына қарағанда.

            Салыстырмалы жылы 44 шешімнің күші жойылды, яғни 0,7% барлық шешіммен аяқталған істерге қарағанда, және 21 шешім өзгертілген, яғни 0,3% шешіммен аяқталған істерге қарағанда. Барлығы күші жойылған және өзгертілген шешімдердің саны 65, яғни 1,1% шешіммен аяқталғандардардың санымен салыстырғанда.

            Сонымен, күші жойылған шешімдердің саны 2009 жылмен салыстырғанда 10 іске, яғни 23% өзгерді.

            Алайда, барлық өзгертілген және күші жойылған шешімдердің саны 20 іске көбейді, яғни 0,3 %.

            Істі жедел қарау облыстық сотпен ерекше бақылауға алынды. Айсайын қаралмаған істер, бірнеше рет сот отырысын кейінге қалдыру негіздері тексеріледі, сот отырыстарын тиісті дәрежеде ұйымдастыру жөнінде  әдістемеліктер беріледі.

            Облыстық сотының іс әрекеттеріне қарамастан аудандық соттарымен бір азаматтық іс бойынша іс қарау мерзімі бұзылған. 2009 жылы іс қарау мерзімдерін  бұзу фактілері  болмаған.

            Бұл іс, талапкер Г.А.Шайгузованың жауапкер «Мәртөк ауданыдық жер қатынастар  бөлімі» ММ-не басқа жұмысқа ауыстыру бұйрығын заңсыз деп тану, бұрынғы орнына қалпына келтіру және мәжбурлі жұмысқа келмеген уақыт үшін ақысын төлеу туралы, аудандық сот судьясы М.Т.Сарсеновтың төрағалық етуімен қаралған.

            Іс апелляциялық наразлықпен апелляциялық сатыға келіп түсті, 2010 жылдың шілде айның 1 жұлдызына тағайындалған, нәтижесі бойынша мерзімді бұзып алған судья жауапқа тартылады.

            Сонымен қатар апеляциялық сатыда 145 ұйғарым қаралған, оның ішінен  114 ұйғарымы (қаулысы) өзгеріссіз қалдырылды.

            Салыстырмалы жылға қарағанда күші жойылған және өзгертілген ұйғарымдар саны көбейген, 2009 жылы – 25 ұйғарым болса, 2010 жылы – 31 ұйғарым, 20%-ға көбейді.

Азаматтық істер жөнідегі алқасымен 19 жеке ұйғарым шығарылған, оның ішінде аудандық (қалалық) соттар судьяларына қатысты 13 жеке ұйғарым

            Жиі кездесетін қателер бойынша аудандық және қалалық соттарға 12 әдістемелік хаттар жолданған, салыстырмалы жылы 27 хат.

            Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Ақтөбе қалалық сотының сот төрелігін жүзеге асыру сапасы біртекті болғаны анық. Күші жойылған және өзгерген шешімдер саны салыстырмалы жылмен өзгермеген, күші жойылған шешімдер саны – 26, салыстырмалы 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 27 шешім, өзгертілген 36 шешім, салыстырмалы 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 37 шешім.

            Күші жойылған және өзгерген шешімдер саны  0,7% шығарылған шешімге қарағанда, 2009 жыдың 1 жартыжылдығында 0,8% салыстырмалы жылмен, өзгертілген 1%, 2009 жылдың І-жартыжылдығында – 1,1%, айтқандай 0,1% сәл жақсарғаны көрініп тұр.

            Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өзгертілген шешімдердің саны көбейді, 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 2 шешім, 2010 жылы 3 шешім, ал күші жойылған шешімдер азайды, 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 4 шешім, яғни 0,4%, 2010 жылы 3 шешім 0,3%. Сонымен, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 0,1%-ға жақсарды.

            Алға аудандық сотының іс қарау сапасы жақсарды, күші жойылған  шешімдер саны 2009 жылы 5 болса, 2010 жылдың 1 жартыжылдығында 1, қаралған істердің санының 0,5%, салыстырмалы жылы 1%.

            Мұғалжар аудандық сотында іс қарау сапасы төмендеді, күші жойылған  және өзгертілген шешімдердің саны көбейді, салыстырмалы жылмен қарағанда 1-ден 3-ке дейін, барлық аяқталған істер санының 2010 жылы 0,6%, 2009 жылы  0,1%. Күші жойылған шешімдердің саны өзгермеді – 2 шешім, барлық қаралған істердің пайыздық үлесімі 2010 жылдың 1 жартыжылдығында 0,4%, 2009 жылдың  1 жартыжылдығында 0,2%.

            Ақтөбе қалалық сотының судьяларымен шығарылған көптеген шешімдердің күші жойылған және өзгертілген: Н.О.Аманқұлова – 11, яғни 0,2% (барлық шешім шығарылумен қаралған істер санына қарағанда), Г.Ж.Сүлейменова – 9, яғни 0,2%, Ж.С.Төленов, А.А.Бақытжанова – 6, яғни 0,1%, Ә.Н.Тәжікенова, М.А.Әлиманова – 5, яғни 0,1%, Ә.Я.Бижанова – 3, яғни 0,05%.

            Сот актілерінің өзгеру және күші жойылу себептерінің талдауы, аудандық соттардың  судьялары іс қарау барысында құжаттарды тиісті дәрежеде зерртемей, заң талаптарын жеткіліксіз білу, сотқа дейінгі іс жүргізуді тиісті дәрежеде өткізбеу, материалдық заңдарын нашар қолданғанын көрсетті.

            Ақтөбе облыстық сотымен іс жүргізу заңына түсінек беру жұмыстары жүргізілседе жатсада Ақтөбе қалалық сотының судьяларымен элементарлық қателерге жол беріледі.

            Мысалы, талапкер Е.П.Шушурина жауапкер С.Л.Шуруринге, Л.Изотоваға және нотариус Г.И.Нурмагамбетоваға үй мен жер учаскесін сыйға беру келісім шартын заңсыз деп тану, себебі сыйға беру психикалық және күштеп мәжбүреу арқалы рәсімделгенін дәлелдейді.

            15.02.2010 жылғы сот ұйғарымымен іс қараусыз қалдырылған, себептері тиісті дәрежеде сотқа шақарылған тараптар 2010 жылдың 11 және 15 ақпандағы сот отырысына келмеуі.

            Анықталғандай, іс құжаттарында тараптардың тиісті дәрежеде сот отырысына шақырылғанын дәлелдейтін құжаттар тіркелмеген, сот шақыруын жеке алғандар М.Изотова және нотариус Г.И.Нурмагамбетова.

            Іс құжаттарынан 2010 жылдың 15 ақпанын сот отырысына тарптар тиісті дәрежеде шақырылып, тағайындалған уақытта келген, со кенсесімен белгіленген.

            Сол себептен, тиісті дәрежеде шақырылған тараптар екі рет сот отырысына қатыспаған жөнінде  сот дәлелдемелері өз орнын таппады. Сол себептен сот ұйғарымы бұзылып, жаңа сот қарауына жіберілді.

            Ұқсас жағдай талапкер «Делта Банк» ЖШС-нің жауапкер Т.Г.Жиленкодан . қарыз өндіру туралы азаматтық ісі бойынша орын алған, сот істі тараптарды тиісті дәрежеде сот отырысына шақырмай қараған.

            Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жоюдың бір негізі материалдық заңды дұрыс қолданбау.

            Мысалы, сотқа А.Бурхард Ақтөбе облысы соттар Әкімшісінің сот орындаушысы іс әрекетіне шағымданды. Шағымда А.Ф.Субханкуловадан 150 000 өндіру жөніндегі орындау өндірісінде  сот орындаушы ақыны өндіріп алуынборышкердің жалақысына аударған, алайда борышкердің Ақтөбе қаласы 12 м.а 39 А,Б, үй мекен жайында бірлескен меншігінде ½ бөлік өтімділік меншігі орналасқан, қарызды жалақымен өтеуді заңсыз деп таныған.

            2010 жылғы 25 наурызда шығарылған шешіммен талап арыз қанағаттандырылған, А.А. Бурхард пайдасына өкіл шығыны 10 000 тг. өндірілген.

Қалалық сот А.А. Бурхард шағымын қанағаттандарғанда, келесі негіздерді басшылыққа  алған, сот орындаушымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орыныдаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 10 бабын бұзған, яғни борышкердің өтімділік меншігін анықтамаған, банктен есептік жөнінде мәлеметтер сұратпаған. 01.10.2009 жылы орындау өндірісін қозғағаннан бастап, тек бір іс әрекет жасаған, яғни қарызды борышкердің жалақысынан өндіру жөніндегі қаулы шығарған.

            Алайда, сот қорытындысы негізсіз және материалдық заңға қайшы келеді.   «Атқарушылық іс жүргізу және сот орыныдаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 35 бабының 4 бөлігіне сәйкес борышкер мүлкінен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орынддау жөніндегі шығыстар ескеріле отырып өндіріліп алынады.

            Алайда, бұл іс бойынша, қарыз мөлшері 150000 тг,. ал өндушінің сұрап отырғаны Ақтөбе қаласы 12 м.а 39 А,Б, үй мекен жайында орналасқан бірлескен меншіктің ½ бөлік өтімділік меншігі, өндіріп алынатын ақыдан асып түседі.

            Сот орындаушының іс әрекеттері заңсыз деп танылды, себебі ақы өндіріп алуы меншіктің ½ бөлігіне аудару, жоғарвы көрсетілген заң талаптарына сай келмейді. Сот отырыс кезінде борышкерде н 125000 тг. өндірілген, қалған қарыз 25 000 тг. ғана. Көрсетілген себептерге байланысты сот шешімі бұзылып, жаңа шешім шығарылып өндірушінің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

            Бірінші сатыдағы соттың қосымша шешімдегі көрсетілген негіздері сәйкессіз болуын байланысты шешім бұзылды.

            Ақтөбе қалалық сотымен 27.10.2009 жылы А.А. Аргимбаеваның талап арыздары қанағаттандырылды, арызда «Он Строй» ЖШС-гін және «Альянс Банк» АҚ-ын сатып алу келісім шартына мәжбүрлеп тұру, меншік құқығын тану, техникалық құжаттарды  сұрату талап қойған. Сонымен қатар «Коктем» кешенінде 12 «в.г» ш.м.а. орналасқан №114 жер участкесіне  меншік құқығын тануын сұраған.

            2010 жылы 17 наурызда талапкер қосымша шешім шығару үшін сотқа жүгінді. Негізі, сот іс қарағанда  талапкердің №115 жер участкесінде орналасқан үйін жеке меншігін танымағанын дәлелге алды. Талапкер арызында, екінші талап бойынша баж салығы төленгенін айтып, дәлелдемелер табыс етті, екі үй бойынша түсінктемелер берді.     

            А.Аргимбаеваның талабын сот қанағаттандырып қосымша шешім шығарды.

            Алайда сот шешімі, істегі құжаттарға қайшы келеді, себебі істе талапкердің АІЖК-нің 49 бабының талаптарына сәйкес арызы жоқ, тек қана екі үйдің  бағасына сәйкес баж салығы төленген түбіртегі тіркелген.

            АІЖК-нің 219 бабының 1 бөлігіне сәйкес сот істі қойылған талапқа сай шешеді. АІЖК-нің 49, 150 баптарына сәйкес қосымша талаптар сотқа жазбаша түрде беріледі.

            Айтқандай, іс бойынша қосымша шешім шығаруға негіз болмады.

            Жоғарыда айтылғандарға сәйкес сотпен елеулі түрде іс жүргізу нормалары бұзылды. Соған байланысты қосымша шешім бұзылып, талапкердің арызы қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі жаңа шешім шығарылды (Ақтөбе қалалық сотының судьясы И.А.Буйваренко).

            Сот алқасымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мақсатында апта сайын бейсенбі күндері қалалық сот пен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларының қатысумен семинар сабақтары жүргізілуде.

            Жұмыс көрсеткіштері төмен аудандық (қалалық) сот судьяларына, 3 жылға дейінгі өтілі бар жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсету жұмыстары іске асырылып, ары қарай жалғасын табуда.

            Облыстық соттың жұмыс жоспарына сәйкес құқыққолдану қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша сот тәжірибесіне жинақтаулар жасақталады. Аталмыш жинақтаулар жұмыс бабында қолдану үшін аудандық (қалалық) соттарға үнемі жолданып отырады.

 

            2. Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысы туралы

            2010 жылдың І-жартыжылдығында облыс соттарымен 1653 тұлғаға қатысты 1449 іс қаралған, 2009 жылдың 6 айымен салыстырғанда 9,8%-ға өскен (1491 тұлғаға қатысты 1320 іс)

            868 тұлғаға қатысты 675 іс бойынша үкім шығарылған (816 тұлғаға қатысты 697 іс 2009 жылы). Соның ішінде, 5 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған.

            Есеп мерзімінде 34 тұлғаға қатысты 26 іс қосымша тергеуге қайтарылған (2009жылы – 17/20).

            Облыс соттарымен 791 тұлғаға қатысты 668 іс өндірістен қысқартылған. Соның ішінде, 635 тұлғаға қатысты іс ҚР ҚК 67 бабына сай жәбірленушімен татуласуға байланысты, яғни жалпы қаралған істердің тұлғаларға қатысты 38,4 пайыз (2009 жылы 661 тұлғаға қатысты 549 іс өндірістен қысқартылған, соның ішінде 632 тұлғаға қатысты жәбірленушінің татуласуына байланысты, немесе 42,3 пайыз).

            Облыс соттарымен сотталушыға жаза тағайындау тәжірибесі қылмыстың түріне, оның қоғамға қауіптілігіне  сәйкес тағайындалынған.

            Барлық сотталған 863 тұлғаның ішінен 418 тұлға немесе 48,4% бас бостандығынан айыруға сотталған, оның ішінде, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 72 тұлға, яғни 100% (8,3% барлық сотталғандар санына қарағанда), ауыр қылмыс жасағаны үшін 208 тұлға немесе 72,2% (барлығы сотталғандар саны – 288), орта және жеңіл дәрежедегі қылмыстар үшін 138 тұлға немесе 27,9% (барлығы сотталғандар саны – 494).

            Шартты түрде 263 тұлға (32 пайыз), қоғамдық жұмысқа тартуға 56 тұлға (6,8 пайыз), айыппұл төлеуге 29 тұлға (35 пайыз), түзету жұмыстарына 4 тұлға (0,5 пайыз), бостандығын шектеуге 56 тұлға (6,8 пайыз), қандайда бір лауазымды басқару құқығын  айыруға 3 тұлға (0,4 пайыз) сотталған, ҚР ҚК 65-69 баптарына сай жаза өтеуден 7 тұлға (0,8 пайыз) босатылған.

Жаза тағайындау барысында облыс соттары ҚР ҚК 52 бабы талаптарын қатаң басшылыққа алады. Ауыр емес және орта дәрежедегі қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кінәсін ауырлататын жағдайлар  және негіз болған кездеғана тағайындалады, яғни қылмыстың қайталануы, оны арақ ішкен мас күйінде, алдын ала келісілген топ болып немесе топ құрамында  жасауы және нәтижесі ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы, ал басқа жағдайларда осы дәрежедегі қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалуда.

Облыс соттарымен есеп мерзімінде қылмыс жасауға әрекет еткен себептер мен шарттарды қалпына келтіру жөнінде 3 жеке қаулы, алдын -ала тергеуде және анықтауда жіберілген қателіктерді жоюға бағытталған 15- жеке қаулы шығарылған.

            2010 жылдың 6 айында апелляциялық сот алқасында қарауға түскен істер саны 2009 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 43 іске көбейген (2010 жылы 303 іс, 2009 жылы 260 іс).

            Апелляциялық тәртіпте 392 тұлғаға қатысты 281 іс өндірістен аяқталып, 2009 жылмен салыстырғанда 37,8 пайызға көбейгенін көрсетті (2009 жылы 244 тұлғаға қатысты 230 іс). Аталмыш мәліметтерге сай апелляциялық сот алқасының жүктемесі едәуір көбейгенін айтуға болады.

            Есеп мерзімінде 44 іс прокурордың наразылығы бойынша 234 іс шағым бойынша және шағым мен наразылық бойынша 24- іс келіп түсті.Оның ішінде 4 іс бойынша шағымдар мен наразылықтар кейін қайтарылып алынған, 6 іс бойынша қараусыз кері қайтарылған.

            2010 жылдың 6 айында апелляциялық тәртіпте 300 тұлғаға қатысты (82,1 пайыз) үкімдер өзгеріссіз қалдырылған. Ал өткен жылы 216 тұлғаға қатысты немесе 88,5 пайыз.

            37 тұлғаға қатысты үкім өзгертілген, яғни барлық  шағымдалған үкімдердің 10 пайызы немесе  өндірістен қысқартылған, ақталған және сотталған тұлғалардың 4,5 пайызы (2009 жылы 21 тұлғаға қатысты үкім өзгертілген, яғни барлық  шағымдалған үкімдердің 8,6 пайызы немесе  өндірістен қысқартылған, ақталған және сотталған тұлғалардың 2,6 пайызын құрайды).

            28 тұлғаға қатысты үкімнің күші жойылып,ол шағымдалған үкімдердің 7,7 пайызын құрайды немесе сотталғандардың 3,4 пайызы (2009 жылы 7 тұлғаға қатысты үкімнің күші жойылып, ол шағымдалған үкімдердің 2,9 пайызын құрайды немесе сотталғандардың 0,8 пайызы).

Жалпы апелляциялық тәртіпте 65 тұлғаға қатысты үкімдердің күші жойылып, өзгертілген яғни, барлық  шағымдалған үкімдердің 17,8 пайызы немесе  өндірістен қысқартылған, ақталған және сотталған тұлғалардың 7,9 пайызы. (2009 жылы 28 тұлғаға қатысты, яғни барлық  шағымдалған үкімдердің 11,4 пайызы немесе  өндірістен қысқартылған, ақталған және сотталған тұлғалардың 3,4 пайызын құрайды).

            Келтірілген статистикалық мәліметтер сот әділдігін жүзеге асыру сапасының төмендегенін көрсетеді. Пайыздық үлеспен қарағанда шағымдалған үкімдер 6,4 пайызын құрайды (сотталғандар санының 4,5 пайыз).

            Өкінішке орай, іс жүргізу және материалдық заңнамаларын өрескел бұзатын судьялар саны азаймай келеді, нәтижесінде судьялармен қабылданған сот актілері өзгертіледі немесе қайта қарауға жолданады.

            Үкімдердің күші жойылуға жол берген судьялар: №2 қалалық сот судьясы Г.С.Әжіғалиева (13 тұлғаға қатысты 2 үкім), Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Р.Әжіғалиева (6 тұлғаға қатысты 2 үкім), №2 қалалық сот судьясы М.Қ.Дүйсен (3 тұлғаға қатысты 1 үкім), Мұғалжар аудандық сотыңы төрағасы Ш.А.Әлнияз (2 тұлғаға қатысты 1 үкім), Хромтау аудандық сотының төрағасы Н.Т.Сұлтанов, №2 қалалық сот судьясы З.Г.Шмирова, Алға аудандық сотының судьясы Ә.Т.Анарбаев, Ырғыз аудандық сотының судьясы С.З.Танимова (1 тұлғаға қатысты 1 үкімнен).

            Үкімдердің өзгертілуіне жол берген судьялар: №2 қалалық сот судьялары Б.С.Мұшатова (6 тұлғаға қатысты 1 үкім), Р.С.Ахметова (4 тұлғаға қатысты 2 үкім), Р.С.Мұхамбетқалиева (4 тұлғаға қатысты 3 үкім), З.Г.Шмирова (3 тұлғаға қатысты 2 үкім), Алға аудандық сотының төрағасы Ж.Ә.Олжаш (3 тұлғаға қатысты 3 үкім).

            Есептік кезеңде апелляциялық сатыда 28 тұлғаға қатысты үкімнің,  оның ішінде 8 тұлғаға қатысты немесе 28,5 пайызы (барлық күші жойылған үкімдерді алғанда) жаңа үкім шығарылумен күші жойылды.

 .С.

            Мысалы, Ақтөбе қалалық  № 2 сотның 2.04.2010 жылғы үкімімен А.С. Имандосов ҚР-сы ҚК-нің 321 б. 1 б., 57 б.1 б., 58 б.2 б. айыпты деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталып, 3 жыл сынақ мерзімі тағайындалған, М. Шкиль және Т. Хамзин  ҚР-сы ҚК-нің 321 бабының 1 б. айыпты деп танылып ҚР-сы ҚК-нің 63 бабын қолдана отырып 3 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталып, 3 жыл сынақ мерзімі тағайындалған.

            А.С.Имандосов, М. Шкиль және Т. Хамзин 17.12.2009 жылы түнгі сағат 2-і шамасында арақ ішкен мас күйлерінде «Саке» кафесінің маңында бейтаныс тұлғамен сөзбен ұрысып аяғы төбелеске ұласқан. Осы кезде жол полция инспекторлары Б. Қожахметовпен Б. Қарабалин қызметтік авто көлікпен оқиға болған жерге келіп  олардың заңсыз әрекеттерін доғаруларын сұрайды.  Алайда, А.Имандосов Хамзин және Шкиль полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, дөрекелік көрсетіп, оларды балағаттап, билік өкілдеріне бағынудан бас тартқан. А.Имандосов Қожахметов пен Қарабалинге жақын келіп  олардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіпті емес зомбылық күш көрсететінін сезіне тұра, Қожахметовтың формалық киімінің жағасынан қасақана ұстап оны жерге күштеп құлатқысы келген. Бірақ соңғысы самбо әдістерін қолдана отырып, Имандосовтың әрекеттеріне  тойтарыс бере отырып, қолын бұрап жерге  жыққан. Содан соң, Қожахметовпен Қарабалин әрі қарай бұзақылармен  сөзге келмеу мақсатында Бейбітшілік көшесіне қарай беттеген. Бірақ, Имандосов өзінің қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастыра отырып, Хамзин және Шкиль болып  кетіп бара жатырған жол полиция қызметкерлерінің авто көлігіне қуып жетіп авариялық жағдай туғыза отырып, оларды жол жиегіне қарай қысып, әрі қарай жүруіне мүмкіншілік бермеген. Имандосов  өз автокөлігінен шығып Қарабалинның сол көзінн соққы беріп оны жерге құлатады. Одан соң тергеуде анықталмаған тұлғамен бірге бас жағынан соққылар беріп, жеңіл дене жарақатын салған. Өз кезегінде Шкиль мен Хамзин қызметтік автокөлік ішінен Қожахметовты күштеп шығарып оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зомбылық күш көрсететінін тікелей бағаттай отырып, соңғына жерге құлатып қолдарымен аяқтарымен  әр жерден дене бөліктеріне соққы беріп жеңіл түрдегі  дене жарақатын салған.

            Сонымен қатар, Имандосов  билік өкіліне қарсы күш қолдану барысында  өзінің  бұзақылық ниетін әрі қарай  өзгенің мүлкін жою және бүлдірумен жалғастыра отырып, қоқыс жәшігінен шаң сорғышты тауып алып, оны бұзақылық құралы ретінде қолдана отырып   «Ваз-2107» автокөлігінің артқы қапталдағы терезесін сындырып, Ақтөбе облысы бойынша ІІД-не тиесілі мүлкін бүлдірген.  

            Апелляциялық сот алқасының 25.05.2010 жығы қаулысымен сот үкімі сотталғандар Имандосов, Шкиль және Хамзинге жаза тағайындау барысында, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды және қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескермегендіктен жойылған. Алқа  отырысында іс бойынша жаңа үкім шығарылып, сотталғандардың жеке бастарын қылмысты жасау жағдайын  ескере отырып Имандосов, Шкиль және Хамзинге қоғамнан оқшаулау түрінде  жаза тағайындау қаулы етілді.

            Сот үкімдерінің күшін жою себептері қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтамау, іс бойынша жағдайларды жан-жақты зерттемеу, материалдық және процессуалдық заңдарды дұрыс қолданбау нәтижесінде болатынын  көрсетіп отыр.  

Соттар өз кезігіндеіс бойынша қажетті және толық деңгейде мән жайларды зерделемелей,  ҚР-сы ҚІЖК-ң 24 бабының  талаптарын толық орындамайды.

Алдын-ала тергеу органдарымен А. Қосназаров пен К.Каиповқа олар «Семсер-Секьюрити» ЖШС-нің күзетшілері бола тұра, 10.12.2009 жылы түнде тергеумен анықталмаған тұлғамен  алдын-ала  сөз байласып, «КазТрансОйл»    ЖШС-нің «Кенкияк-Орск» мұнай құбырынан заңсыз 50,345 тонна жалпы сомасы 3 306 409 тенге құрайтын мұнай ұрлағаны үшін айып тағылып, олардың әрекеттері ҚР-сы ҚК-нің 175 бабы 3 б. «б» тармағымен дәрежеленген.

Бірінші сатыдағы сот олардың әрекеттерін «ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру»- деп  ҚР-сы ҚК-нің 363 бабына қайта  дәрежелеген. Сот үкімімен. Қосназаров пен К.Каиповқа олар «Семсер-Секьюрити» ЖШС-нің күзетшілері бола тұра,  №177 мобильдік топ құрамында «Кенкияк-Орск» мұнай құбырын күзету барысында 10.12.2009 жылы түнде  101,6 пен 122 км аралықтарында кезекшілік атқара отырып 02.30 сағат шамасында белгісіз тұлғалармен 3 автокөлекпен  111,174 км маңында    мұнай ұрлау фактісі байқалған. Заңсыз әрекеттердің алдын алу және  жедел түрде басшылыққа хабар беру  жөнінде еңбек келісім шарттарын бұзып, белгісіз тұлғалардың атынан келтірілген қауіп кесірінен олар оқиға болған жерді тастап кетіп, ол жөнінде басшылыққа хабарламаған. Сол күні «Талдысай –Покровка» тас жолында құны 980159 тенге құрайтын 13 554 тонна мұнай тиеген «Камаз -5410» автокөлігінің үшеуінің біреуі   ұсталынады.

Апелляциялық сот алқасымен Косназаров пен Койповтың әрекеттерінде ҚР-сы ҚК-нің 363 бап құрамында көрсетілген қылмыстар  бар деген уәж негізсіз деп табылып, сот үкімінің күші жойылып іс қайта тергеу жүргізу үшін жолданды.

ҚР-сы ҚІЖК-нің 24 бабының 1 бөліміне сай сот, тергеуші, анықтаушы  және прокурор істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. 

ҚР-сы ҚІЖК-нің 49 бабы бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық істен әлде бір тұлғаға қатысты бөлігін бөлек өндіріске бөліп алуға қатысты.

Тергеушнің 9.02.2010 жылғы қаулысында мұнай ұрлауға қатысқан Талғат, Ержан, Қуантай атты жігіттерге қатысты қылмыстық іс олардың тергеу іздестіру шаралары оң нәтиже бермегендіктен бөлек өндіріске бөлініп алынған.

Бірақ, 13.12.2009 жылға фотосурет бойынша тұлғаны анықтау  хаттамасына сай куә А. Жаймағанбетов 4 фотосуреттің ішінен Бекесов Ержан 1973 жылы туылған Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы СМП-555, елді мекенінің тұрғыны екенін және Ержан оларды мұнай ұрлайтын жерге дейін ертіп апарғанын көрсеткен.

Сонымен қатар алдын ал тергеуде Ақтөбе қалалсы, Абылхайыр хан даңғылығы 78-58 үйде тұратын 30.12.1970 жылы туылған Қалмурзин Қуантай Лайыковичтен  тергеу барысында екі рет түсініктеме алынған. 

К.Калмурзин өз түсініктемесінде ұрланған мұнайға тиісті қағаз беріп, «Субару» автокөлігімен жол көрсеткенін жоққа шығарған жоқ ол жөнінде Куә Жаймағанбетовте сотта көрсетті.

Сол себепті, жоғарда көрсетілген мән-жайлар негізінде мұнай ұрлауға қатысқан Ержан – ол Бекесев Ержан, Қуантай -ол Қалмурзин Қуантай екендігі тергеушімен істі өндірістен бөлгенге дейін анықталған. Одан кейін Е. Бекесовпен  Қ.Калмурзин қатысты тергеу амалдары жүргізілмеген.

Осы жағдайларды ескере отырып апелляциялық алқа Талғат, Ержан, Қуантай атты жігіттерге қатысты іс материалдарын бөлек өндіріске бөлу жөніндегі қаулы заңсыз деп есептейді.  

ҚІЖК-нің 420-2 бабына сай Қосназаров пен Каиповке басқа айып тағу мүмкіндігі және қалған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық іс қайта терге жүргізу үшін жолданды. Косназаров пен Каиповке қатысты қылмыстық іс жеке қарау  олардың әрекеттері басқа тұлғалармен байланысты болғандықтан мүмкін болмады.

            2010 жылдың 1 жартыжылдығында  апелляциялық тәртіпте 37 тұлғаға қатысты үкім өзгертілді немесе шағым бергендердің 10,1 пайызы.

            - жаза түрі өзгертілмей 3 тұлға бойынша дәрежесі өзгертілген, немесе 0,8 пайыз,

            - жазасы түрі мен дәрежесі өзгертіліп 3 тұлғаға қатысты шағымданғандардың 0,8 пайызы

            - дәрежесі өзгертілмей жаза түрінің жеңілдетілуі 14 тұлғаға немесе шағымдалғандадың 3,8 пайызы;

            -басқа да негіздер бойынша 15 тұлғаға немесе шағымданғандардың 4,1 пайызы; 

            Азаматтық талап бөлігінің өзгеруімен бір тұлғаға қатысты немесе 0,3 пайызы

            Есеп мерзімінде облыс соттарымен жалпы ҚР-сы ҚК-нің 52 бабының талаптарына сай қылмыстық жаза түрлері дұрыс тағайындалған.

            Сондай-ақ, қылмыс ауырлығына және сотталуышының жеке басына сай келмейтін қатаң жаза тағайындау орын алған. Нәтижесінде 14 тұлғаға қатысты үкім өзгертіліп, жаза түрлері жеңілдетілді. 

            Ақтөбе қалалық №2 сотының 02.02.2010 жылғы үкімімен С.С.Подгайный  ҚР-сы ҚК-нің 175 бабымен 3 бөлімі, 24 бабымен  1 жылға бьас бостандығынан айырға сотталған. 14.09.2009 жылы С. Подгайный  Шығыс аумағында өзгенің мүлкін жасарын ұрлау мақсатында. В. Емельяновтың контейнерінің сатушысы газет оқып отырған пайдаланып, құны 5415 теңге тұратын водоэмульсиялық бояуды ұрлауға әрекеттенген. Бірақ, өзіне байланысты емес жағдайлар нәтижесінде сатушы В.Емельяновға ұсталып қолған.

            Сот С.Подгайныйға жаза тағайындау кезінде оның жеке басын және де басқа да жазасын жеңілдететін мән жайларды ескермей, тек қана жаза тағайындауға бағытталған мән-жайлармен шектелген.   

            С.Подгайный Бұрын сотталған тұрғылықты жерәнен жақсы мінезделген. Кінәсін мойындаған. Жәберленушәге келтіріген материалдық шығын қалпына келтірілген. Және оның жасаған қылмысы орта дәрежедегі қылмыстар қатарына жатады. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Апелляциялық от алқасы аталмыш мән-жайларды ескере отырып, апелляциялық шағымды қанағаттандырып, оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауға шешім қабылдаған. 

2010 жыдың бірінші жартыжылдығында 19 тұлғаға қатысты 15-іс қайта тергеуге жолдау жөніндегі сот қаулыларына келтірілген  жеке наразылық пен шағымдар бойынша қаралды.Оның ішінде 15 тұлғаға қатысты немесе 79 пайызы қаулы өзгеріссіз қалдырылды. Прокурордың жеке наразылықтары қанағаттандырусыз. Сот әділдігін жедел іске асыру істерді мерзімінде қарау ғана емес басқа да процессалдық мерзімдерге байланысты. Ол облыстық соттың тұрақты бақылауында, ай сайын апелляциялық сот алқасы судяьларымен және ұйымдастыру талдау тобымен мамадарымен сот мәжілістерінің кейінгі қалдыруын оларды қарау мерзімі тұрақты бақылап отырылады.  Қолданылған шаралар облыс соттарында сот мәжілістерін іске қарау мерзімдерін қатаң сақтауға әкеліп соқтырады.

Статистиклық мәліметтерге сүйенсек есеп мерзімінде істерді қарау мерзімдерінің бұхзылуына жол берілмеген. Э

2010 жылдың 1 жартыжыдығында облыс соттарымен 392 қамауға алу,  қамау мерзімін ұзарту бойынша тергеу органдарының өтініштері қаралды. (2009 жылы- 458).

Соның ішінде:

-         329 тұлға қатысты қамауға алуға санкция берілді, оның 321 қанағаттандырылды;

-         Үйде ұстауға -5, барлығы қағ\нағаттандырылды.;

-         Экстрадициялық өтінім-2, қанағаттандырылды;

-         Мерзімін ұзарту -48, қанағаттандырылды;

-          Экстрадициялау мерзімін ұзарту-2,қанағаттандырылды;

Барлық 329 өтінімнің 24-і әйел адамджарға қатысты 6-уы кәмілетке толмағндарға

қатысты (5-і қанағаттандырылды);

            Санкция беру жөніндегі материалдарды қарау сапасы, облыс соттарымен жағарғы деңгейде, материалдық және процессуалдық заң нормаларын катаң сақтаумен жүзеге асырылуда.

            Апеллияциялық сот алқасымен 42 сот қаулысы қайта қаралып. Оның 33-і өзгеріссіз қалдырылды. 9 қаулының күшін жойылды, 4 тұлғаға қатысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

            Жергілікті соттарға тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсету және сот әділдігін жүзеге асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында жоспарлы ауқымды көмек көрсетілуде.

Есеп мерзімінде әртүрлі санаттағы істер бойынша сот тәжірбиесі жинақталып жергілікті соттарға жолданылып отырады.

            Сонымен қатар, аудандық қалалықлық сот судяьларының қатысумен семинар сабақтары  өткізіліп жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланады.

 

            3. Кассациялық сот алқасының азаматтық істер қарау барысы туралы

2010 жылдың 1 жартыжылдығында облыстық соттың кассациялық сот алқасының қарауына барлығы 232 іс түсті.

11 шағым арызданушыларға қайтарылды.

Барлығы 192 іс қаралды, соның ішінде наразылық бойынша – 1 іс, шағым бойынша – 175 іс, наразылық және шағым бойынша – 6 іс. Есеп беру кезеңінің аяғына қалдық – 39 істі құрайды.

Кассациялық қараудың нәтижесі бойынша 170 апелляциялық сот алқасының қаулысы және 3 ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.

Барлығы 4 апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылды (судьялар С.Қ.Елтүзер – 2, М.Г.Үрістембаева – 2), шешім шығарумен қосқанда (5892) бұл 0,06 пайызды құрайды (немесе 0,03 пайыз талапкердің талаптан бас тартуын қоспағанда).  4 күші жойылған қаулы барлық апелляциялық сатымен шығарылған қаулылар санына қарағанда 0,8 пайызды құрайды.

Күші жойылған апелляциялық  сот алқасының 1 қаулысы бойынша бірінші соттың шешімі күшінде қалдырылған, 1 қаулы бойынша іс апелляциялық сот алқасына қайта қарауға жолданған және 2 іс бойынша талапкердің талаптан бас тартуы бойынша күші жойылған және іс өндірістен қысқартылған.

Апелляциялық сот алқасының 5 қаулысы өзгертілген, бұл шешім шығарумен қаралған істердің есебіне 0,08 пайызды құрайды (судьялар Г.С.Әлімбаева – 2, А.И.Балдықова, Р.Қ.Айтөкенова, З.А.Үргенішбаева). 

1 іс бойынша 2 қаулы өзгертілген  (С.М.Жумагалиеваның Г.Н.Мухамбетказина, «Палантин» микронесиелік мекемесі ЖШС-не шартты бұзу туралы) себебі қаулының бұзылуы қанағаттандырылған шағымдар бойынша анықталады, яғни 4 іс бойынша қаулылар өзгертілген.

3 іс бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысы жаңа шешім шығару бөлігінде өзгертілген, 1 іс апелляциялық сот алқасына қайтадан қарауға жолданған.

Кассациялық тәртіпте барлығы 8 қаулының күші жойылған және өзгертілген, бұл барлық кассациялық сатыда шағымдалған сот актілерінің санынан (178) қарағанда 4,4 пайызды құрайды, (3,3 пайыз) және барлық шешім шығару арқылы істер санына қарағанда 0,13 пайыз (немесе 0,1 пайыз), барлық апелляциық сатыда шығарылған қаулылар санына қарағанда. 1,5 пайыз (яғи 1,1 пайыз).

АІЖК 383-21 бабына сәйкес, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 365, 366 баптарында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы немесе дұрыс қолданбауы сот қаулысы мен ұйғарымының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері болып табылады.

Кассациялық сот алқасының 21 сәуір 2010 жылғы қаулысымен апелляциялық сот алқасының 12 наурыз 2010 жылы «Бокс бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық олимпиадалық резерв мектебі» ММ-нің Р.Ж.Карабалиевке залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша  шығарылған қаулысының күші жойылды.

Спорт мектебінің бұрынғы бастығы Р.К.Карабалиевтен 752423 тенгені З.И.Лигай, Л.М.Таракановская, Ж.А.Кульниязовты заңсыз жұмыстан босату негізінде пайда болған залалды өндіруді талап еткен. Соттың шешімімен олар жұмысқа қайта орналастырылып, мәжбүрлі түрде жұмыстан тыс жүрген уақыты үшін жалақы өндіріліп, моральдік залал мен өкілге төленген шағындар өтелген.

Ақтөбе қалалық сотының 18 қаңтар 2010 жылғы шешімімен спорттық мектептік талаптары жартылай қанағаттадырылған, Р.Карабалиевтен 361200 тенге мектептің пайдасына және 3612 тенге мемлекет пайдасына өндірілген, ал талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сот алқасының 12 наурыз 2010 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сот шешімінде «Бокс бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық олимпиадалық резерв мектебі» ММ -нің талаптары көрсетілген сомаға «ревизияның актісі мен келтірілген залал бойынша сарапшының тұжырымдамасының жоқтығы» деген негіздермен толық қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, сот шешімінде жауапкердің құқыққа қарсы әрекеттері бойынша тұжырымы көрсетілген, яғни спорттық мектептің директоры бола тұра артық төлемақылардың негізінде 361200 тенге залал келтірген. Бірінші соттың шешімінің қорытынды бөлігінде талапты жартылай қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің пайдасына 361200 тенге өндірілген және 391223 тенгені өндіру туралы талаптан бас тартылған.

Апелляциялық сот алқасының ҚР АК 933 бабына сай залалды өндірген тұлғаның талапты кері қоюға (регресс) құқығы бар деген тұжырымы жоғарыда келтірілген бірінші соттың тұжырымына қайшы келеді.

Бірінші сатыдағы соттың шешіміне сәйкес, жауапкерден өндіруге шешілген 361200 тенге мақсатсыз жұмсалған бюджеттен құралған. Яғни, талапкермен  заңсыз жұмыстан шығарылған Лигай, Таракановскаяны жұмысқа қайта қалпына келтіргеннен кейін заңсыз директор орынбасарының лауазымында қызмет атқарған екі тұлғаға еңбек ақысын төлеуден құралған. Көрсетілген залал сомасы Қаржы бақылау басқармасының 20 тамыз 2007 жылғы тексеру актісімен, Р.К.Карабалиевке жұмысқа қайта қалпына келтіру  талабы қанағаттандырусыз қалдырылған Ақтөбе қалалық сотының 06 наурыз 2008 жылғы сот шешімімен дәлелденген.

Сот мәжілісінің хаттамасы мен талаптың мәтінінде соттың өндіру шешілген 361200 тенге талаптың пәні болып табылмайды. Талапкер өз талабында сот шешімімен жұмысқа қайта орналастырылған Лигай, Таракановская, Кульниязовке төленген 752423 тенгені өндіру сұралған. ҚР АІЖК 49 бабына сай басқа қосымша талаптар қойылмаған.

Сондықтан, алқа апелляциялық сот алқасының қойылған талапта Р.К.Карабалиевпен келтірілген залады өндіру сұралған, ал жұмысқа қайта қалпына келтіру туралы мәселе қойылмаған деген тұжырымын қате деп есептеген. Апелляциялық сот алқасымен іс жан-жақты қаралмаған, шешімнің дәлелдеме және қарар бөлігіндегі қайшылықтарға баға берілмеген, сонымен қатар кассациялық алқамен жойлуға жатпайтын материалдық және процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берілген.

Іс апелляциялық сатыға қайта қарауға жолданды. (Судья М.Г.Үрістембаева)

Г.С.Сұлтанова Ақтөбе облысы бойынша ІІД, ІІД қызметкерлдері В.Д.Краснобаев және басқаларына ар-намыс, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық залал өндіру туралы сотқа талап-арыз берген. Дәлел ретінде талапкер басқа азаматтық істің қаралуы барысында жауапкер ІІД УИТС бастығының орынбасары ретінде УИТС ІІД қызметкерлерінің коллективтік шағымымен жүргізілген Ақтөбе облысының ІІД қызметтік материалдарын берген. Талапкердің пікірінше бұл қызметтік тексерістің қорытындысында шындыққа сай келмейтін ақпараттар сақталған.

Ақтөбе қалалық сотының 05 қаңтар 2010 жылғы шешімімен Г.С.Султанованың талабы қанағаттандырусыз қалдырылған. Г.С.Султановадан өкілдік шығындарды өтеу үшін жауапкерлердің пайдасына 10000 тенгеден өндіру шешімі қабылданған.

Апелляциялық сот алқасының 26 ақпан 2010 жылғы қаулысына сәйкес Ақтөбе қалалық сотының шешімі бұзылып қайта қарауға жолданған.

Іс материалдарынан Г.С.Султанованың Ақтөбе облысы бойынша ІІД, ІІД қызметкерлеріне қойған талабы бойынша азаматтық іс 04 желтоқсан 2009 жылға тағайындалып, талапкер мен жауапкерлердің келмеуіне байланысты 23 желтоқсанға тағайындалғаны көрінеді.

23,24 желтоқсан 2009 жылы істің қаралуы амбулаторлық емдеудегі талапкер Г.С.Султанованың қатысуынсыз жалғасын тапқан және дәрігерлердің пікірлерін есепке алумен істі өндірістен тоқтату туралы талапкердің өтініші қанағаттандырусыз қалдырылып, істің қарлуы 05 қаңтар 2010 жылға кейінге қалдырылған. 24 желтоқсан 2009 жылы талапкер Г.С.Султановаға 05 қаңтар 2010 жылға тағайындалған сот отырысы туралы СМС-хабарлама жіберілген.

          Апелляциялық сот алқасы бірінші сатығ соттың шешімінің күшін жою кезінде СМС-хабарламаның тиісті түрде хабарлануға жатпайды деген тұжырымға келген, себебі СМС-хабарламаның жеткізілуі туралы нәтижесі жоқ.

            Апелляциялық сот алқасының бұл тұжырымын алқа қате деп есептеді.

            СМС-хабарламаның жеткізілуі жөніндегі есебінде  істе уақыт пен сағаттан басқа, қашан және қандай телефонға хабарламаның жеткізілгені туралы мәлімет бар.

            Яғни, есепке сәйкес 05 қаңтар 2010 жылы келу туралы СМС-хабарлама Г.С.Султановаға 24 желтоқсан 2010 жылы сағат 17-55-те 77029759454 ұялы телефон номеріне жеткізілген.

Бұндай жағдайда, алқа талапкер Г.С.Султановаға сот отырысының уақыты мен күнін хабарлануы ҚР АІЖК 129 бабының 2 бөлігіне сәйкес деген тұжырымға келді.

Кассациялық алқамен апелляциялық сот алқасының талапкер Г.С.Султанова Ақтөбе қаласының  ІІБ Заречный Полиция Бөлімінің бастығы Т.С.Ботагаринмен құлақтандырылмағаны жөніндегі тұжырымын қате деп есептейді. Себебі Г.С.Султанованың 05 қаңтар 2010 жылы жұмысқа жарамсыздық парағын куәландыру жөніндегі толтырылған рапорт Т.С.Ботагариннің Г.С.Султанованың сот отырысына көрсетілген уақытқа шақырылғандығы жөніндегі жауапкердің дәлелдемелерін теріске шығармайды.

ҚР АК 8 бабынының 4 бөлігінде азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген  құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс делінген. Алқа Г.С.Султановамен сот отырысының барысында осы іс бойынша өз құқықтарын тиісті дәрежеде қорғау үшін шаралар жүргізілмеген деген тұжырымға келді.

Алқа талапкердің істің қаралу барысына емделіп жүргені туралы дәлелдемесін негізсіз деп есептейді, себебі медициналық құжаттар бойынша талапкер амбулаторлық емдеуде болған және дәрігерлердің түсіндірулері бойынша сот отырысына келуге мүмкінідігі болды. Сонымен қатар, сот шешімі шыққан кезеңінде талапкер жұмысқа кіріскен.

Яғни, алқаның пікірінше апелляциялық сот алқасының бірінші сотпен жағдайдың толық және жан-жақты зерттелуі туралы жақтардың құқықтары мен сотта тыңдалуға құқықтары жөніндегі заңның талаптары сақталмаған деген тұжырымы қате.    

Алқа апелляциялық сот алқасының істің тиісті түрде хабарланбаған талапкердің қатысуынсыз шешілген деген тұжырымы заңға қайшы деп есептейді, себебі іс материалдарында сотпен талапкер Г.С.Султанованың сот отырысына шақыру туралы барлық қажетті шаралар қолданғаны жөнінде мәліметтер келтірілген.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды деп есептеп, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырып апелляциялық сот алқа қаулысының күші жойды. (Судья С.Қ.Елтузер).

Екі іс бойынша кассациялық алқада талапкерлер өз талаптарынан бас тартып, іс өндірістен қысқартылды.

«Алға қалалық округінің әкім аппараты» ММ Л.Елекешова, Г.Тлеубайға және басқаларына сатып алу сату шартын жартылай жарамасыз деп тану туралы азаматтық іс бойынша талапкердің өкілі кассациялық сот алқасына талаптан бас тарту туралы арыз берген.

Алқа ҚР АІЖК 247 бабынң 1 бөлігі 3 тармағы, 383-11 бабының 2 бөлігіне сай талапкердің арызы заңға қайшы келмегендіктен, ешкімнің де құқықтары мен бостандықтары бұзылмағандықтан қабылданды. Сондықтан, апелляциялық сот алқасының 28 сәуір  2010 жылғы қаулысының күші жойылып, іс өндірістен қысқартылды. (Судья С.Қ.Елтузер).

Ұқсас себептермен апелляциялық алқаның 02 наурыз 2010 жылғы «Рифма» ЖШС-нің Ақтөбе облысының соттар әкімшісінің сот орындаушыларының әрекетіне шағымданған азаматтық ісі бойынша қаулының күші жойылды. (Судья М.Г.Үрістембаева).

Кассациялық алқадағы сот актілерінің өзгертілуі біріншіден апелляциялық сатыдағы соттардың материалдық құқықтық нормаларын дұрыс қолданбауынан болған.

Кассациялық сот алқасының 26 наурыз 2010 жылғы қаулысымен С.М.Жумагалиеваның Г.Н:Мухамбетказиеваға, «Палантин» Микронесиелік мекемесі ЖШС-не, нотариус Л.И.Амироваға шартты бұзу туралы және қарсы талап Г.Н.Мухамбетказинаның С.М.МЖумагалиеваға үйді босату туралы азаматтық ісі бойынша апелляциялық сот алқасының 17 ақпан 2010 жылғы қаулысы өзгертілген болатын. С.М.Жумагалиева Г.Н.Мухамбеталиева арасындағы 05 қыркүйек 2007 жылғы Ақтөбе қаласы Рысқұлов көшесі 59 А, 77 пәтерді сатып алу-сату шартын бұзу туралы өз талабын 1 560 000 тенге берілмеді деген дәлел келтірді.

Г.Н.Мухамбетказина өз қарсы талабында көрсетілген пәтер нотариус Л.И.Амировамен куәландырылған 05 қыркүйек 2007 жылғы сатып алу-сату шарты негізінде алынды, бірақ жауапкердің бұл пәтерде тұратынына байланысты өз меншігін пайдалана алмайтынын көрсетті.

Ақтөбе қалалық сотының 25 желтоқсан 2009 жылғы шешімімен шартты бұзу туралы және үйді босату туралы талаптар қанағаттандырусыз қалдырылды.

            Аталған шешім апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.

            Істе жинақталған дәлелдемелерді есепке алып, алқа бірінші және апелляциялық соттардың біржақты тәртіптегі сатып алу - сату келісім шартын бұзуға заңмен көрсетілген негіз жоқ деген тұжырымдарын дұрыс деп есептейді.

            Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысындағы осы бөлігін алқа заңды және негізді деп санайды.

            Сонымен бірге, алқа үйден шығару туралы жауапкер Г.Н.Муханбетказинаның талаптарын шешу кезінде сотпен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмаған деп есептейді.

            ҚР АК-нің 235 бабына сәйкес, меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.

            Іс материалдарына қарағанда, жоғарыда аталған пәтерді бөтендеу бойынша келісім-шарт жасаған сатушы С.М.Жумагалиева, өз еркімен пәтерді босатпай тұрып сатып алушы Г.Н.Муханбетказинаға беруден бас тартқан.

            ҚР АК-нің 408 бабының 1 тармағына сәйкес, сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге міндетті.

            ҚР АК-нің 416, 355 баптарына сәйкес, егер сатуша сатып алушыға сатылған тауарды беруден бас тартса, сатып алушы сатып алу –сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы.

            Іс материалдарына қарағанда,  Г.Н.Муханбетказинаның үйден шығару  туралы талабы сатып алу-сату тауарын өзінің меншігіне талап етуге (қайтарып алуға) бағытталған.

            ҚР АК-нің 265 бабында меншік иесі болмағанымен, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негізбен мүлікті иеленушінің де осы Кодекстің 259-264 – баптарында көздеген құқытары болады.

            Сондай-ақ осы заң қағидасы, меншік құығын мемлекеттік тіркеу кезінде сатып алушының тұрғын үйді иелену құқығын қарастыратын ҚР Жоғарғы Сотының 16.07.2007 жылғы №5 «тұрғын үй меншік құқығын қорғаумен байланысты дау – дамайларды шешудің бірнеше сұрақтары туралы»  нормативтік қаулысының 4 тармағында қарастырылған. Белгіленген тәртіппен тұрғын үйді бөтендеу бойынша шарт жасаған  меншік иесі мүлікті иеленуге құқығы жоқ, ал мемлекеттік тіркеу жасамаған сатып алушы мүліктің заңды иесі болып табылады.

            Осыған байланысты, алқа Г.Н.Муханбетказинаны тұрғын үйден шығару үшін  талап қоюға құқығы жоқ деп тану туралы соттың тұжырымын негізсіз деп санайды.

            Сондықтан апелляциялық сатыдағы сот қаулысының С.М.Жумагалиеваны тұрғын үйден шығару туралы Г.Н. Муханбетказинаның қарсы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту бөлігі бұзылып, меншік иесі болып табылмайтын С.М.Жумагалиеваны тұрғын үйден шығару туралы талап арызды қанағаттандыру бойынша жаңа шешім қабылданды. (Судья Алимбаева Г.С.)

            Апелляциялық сатыдағы соттың 2010 жылдың 1 сәуіріндегі К.К.Умурзаковтан қарыз ақшаны өндіру туралы «Анвар» ЖШС –нің талабы жөніндегі азаматтық іс бойынша қаулысы.

            «Анвар» ЖШС 2007 жылы 11 маусымдағы №336 консигнация келісім –шарты бойынша жауапкердің міндетін орындамау салдарынан болған қарыз сомманы К.К.Умурзаковтан өндіру туралы талапен шағымданған.

            Бірінші сатыдағы сотпен талап арыз қанағаттандырылып, сот қаулысы, ҚР АК-нің 349,350 баптары бойынша міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын  және орындау мерзімі өткеннен кейін 340 күнге үстемемен  толтыруға міндетті деген негізде  апелляциялық сатыдағы сотпен өзгеріссіз қалдырылған.

            Сонымен бірге, апелляциялық шағымда өндірілетін сомманың мөлшерін азайту туралы уәжді қанағаттандырудан бас тарту негізі сот қаулысында көрсетілмеген.

            Іс материалдарына қарағанда, тауардың соңғы бөлігі 2008 жылдың тамыз айында жіберілген. Бірақта, талапкердің қарызды төлеу туралы талабы жауакерге 2008 жылдың 14 қарашасында жіберілгеніне қарамастан, бір жыл бойы сотқа талап арыз берілмеген, нәтижесінде  арызда көрсетілген үстеме соммасы бастапқы қарыз соммасынан асып кеткен.

            Мұндай жағдайда, қарыздың көбеюі туралы жауапкердің түсініктемесін ескеріп, алқа ҚР АК-нің 297 бабына сәйкес, бастапқы қарыз мөлшері 1 814 289 сомманы 1 000 000 соммаға дейін азайтуға болады деп санайды. (Судья Айтукенова Р.К.)

            Апелляциялық сот алқасының 2010 жыл 29 наурыздағы «Вернал Ойл Казахстан» ЖШС-нің «Мұғалжар аудандық салық басқармасы» ММ –нің 2009 жылғы 29 шілдедегі экспортқа рента салығын аудару және моральдық шығынды өндіру туралы хабарламасын заңсыз деп танып, оны бұзуды сұраған талап арыз жөніндегі азаматтық іс бойынша қаулысының, салық хабарламасына дау айту бөлігі бұзылып,  өзгертілді.

            «Вернал Ойл Казахстан» ЖШС салық тексерісінің қортындысы бойынша рента салығын аудару туралы хабарламасының, экспортқа 166 903 090 теңге рента салығын және 127 038 427 теңге  үстеме  аудару бөлігімен келіспейтіндігін, себебі олар шикі мұнай емес, дербес мұнай өнімі - композит тартқанын, сондықтан  рента салығын төлеуге міндетті емсе екендіктерін айтып сотқа  арызданған.

            ҚР АІЖ –нің 49 бабының негізінде, талап арыздың моральдық шығын мөлшері 1 000 000 теңге ұлғайған.

            Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты 2009 жылғы 29 шілдедегі 166 903 090 теңге мөлшерінде рента салығын және 127 038 427 теңге үстемені аудару туралы хабарламаны бұзып, «Мұғалжар аудандық салық басқармасы» ММ –не  «Вернал Ойл Казахстан» ЖШС мүддесін қорғайтын заңды және құқықтарды бұзған кемшіліктерді жойу туралы 2010 жылдың 1 ақпандағы қаулысымен талап арыз ішнара қанағаттандырылған. Моральдық шығынды өндіру талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

            Ақтөбе облыстық апелляциялық сот алқасының 2010 жыл 29 наурыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

            Тұрақты мұнай композит, 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында шикі мұнайдың қалдықтарын техникалық жағдаймен қайта өңдеуге болатын, серіктестіктің қайта жасаған және өндірген мұнай өнімі болып табылады деген негізбен, талапкердің  салық хабарламасын бұзу туралы арызы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен қанағаттандырылған.

            Апелляциялық сатыдағы соттың бұл тұжырымын, алқа төмендегі негіздермен дұрыс емес деп санайды.

            Өндірілген тауарлардың сапалылығы және серіктестіктің техникалық мүмкіндіктері туралы соттың тұжырымы, серіктестіктің тапсырысымен «Мұнай және газ Қазақстан институты» АҚ- мен 2009 жылдың 25 тамызында жүргізілген техникалық сараптаманың қортындысынан шығады, яғни алқаның пікірі бойынша  эксперттік зерттеудің толықтығы әсер етуі мүмкін.

            Сараптама қорытындысына қарағанда, 2006 жылы қаңтар, ақпан айларында жұмыс жасаған құрылғының қуаты, кейіннен 2009 жылы енгізілген құрылғыдан артық.

            Бұл жағдай, арыз берушінің жоғары сапалы қуатты жаңа жабдықтармен жабдықталған деген сөздеріне қайшы келеді.

            Апелляциялық сатыдағы сот осы дауды қарау кезінде, ҚР ҚМ Кедендік бақылау Комитетінің лабораториясында техникалық мақсаттағы тұрақты мұнай композит ретінде тиісті сертификаты, сапасы бойынша төлқұжаты бар және т.б. жөнінде  классификациядан өткенін және мұнай өнімі өкілетті органдардан сертификатталғандығын негізге алған.

            Бірақ та, алқа, жоғарыда аталған құжаттар серіктестіктің шартындағы қандайда бір шикі мұнайды қайта өндеу жоқтығы туралы салық органының келтірген пікірін теріске шығармайды деп санайды.

            Сонымен бірге, алқа тұрақты мұнай композит  мұнайдың құрамындағы компаненттерден тұрмайды, ол дербес мұнай өнімі болып табылады деген соттың пікірі бұрын қабылданған шешім  деп есептейді.

            Соттың бұл пікірі, экспорт кезінде иеленетін тауар кодировкасынан шығатын техникалық сараптаманың қортындысына негізделген.

            Апелляциялық қаулыны бұзу кезінде алқа сотпен осы істі шешу барысында, тұрақты мұнай композиті және шикі мұнай өзара компоненттік құрамы бойынша қаншалықты айырмашылықтарын, техникалық мүмкіндіктерінің қандай екенін, шикі мұнайды тұрақты мұнай композитіне қайта өндіруге өндірістік қуатын және сол кезеңде осындай қайта өңдеуге  кәсіпорынның техникалық жағдайын анықтау керектігін көрсетті.

            Апелляциялық соттың жоғарыда келтірілген кемшіліктерін кассациялық сатыда түзету мүмкін емес, яғни, ҚР АІЖК-нің 383-13 бабына сәйкес кассациялық сатыда іс қарау кезінде жаңа дәлелдемелерді зерттеу көзделмеген, ал даулы істерді шешу кезінде сараптама тағайындау қарастырылған.

            Есеп беру кезеңінде кассациялық сот алқасымен  жеке қаулылар шығарылған жоқ.

 

            4. Кассациялық сот алқасының қылмыстық істер қарау барысы туралы

          2010 жылдың бірінші жартыжылдығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, облыстық соттың кассациялық сот алқасына қылмыстық істер бойынша небәрі 16 кассациялық шағым түскен. Соның ішінде 6 адамға қатысты шағым ҚР ҚІЖК-нің 446-3 бабының талаптарына сәйкес келмегендіктен мәні бойынша негізінен қаралмай, яғни шағымды аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп шағымданушыларға кері қайтарылған.

            Аталған мерзім ішінде кассациялық сот алқасының қарауына небәрі 10 адамға қатысты 10 қылмыстық іс түскен.

            Олардан облыстың мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен қараған 3 адамға қатысты 3 іс негізінен қаралып, сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылған, кассациялық шағымдар қанағаттандырылмаған.

            Кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша 1 адамға қатысты 1 іс бойынша апелляциялық сот сатысы қаулысының күші жойылған.

            Сонымен қатар, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту мәселесін шешу туралы 1 (бір) іс қылмыстық істердің соттылығы жөніндегі тәртібіне сай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына, ал 1 адамға қатысты 1 іс соттылығына байланысты облыстың мамандандырылған ауданаралық сотына  жолданған.

            Осы мерзім аралығында кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша жеке қаулы қабылданған жоқ.

            Аталған мерзім ішінде кассациялық сот алқасының қарауына түскен 4 адамға қатысты 4 іс қаралмаған, яғни келесі есеп беру кезеңіне қарауға қалдырылған.

            Есеп беру кезеңінде прокурордың наразылықтары бойынша кассациялық сот алқасының қарауына ешқандай қылмыстық іс түспеген.

            Өткен жылдың осы кезеңінде облыстық соттың қадағалау алқасында қаралған қылмыстық істердің санымен салыстырмалы түрде алғанда биыл кассациялық сот алқасында қаралған қылмыстық істердің саны күрт кеміді.

            Кассациялық тәртіппен негізінен қаралған шағымдарды қараудың нәтижелері келесі мәліметтермен сипатталады.

            Санаттар бойынша алып қарағанда кассациялық тәртібімен қаралған істер: адам өлтіру (ҚК. 96-бап) – 1(бір) адамға қатысты, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК.103-бап) – 1 (бір),  есірткі заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (ҚК.259-бап) – 2, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (ҚК. 308-бап) – 1 адамға қатысты, соның ішінде 1 (бір) әйелге қатысты іс қаралған.

         2010 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді апелляциялық сот алқасында қарау сапасының сәл төмендегені байқалады, өйткені кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша 1 адамға қатысты апелляциялық сот сатысының қаулысының күші жойылған.

            Атап айтқанда,  №2 Ақтөбе қалалық сотының 12 ақпан 2010 жылғы үкімімен Куштаев А.С. ҚР ҚК-нің 101 бабының 1 бөлігімен, 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

            Осы үкіммен Тлеумағамбетов Т.У., Күльниязов Э.Х. ҚР ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыруға, Шайгузов Е.Н. ҚР ҚК-нің 104 бабының 2 бөлігінің «д» тармағымен, 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған (судья Мушатова Б.С.).

            Сот үкімі бойынша, А.Куштаев, Т.Тлеумағамбетов, Е.Шайгузов және Э.Кульниязов 02 мамыр 2010 жылы Ақтөбе қаласы «Хан-Тенгри» мейрамханасының қасында бұзақылық ниетте топ болып, М.Мамбетовты Кульниязов пен Тлеумағамбетов екеуі ұрып соғып денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян  келтірген, ал Куштаев пен Шайгузов А.Алиевті ұрып соққан. Сосын Шайгузов бұзақылық ниетте Алиевті бір рет ұрып жабық түрде сол жақ шықшыты және бас сүйегін жарақаттап, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.

            Осы мезгілде Куштаев, Мамбетовты ұрып жатқан Тлеумағамбетов пен Кульниязовтың қасына келіп Мамбетовты сыртқы жағынан қаусыра құшақтап, күрес әдісін қолдана көтеріп қатты жылдамдықпен оны төменге лақтырған кезде соңғы басымен асфальтқа соғылып бас сүйегі-миына жарақат, бас сүйегінің негізі кесе-көлденең сынған және миының қабыршағына қан кетіп, осы жарақаттар оның өліміне әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылған. 

            Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот алқасының 4 мамыр 2010 жылғы қаулысымен үкімнің сотталған Куштаевқа қатысты бөлігі өзгертілген, оның қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК-нің 101 бабының 1 бөлігінен осы кодекстің 103 бабының 3 бөлігіне қайта сараланып, осы баппен 7 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған. Бірінші саты сотымен ҚР ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен Куштаевқа тағайындалған жаза өзгеріссіз қалдырылған.

            ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша Куштаев түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

            Тлеумағамбетов, Шайгузов және Кульниязовқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған (судья Тулегенов А.Т.).

         Сотталған А.Куштаев кассациялық шағымында апелляциялық сот алқасының қаулысымен келіспейтінін, апелляциялық сот алқасы ҚР ҚІЖК-нің 421 бабының талаптарын бұзып заңсыз қаулы шығарғанын, сотталған мен қорғаушысының уәждерін ескермегенін, айыптау тарабы ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлігі бойынша оның кінәсін дәлелдей алмағанын. Іс бойынша жәбірленуші Мамбетовтың денсаулығына ауыр зиян келтіру мақсатында басымен қатты асфальт бетіне кімнің әдейі есеппен қасақана ұрғаны анықталмағанын, ал өзінің ниеті тек жәбірленуші ұрып-соғуға бағытталғанын көрсеткен.

            Алайда, 23 маусым 2010 жылғы Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысының күші төмендегі негіздермен жойылып, іс сотталған А.Куштаевтың, жәбірленуші А.Мамбетованың апелляциялық шағымдары және прокурордың апелляциялық наразылығын қарау бойынша талқылау сатысынан апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот талқылауына жіберілген.

            Яғни, кассациялық сот алқасының қаулысында апелляциялық саты ҚР ҚІЖК-нің 411 бабы 1 бөлігінің 2 тармағын басшылыққа алғанын.

            Алайда, үкімді өзгерту негіздері ҚР ҚІЖК-нің 421 бабында қаралғанын, онда апелляциялық саты сотының қандай жағдайларда үкімді өзгертуге құқылы екені көзделгенін. Осы заң нормасына сәйкес, сотталғанның жағдайын ауырлатуға апелляциялық сот сатысының құзыреті жоғын.

            Апелляциялық сот сатысы сотталғанның әрекетін ҚР ҚК-нің 101 бабының 1 бөлігінен осы кодекстің 103 бабының 3 бөлігіне қайта саралап Куштаевтың жағдайын ауырлатқанын.

            Бұндай жағдайда, кассациялық алқа сотталған Куштаевтың кассациялық шағымында келтірген уәждерін негізді, өйткені апелляциялық сот сатысы оған қатысты қолдануға жатпайтын заңды қолданып, оның жағдайын негізсіз ауырлатқанын көрсеткен.

            Сонымен, 2010 жылдың 6 айы аралығында кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша бірінші және оған теңестірілген сот сатыларының үкімдері, қаулылары өзгеріссіз қалдырылған. Яғни, бұл жағдай осы сот сатыларында сот төрелігін іске асыру сапасының жақсаруының оң тенденциясын байқатады.

            Тұтастай алғанда, жоғарыда көрсетілген деректер соттардың істерді уақытылы, заңда көзделген мерзімді сақтай отырып қарайтындарын және жаза тағайындау тәжірибесінде сотталғандарға жазаны жасалған қылмыстарының ауырлығына, қоғамға қауіптілігіне, сотталғандардың жеке бастарына сәйкес тағайындайтынын айғақтайды.

            Сонымен қатар, материалдық және процессуалдық заң нормаларын қолдану кезінде әлі де кемшіліктерге жол берілуде. Осы мән-жайлар өз кезегінде соттардың қызметінің тиімділігін кемітетінін, сондықтан, алдағы уақытта осындай кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қабылдау қажет.

 

            5. Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысы туралы

Ақтөбе облысының соттарымен ағымды жылдың жартыжылдығында 5781 әкімшілік іс қаралып аяқталған, 2009 жылдың көрсетілген мерзімінде 5966 іс аяқталған, яғни қаралған істің саны 3,1% азайғандығын көрсетеді.

Қаралмай қалған істің қалдығы 164, 2009 жылы көрсетілген мерзімінде 62.

Жалпы қаралып аяқталған істерден 318 іс өндірістен қысқартылған (өткен жылы 313 іс), ҚР ӘҚБтК-нің 708, 709 баптары бойынша облыс соттарымен 11356 қаулы шығарылған, былтырғы жылы сот актілерін еріксіз орындауға қатысты 11330 материал қаралған.

Әкімшілік істер қарау жүктемесі Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жатады. Ағымды жартыжылдықта 3458 іс қаралып аяқталған, яғни барлық облыс соттарымен қараған істердің 50% астам мөлшерін құрайды.

Есеп мерзімінде салынған айып соммасы 28081306 теңге құрайды, соның ішінен мемлекет пайдасына 175і5324 теңге өз еркімен төленген, немесе жалпы соманың 62%.

            Соттармен әкімшілік істерді қарау мерзімі бұзылмаған.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қадағалау алқасының жұмыс жасауы тоқтатылғандықтан әкімшілік істер бойынша сот қаулылары тек қана апелляциялық тәртіпте қаралады.

Есеп мерзімінде апелляциялық тәртіппен 135 әкімшілік іс түскен, былтырғы жылға қарағанда (128 іс) 3 іске немесе 2,3%-ке көбейген. Осыған орай апелляциялық сатымен қаралып аяқталған әкімшілік істер саны көбейген, 122 -116-ке қарсы.

Апелляциялық тәртіпте қаралған істердің (былтырғы жылы 93 қаулы немесе 80%), 2010 жылдың есеп мерзімінде 108 немесе 88% сот қаулысы заңды және нақты деп танылған.

Сонымен, статистикалық көрсеткіштерге қарағанда облыс соттарымен есеп мерзімінде әкімшілік істерді қарау сапасы жақсарғанын көрсетеді.

Бірақ та, ағымды жылда кейбір соттар заң бұзушылыққа жол берген, нәтижесінде сот актілерінің апелляциялык тәртіпте бұзылуына немесе өзгертілуіне әкеліп соқтырған.

Жалпы, апелляциялық тәртіппен жергілікті соттардың 5 қаулысы бұзылған, (жалпы қаралып, аяқталған істің 0,08%), 9 қаулы өзгертілген, 0,1% шығарылған қаулы санына.

Апелляциялық сатымен барлығы 14 қаулы бұзылып, өзгертілген, яғни 10,6% апелляциялық тәртіпте шағымданған немесе 0,2% қаулы шығарумен қаралған істер.

Осы көрсеткіштер былтырғы жылдың есептік мерзімінде төмендегідей құрады: қаралып, қаулы шығарылған істер санынан бүзылған қаулы 4 немесе 0,06%, өзгертілген-19 нсмесе 0,3%, барлық бұзылған және өзгертілген 21 қаулы немесе 0,3% қаралып қаулы шығарылған істер санына.

Сонымен, бұзылған қаулы саны 1 қаулыға артып, өзгертілген қаулылар саны 10 қаулыға азайған.

Қаулының бұзылу санының көбісі Ақтөбе қалалық мамандандырылған экімшілік сотына тиісті; бүзылған қаулы саны-4, өзгертілген-2. Барлығы- 6 немесе 42% жалпы бұзылған немесе өзгертілген қаулылар санынан (Өткен мерзімде 4 өзгертілген және 1 бұзылған немесе 23%).

Сонымен, статистикалық көрсеткіштер есеп мерзімінде көрсетілген сотта сот әділдігін жүзеге асыру сапасы төмендегенін көрсетеді.

Қалған өзгертулер Мүғалжар жәпе Хромтау аудандық соттарына тиесілі, оның ішінде ең көп қаулының өзгертілуі Мүғалжар аудандық сотының судьяларымен жіберілген, яғни 9-дан 5-і немесе 55%. Хромтау аудандық соты 2 сот қаулысының өзгеруіне жол берген.

Жергілікті басқа соттардың сот қаулылары бұзылмаған немесе өзгертілмеген, яғни жалпы аудандық соттарда сот әділдігін жүзеге асыру сапасы жақсарғанын атап өткен жөн.

Зерделеу барысында сот актілерінің бұзылуы немесе өзгертілуі көліктегі әкімшілік бұзушылыққа қатысты істер бойынша жіберілетіні анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабы 1 бөлімі-4 (немесе 37%>), тиісті басқару тәртібіне қол сұққан, ҚР ӘҚБтК-нің 357 бабы 1-1 бөлімі-2 (немесе 25%).

Көліктегі әкімшілік құқық бұзу бойынша облыстық сотпен бірнеше рет жинақтау жүргізілсе де әкімшілік соты судьяларымен істерді қарау барысында қателіктер жэне заң бұзушылықтар жіберілуі орын алуда, нәтижесінде сот актілерінің бұзылуына немесе өзгертілуіне әкеліп соқтыруда.

Мысалы, ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабы 1 бөлімімен С.Ю.Кузнецовқа қатысты қозғалған әкімшілік іс оның құрамында әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамы болмағандықтан өндірістен қысқартылған.

Сот өзінің қабылдаған шешімін нақтылау үшін іс бойынша екінші зардап шеккен автомашина көлігінің иесі «Автопарк» ЖШС-не материалдық залал келтірілгенге жеткілікті айғақ жоқтығын көрсеткен.

ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабы 1 бөлімінің диспазициясына сай жауапкершілікке тарту үшін көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін көлік құралдарының, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтірілуі қажет.

Алайда, апелляциялық тәртіпте істі қарау барысында С.Кузнецовтың кінәсінен жол апаты кесірінен, ЖШС-ға материалдық залал келтірілгені анықталды, яғни оның иеліндегі автокөлік соққы алғандығы анықталып, дәлелденді.

Келтірілген айғақтар куә жауаптарымен, сонымен қатар «Автопарк» ЖШС берген анықтамамен расталды, осы жағдайлар бірінші сатыдағы сотта жан жақты зерделмеген.

Көрсетілген маңызды заң бұзушылық сот қаулысының бұзылып жаңа шешім қабылдауға әрекет етті, құқықбұзушы С.Кузнецов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

Апелляциялық сатымен ҚР ӘҚБтК-нің 648,649 баптарының тәртібін және басқа да материалдық заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 8 тармағымен заңсыз жауапкершілікке тартылған М.Уликпановқа қатысты 11 мамыр 2010 шығарылған қаулы бұзылып, іс өндірістен қысқартылды. Апелляциялық тәртіпте қарау барысында әкімшілік жауапкершілікке басқа адам- нақты құқықбұзушының ағасы тартылғаны анықталды.

Материалдық заңнаманы дұрыс қолданбағаны үшін аппеляциялық тәртіппен Мұғалжар аудандық сотының ҚР ӘҚБтК-нің 213 бабы 1 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған Э.П.Джангабаеваға, ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлімімен М.К.Жалгасбаевқа, ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабы 1 бөлімімен Б.Кенжалиевқа қатысты қаулылар өзгертілді.

Көрсетілген істер бойынша сотпеп құқықбұзушыларға аталған баптар санкциясында көрсетілмеген жазалар қолданылған, сол себепті апелляциялық сатымен заң талабына сай сот қаулалары тиісті тұрғыға келтірілді.

 

6. Тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысы жөнінде

            «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьялар статусы» Конституциялық заңының талабына сәйкес 2006 ж. 11 желтоқсандағы өзгерістермен және республикалық және облыстық тәртіптік біліктік алқа судьяларының ережелерімен есептік кезенде алқа қызметі жұзеге асырылды, бес алқа мүшелері құрамында: Т.А.Кожина, Г.Т.Байтұрсынова, А.Ж.Балмұқанов, Р.К.Жанысбаев, М.Т.Қосымбетов.

            Әр тоқсан сайын алқа жұмысы жөнінде облыстық соттың пленарлық отырысында есеп береді.

            2010 жжылдың І-жартыжылдық есеп кезеңінде облыстық тәртіптік-біліктік алқасына барлығы тәртіптік өндіріс қозғауға 9 ұсыныс түсті. (2009 ж. – 9 ұсыныс 7 судьяға)

            Барлық 9 ұсыныс облыстық сот төрағасымен жолданған (2009 ж. – 9 ұсыныс, 6 ұсыныс облыстық сот төрағасымен және 3 аудандық сот төрағалырымен)

            Сонымен 2010 жылдың І-жартыжылдығында түскен ұсыныстар саны салыстырмалы 2009 жылғы ұсыныстарға сәйкес келеді.

            Есептік кезеңде түскен 6 судьяға қатысты 7 ұсыныс, соның ішінен Ақтөбе қалалық сот судьясы М.А.Алимановаға қатысты 2 ұсыныс біріктіріліп бір тәртіптік өндіріс қозғалды. Барлығы 6 тәртіптік өндіріс келесі судьяларға қатысты қозғалды:

            Облыстық сот судьясы Төлегенов А.Т.

            Қалалық сот судьясы Алиманова М.А.

            №2 қалалық сот судьясы Тлепова Г.А.

            №2 қалалық сот судьясы Мушатова Б.С.

            МАЭС судьясы Жүсіпбекова Б.Б.

            Облыстық сот төрағасымен Е.М.Сарсеновке қатысты ұсыныс кері қайтарып алында. Судья А.Бижановаға қатысты 1 ұсыныс 2010 жылдың ІІ-жартыжылдығына өтті. 

            2009 жылдың І-жартыжылдығында түскен 9 ұсыныстың 6-сы қаралды, оның ішінде 4 судьяға қатысты ұсыныс бойынша тәртіптік өндіріс қозғалды. Облыстық сот төрағасы судья Ж.Т.Бекаристановқа қатысты 1 ұсынысты кері қайтарып алды, 2 ұсыныс 2009 жылдың ІІ-жартыжылдығына қалдық болып өтті.

            Тәртіптік өндіріс қозғау туралы ұсыныстардың негізгі себебі облыстық сот алқаларының жеке қаулылары болып табады. Тәртіптік өндіріс материалдардың барлығы судьялардың қатысуымен қаралады, алқа отырысына қатысудан бас тартқан судьялар болған жоқ.

            Тәртіптік-біліктілік алқасының отырыстарында облыстық сот төрағасы өкілдері ретінде алқа төрағалары  Е.Ж.Айтжанов пен Р.С.Хайруллин қатысады.

            2010 жылдың І-жартыжылдығында 2008-2009 жылдарда орталық мемлекеттік органдардың басшыларының өтініштерімен тәртіптік істер қозғалған жоқ.         

            2010 жылдың І-жартыжылдығында 6 судьяға қатысты тәртіптік іс қозғалып, барлығы қаралы, 5 судьяаға тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды, соның ішінде

            А.Т.Төлегенов облыстық сот судьясы - ескерту, шешім 02.02.10ж.

            Г.А.Тлепова №2 қалалық сот судьясы – сөгіс, шешім 02.02.10ж.

            М.А.Алиманова қалалық сот судьясы – сөгіс, шешім 26.03.10ж.

            Б.С.Мушатова №2 қалалық сот судьясы – ескерту, шешім 09.04.10ж.

            М.К.Есбай Мұғалжар ауданың судьясы – сөгіс, шешім 04.06.10ж.

            2009 жылдың І-жартыжылдығында 4 судьяға қатысты 4 тәртіптік іс қозғалды. Оның ішінде 3 іс бойынша ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылған.

            Сонымен қатар 2010 жылдың І-жартыжылдығында қозғалған тәртіп өндірістер саны 2009 ж. есеп кезеңімен салыстырғанда 2 есе көбейді.

            Тәртіптік жауапкершілігіне тартылған судьялардың саны 2009 ж. салыстырғанда 2 есе көбейді.

             «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 39 б. 1 т. көрсетілген азаматтық істерді қарау кезінде заң бұзушылыққа байланысты 4 тәртіптік өндіріс қозғалған, 1-уі еңбек тәртібін өрескел бұзу фактісімен.

            Судьяларға салынған тәртіптік жаза тұрлері:

            2010 жылдың І-жартыжылдығында 2 тәртіптік жаза ескерту тұрінде және 3 сөгіс.

            2009 жылдың І-жартыжылдығында барлығы – 3 тәртіптік жаза ескерту тұрінде.

Тәртіптік жаза  қолдану барысында алқамен оның мазмұнына, ауырлығымен  жасалған қылмыс түріне, қылмыс жасаған тұлғанының бұрынғы іс әрекеті, сот төрелігін жүзеге асырудағы судьяның көрсеткіші, мінездемесі және басқа да судьяны мінездейтін деректер жинақталады.

            2010 жылдың І-жартыжылдығында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы А.Думованың арызы қаралды.

«ҚР сот жүйесі және судяьлар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 45 бабының 2 бөлімі, сондай-ақ  «Судьялардың Республикалық және облыстық тәртіптік біліктілік алқасы» жөніндегі Ережесінің 42 тармағының талаптарына  сәйкес судьяның мінсіз  мінезі мен жұмысының оң нәтижесі,  жақсы мінездемесі және облыстық сот төрағасы өкілінің  пікірлерлері ескеріле отырып судья А.Думованың арызы қанағаттандырылды.

            25.05.2010 жылғы алқа шешімімен  26.09.09 жылы салынған ескерту түріндегі  тәртіптік жаза  мерзімінен бұрын алынып тасталынды.

            2009 ж. 1-ші жартыжылдығында мерзімінен бұрын тәртіптік жазаны алу туралы 2 аудандық сот төрағаларының  арызы қанағаттандырылды. (Байғанин аудандық сотының төрағасы Ш.Жәмиев, Ж.Олжаш – Алға аудандық сотының төрағасы)

            Есеп кезеңінде судья Г.Сулейменованың орнынан түсу құқығын дәлелдеуді сураған арызы қаралып, мінсіз беделі, сот жүйесіндегі стажы. ескеріліп 38 б. сәйкес  тәртіптік алқа оң қорытынды берді.

            2009 ж. 1-ші жартыжылдығында судья Л.Лемашованың орнынан түсу құқығын дәлелдеу туралы арызы қаралып оң қорытынды берілді.

            Судьяларға 2010 жылдың І-жартыжылдығына аудандық және облыстық сот судьяларына кезекті біліктілік сыныптарын беру жөнінде ҚР судьяларына біліктілік сыныптарын беру туралы ережесіне сәйкес,  және 26.06.2001 жылғы ҚР  Жарлығы негізінде  20 ұсыныс қаралды (2009-7).

            2010 жылдың І-жартыжылдығында келесі шаралар орындалды:

            Облыстық судьялар қорытынды Жалпы отырысында 2009 ж. алқа жұмысының қорытындысы шығарылды, алқа жұмысы туралы ақпарат барлық соттарға мәлімет үшін жолданды.

            2010 жылдың І-тоқсандағы алқа жұмысы туралы жинақтау барлық соттарға жіберілді.

            Алқа жұмысы туралы жоспарға сәйкес 2008 ж. салыстырмалы 2009 ж. тәртіптік жаза қолданудың тиімділігі, нәтижелігі зерделенді.

            Жаңадан тағайындалған судьялармен турақты түрде жағымсыз әрекет, теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілігіне тартылатынын туралы түсініктеме жұмыстары жүргізіледі.

            Тәжірибеден өткен, судьяға кандидаттардың Конституциялық заң нормаларын, және судьялар әдебі кодексі, судьялардың тәртіптік жауапкершілігін реттейтін сұрақтар туралы білім деңгейлері тексерілді. 

 

7. Судьялар әдебі жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы

2010 жылдың бірінші жартжылдығында судьялар Одағының  филиалының сот әдептілік комиссиясына 12 шағым  және арыздар түскен, бүл дерек былтырғы жылдың есеп мерзімімен тең. Бір арыз өткен жылдың кқалдығы. Сонымен, облыс судьяларына келіп түскен  13 арыз қаралған.

Қарау нәтижесінде  сот әдептілігін бұзған жөнінде екі арыз расталған, ол барлық қаралған арыздардың 15,4 пайызын құрайды.

Ал, 2009 жылы  – 3  арыз өз негізін тапқан, немесе 15,4 пайызын құрайды.

Есеп беру мезгілінде 9 арыз азаматтық істер бойынша  жақтардан және олардың өкілдерінен , 1- сотталғаннан, 2 арыз Жоғарғы Соттан түскен.

Қаралғандардың ішінен екеуі қайталама арыздар: Алға сотының судьясы Ж. Сұлтановаға  сотталған Мендығалиевтың арызы және азаматтық іс бойынша жауапкерлер Изотова, Шашурина  қалалық сот судьясы Батырхановтың іс-әрекеттеріне шағымданған.

Арыздарды қарау нәтижесінде  сот әдептілік комиссиясысың ережесіның 4.7 бабына сай екі судьяға  талқылаумен шектелген.

Талапкер Шашуринаның жауапкер Шашуринаға, Изотоваға, нотариус Нурмагамбетоваға сыйға-тарту шартын жарамсыз деп тану жөніндегі азаматтық ісін қарау барысында  Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Н. Тәжікенованың тарапынан әуресарсаңдыққа жол  берілген. 2009 жылдың 03 қарашасынан бастап аталмыш іс осы судьяның өндірісінде болған, кейін еңбек демалысына шығуына байланысты 2010 жылғы 08 ақпанда азаматтық іс судья Батырхановқа берілген.15 ақпанда жақтардың екінші қайтара келмеген себебінен іс қараусыз қалдыралған. Содан кейін, 2010 жылдың 25 наурызында, апелляциялық шағым беру мерзімін бұзып, іс Шашурина мен Изотованың жеке шағымы бойынша облыстық сотқа түскен. Осы дерек бойынша 2010 жылғы 19 наурызда  сот әдептілік комиссиясы іс қарау барысында әуресарсандыққа судья тарапынан жол берілгендігін анықтаған.

Алайда, судьялар бұрын соңды жауапқа тартылмағанын және жұмыс жүктемесін  ескере отырып, комиссия талқылаумен шектелген.

Азаматтық істер бойынша судьялар әрекеттеріне келіп түскен жақтардан және олардың өкілдерінің арыздары комиссия мүшелерімен істерді оқып, зерделеп тексерістігі жүргізілген, судьялардан түсініктеме алынатыны басты жолға қойылған..

Жоғарғы Соттан « Пригородные перевозки» АҚ-ның президенті Б.С. Суннатова өз арызында  судья С.О. Дарикулованың сот әдептілік нормаларын бұзды деген дәйек келтірген. Істі алдыра отырып тексеріс жүргізіліп, судья Дарикуловадан, іске қатысушы прокурордан, куә Умбетовтен тиісті түсініктемелер алынып, нәтижесінде іс бойынша азаматтық процессуалдық заңнамасының нормалары, сот ісіне қатысушылардың құқықтары және заңды мүдделері сақталғандығы анықталады. 2010 жылдың 08 ақпандағы Шалқар аудындық сотының шешімімен талап қанағаттандырылған. Заңсыз жұмыстан шығару жөніндегі ЖШС-нің бұйрығы бұзылып, талапкер бұрынғы жолсерік мамандығына жұмысқа қайта алынсын және мәжбүрлеу жұмысқа келмеу уақытындағы айлығын төленсін деп шешілген. Апелляциялық сатыда іс өзгеріссіз қалдырылған, жауапкердың шағымы қанағаттандырылмаған.

Комиссияға түскен барлық шағымдар белгілінген мерзімде қаралып, қарау нәтижесін жөнінде  уақытылы  өтініш берушілерге хабарламалар жолданылып отыруда.

 

8.Ақтөбе облысы судьяларының іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың арыздануы

2010 жылдың 1 жартыжылдығында  Ақтөбе облыстық сотына 74 азаматтар мен және заңды тұлғалардан шағым- арыздар түскен.

            Барлық түскен шағымдардың саны 75 (оның ішінде есептік кезеңге қалдық  ретінде түскен). Оның ішінде: қайталап түскен 2 шағым,  бір типті арыз-2, ал 23           арыз бойынша арызданушыларға түсінік берілді. 29 арыз  құзыретті органдарға шешу үшін берілді, оның ішінде 6 шағым Судьялар Одағының Ақтөбе филиалы жанындағы   судьялар этикасы комиссиясына, 17 шағым алқаларға қатысты, 6 арыз Соттар әкімшісіне жолданды.

2009 жылдың салыстырмалы кезеңінен ағымдағы жылда шағым- арыздың түсу саны 18 арызға, болмаса 19% төмендеді.

Бұл шағым арыздар судьялардың процессуалдық заңдар мен судьялық этика талаптарын сақтау есебінен төмендеп отыр. Бұл көрсеткіштің жоғарлау себебі, жүктемелер жоғары соттарда (Ақтөбе қалалық соты, №2 Ақтөбе қалалық соты, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты) сот мәжілістерінің өту барысын  бақылау мақсатында қондырылған  «үн-бейне жазба құрылғы» бағдарламалары есебімен. Себебі, бұл бағдарламада облыстық сот төрағасының  кабинетінен және оқу орталығы арқылы соттардағы сот мәжілісінің өту барысын нақтылы уақыттарымен бақылап отыруға мүмкіндігі қарастырылған.

5 шағым келесі  есептік кезеңге қалдық есебінде қалдырылған.

Барлық түскен  шағым  есебінен ҚР Жоғарғы Соты жанынан Облыстық сотқа 8 шағым түскен (оның 3-і аз. Г.Сұлтанованың Ақтөбе облысы бойыншав ІІД-не  қатысты берген арызы бойынша), ал 2009 жылдың салыстырмалы кезеңінде 9 шағым түскен.

Сонымен қатар, 29 шағым  Қазақстан Республикасы Президентінің  «тікілей эфирінен» түскен. Барлық шағым бойынша аналитикалық жазба ретімен ҚР жоғарғы сотымен жааптары жіберілген.

 Жеке және заңды тұлғаладан түкен тапсырыс, болмаса сот қызметкерлерінің үстінен түскен шағым арыз облыстық соттың кеңсе меңгерушісімен  қаралады болмаса СОттар әкімшісінің  қарауына жіберіледі.

Судьлардың  іс- әрекеттеріне қатысты түскен шағым арыздар,  шағымның түріне қарап облыстық соттың судьяларына шешу үшін болмаса судьялар этикасы комиссиясына  қаралуға жіберіледе. Егер де облыстық сот төрағасының ұсынысы болған жағдайда тәртіптілік-біліктілік комиссиясының қаралуына жолданады.

Түскен шағымдардың негізгі деректері  заң талаптарының сақталмауына қатысты болып келеді, себебі көп жағдайда арызданушы  шығарылған сот шешімдерімен өздерінің келіспейтіндігін айтып көрсетеді. Бұндай жағдайда 17 арыз бойынша облыстық сот судьяларымен арызданушыларға тиісті заң талаптары түсіндірілді.

Өз кезегінде 6 арыз судья-  этикасы нормаларына қатысты келтірілген.Осы арыздарды қарау нәтижесінде судья-этикасы комиссиясымен 2 судьяға қатысты  талдаумен шектелу жөнінде қаулы шығарылды.

Есептік мерзімде Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қабылдауында 317 азамат болған. Оның ішінде   214 –і шығарылған сот актілерімен келіспеулері бойынша, 91 –і сот шешімдерінің орындалмауына байланысты және 12-і басқа сұрақтарға қатысты.

Ал, 2009 жылдың осы мерзімінде төрағаның жеке қабылдауында 217 азамат болған, оның 153-і сот актілеріне қатысты, 64 басқа сұрақтарға байланысты мәселелер.

Қабылдауда болған азаматтарға сот актілеріне шағым келтіру және қажетті  басқа да бағыт бағдарлар түсіндірілді.

Есеп мерзімінде келіп түскен арыз-шағымдар заңда көрсетілген мерзім ішінде қаралып, арызданушыларға тиісті жауаптар қайтарылған.

 

9. Оқу-ақпараттық орталығы атқарған жұмысы туралы    

            Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы облыстық сот төрағасының 2007 жылғы 17 сәуірдегі өкімімен 2007 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бекіткен облыстық оқу орталығы облыстық және оларға теңестірілген соттар туралы үлгі ережесі негізінде құрылған және үш жыл бойы жұмыс жасап келеді.

            Оқу орталығының құрамына облыстық сот судьялары, орталық басшысы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі А.С.Жакупова, азаматтық істер жөніндегі модератор – З.А.Үргенішбаева, қылмыстық істер жөніндегі  модератор - Г.Т.Байтұрсынова, әкімшілік істер жөніндегі модератор - Б.О.Өмірбаева, техникалық көмек жүргізетін маман - Г.Ақмолдина қосылған.

            Ережеде қаралған қызметі мен міндеті оқу орталығына жүктелген, 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31 мамырға дейінгі оқу орталығының нақты жоспары құрылған,сонымен қатар,білім беру бағдарламасының жоспары бойынша облыс соттарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру азаматтық құқық және іс жүргізу, қылмыстық құқық және іс жүргізу, әкімшілік құқық және іс жүргізу секциялары бойынша құрылған.

            Оқу  бағдарламасының модераторлары жоспарланған іс-шараларды орындау мақсатында семинарлық сабақтар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары өткізілді.

            Білім беру бағдарламасы бойынша талдау жұмыстары өткізілген, семинарлық және басқа да сабақтардан жүргізілген хаттамалардан 2010 жылғы жарты жылдыққа жоспарланған іс-шаралардығ толық орындалғанын көрсетті.

            Білім беру бағдарламасымен оқу сабақтарын күнтізбелік айдың әр бейсенбісінде жүргізуге бекітілген.

             2010 жылдың І-жартыжылдығында өткізілген семинарлық сабақтар мен дәрістер жүргізілген, азаматтық істерді қарайтын судьяларға мына тақырыптар бойынша: мүлікті тәркілеуден босату жөніндегі өтінішті сот тәжірбиесінде қарау туралы, жер заңнамаларын қабылдау сұрақтары бойынша, келтірілген залалды өтеу туралы заңнаманы қолдану бойынша, жер қойнау қазынасын пайдалану туралы заңнаманы пайдалану жөніндегі проблемалы сұрақтар турасында, шешімдерді даулау және мемлекет билік органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестік, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және мемлекеттік қызметкерлер және т.б. қатысты істерді қарау сот тәжірбиесі төңірегінде;

            Қылмыстық істерді қарайтын судьяларға – автокөлік қылмыстары жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірбиесі туралы, соттардың сотталушыларды мерзімімнен бұрын босатуы мен жазаның өтелмеген бөлігін алмастыру жөніндегі сұрақтарды қарастыру тәжірбиесі туралы алқа билердің қатысуымен сот төрелігін жіберу кезінде туындаған  проблемалы сұрақтар төңірегінде, жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар бойынша сот тәжірбиесі туралы, жалған кәсіпкерлік пен салық төлеуден жалтаруға және т.б. қатысты қылмыстық істерді қараукезінде туындайтын сұрақтар төңірегінде; әкімшілік істерді қараушы судьяларға – жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершіліктері жөніндегі сұрақтар бойынша, жеек меншікке қол сұғушылықө әкімшілік тәртіп бұзушылдық жөнінде, әкімшілік жауапкершіліктен және әкімшілік жазадан босату жөнінде, жеке жаза орындау тәртібі жөнінде оның ішінде айыппұл мәселесі туралы сұрақтар бойынша;

            Алғашқы жартыжылдықта жеке жоспар бойынша облыстық сот төрағасымен, алқа төрағаларымен облыстық сот судьяларымен сот тәжірбиесінде қолданылатын хұқықтың түрлі салалары бойынша 34 лекция оқылды.

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы жөніндегі» Қазақстан Республикасының заңының жеке ережелерін қолдану бойынша банктік мекеме басшылары, «Атамекен» қоры, облыстық прокуратура, бірқатар қала кәсіпорындарының қатысуымен банктік несие бойынша (жалғыз мүлік) кепілдегі мүлікті өндіріп алу өтініші бойынша, зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану бойынша, аймақтық сараптама сарапшыларының қатысуымен келтірілген ДТП, облыс және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлік қызметте ҚР заңнамасын қолдану проблемалы сұрақтары бойынша; заң қорғау және салық органдары басшыларының қатысуымен 2009 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы негізінде жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолдану сұрақтары бойынша;

            Сонымен қатар, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру негізінде 2010 жылдың 1 жарты жылдық білім беру бағдарламасының жоспарына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ұсынған тақырыптары кірістірілген.

            Оқу орталығының жұмыс жоспары бойынша Ақтөбе қаласындағы соттар судьяларының қатысуымен қылмыстық, азаматтық әкімшілік хұқыққта қолданылытын актуальды сұрақтар бойынша сеиминарлар тұрақты өткізіліп тұрады.

            2010 жыллдың 25 маусымына Ақтөбе облысы сот корпусында 19 жас судья жұмыс жасауда.

            Жалпы (113) облыс судьяларының санынан 3 жылдық өтілі бар судьялар 16,8% (19) құрайды.

            Кепілдемеге сәйкес алғаш тағайындалған судьяларға  судьялық қызметке бейімделу кезеңінде іс жүзінде көмек көрсету бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының  төрағасының 20.06.2005 жылғы бекітілген №14 өкімімен,2005-2007 жылдардағы жас судьяларға судьялық қызметте кәсіби дайындық пен тәжірбие жинауда  көмек көрсету бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 12.09.2005 жылғы бекітілген өкімімен, облыстық сотпен жас судьяларға судьялық қызметте кәсіби дайындық пен тәжірбие жинау, біліктілігін арттыру да көмек көрсету бойынша түрлі іс-шаралар жасалды.

            Осы жоспардың орындалуы негізі облыстық сот пленараралық отырысында талқылынып,облыс соттарында тәлімгерлікті ұйымдастыру сұрақтары қойылды,сол жерде тәлімгерлер анықталып,жас судьялармен жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалынды.

            Қайта тағайындалған судьялардың сот төрелігіне жіберілген жұмыстарының сапасы облыстық сотымен тұрақты зерделеніп отырады, оның қорытындысы   облыстық сотының пленараралық отырысында талқылыанады,олармен  сот процессін жүргізуде іс жзүзінде тәжірбие жинау мақсатында тұрақты түрде модельдік процесстер өткізіліп отырады.

            Облыстық сот судьялары мен ұйымдастыру-аналиткалық топ мамандарымен аудандық соттардың сот төралығына жөнелткен жұмыстарының сапасын арттыру, сот жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою төңірегінде жеке жоспар бойынша белгілі жұмыс атқарылады.

            Олардың жұмыстарының қорытындысы облыстық сотының пленараралық отырысында талқылыанды.

            Қайта тағайындалған судьяларға жұмыс тәжірбиесін игеру үшін семинарлық сабақтарды өткізу кезінде азаматтық,қылмыстық, әкімшілік істер бойынша жеке тақырыптар жоспарланған.

            2009 жылғы 6 айдың ішінде 9 семинарлық сабақтар өткізіліп,оған Ақтөбе қаласының жас судьялары белсенді қатысқан.

            Облыстың сараптама мекемесі басшыларымен Ақтөбе қаласының 9 жаңа тағайындалған судьялары дөңгелек үстел жұмыстарына қатысты.

            Әр жас судьяларға тәжірбиелі судьялар ішінен тәлімгерлер тағайындалған, олардың  жұмыстары іс жүзінде көмек крсетуге жоспарланған.

            Кепілдеменің ескерілуімен, алғаш  тағайындалған судьяларға істерді бөлу кезінде, бөлінген істердің ауырлығы мен санаты ескеріледі.

            Аймақтық оқу орталығы аудандық соттар мен оларға тенңестірілген соттарддың өтілден өтуі бойынша 2010 жылдың І-жартыжылдық жоспарын құрды, оның қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) соттарынан 4 судья Е.М.Сарсенов, А.М.Жүсіпов, Б.Е.Батырханов, И.А.Буйваренко облыстық сотта тағылымдамадан өтті.

             Өндірістік қажеттіліктерге байланысты екі судьяның тағылымдамадан өтуі екінші жарты жылдыққа ауыстырылды, сонымен бірге, жұмыс көрсеткішінің қорытындысына қарай жас судьялардың тағылымдамадан өтуі жоспарланып отыр.

            2010 жылғы І-жартыжылдықта қаралған өндіріспен аяқталған азаматтық және қылмыстық істердің   талдауы сотқа  жеңіл істер түсіп жатқандығын көрсетті, сондықтан сот істерін қараудағы ауыртпалықтар болмашы ғана, бұл дегеніміз сотқа түскен кезеңінен келіп жатқан  материалдарды мұқият әрі терең қарауға мүмкіндік береді.

            2010 жылғы І-жартыжылдығанда  азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот төрелігіне жөнелту жұмыстарын тиісті дәрежеде және сапалы ұйымдастыру мақсатында облыстық соттың  аймақтық судьяларымен қайта тағайындалған облыстық сот судьяларының жұмыстарына  бақылау жасалып отырады.

            Мәні бойынша қаралған азаматтық және қылмыстық істерді зерделеу болмашы ауыртпалықтарға қарамастан, бұрынғысынша істі сот талқылауына дайындауға,сот процессін ұйымдастыруға, процессуальдық құжаттарды,сот отырысның хаттамасын  сапалы және жедел құруға уақыт жеткіліксіз екндігін көрсетті. Дәйектемелерді дұрыс зерттемегендіктен жіберілген қателіктер салдарынан,істі дұрыс қарауда, материальдық заңды дұрыс қолданбауда және қорытындысының сәйкессіздігіне әсер етеді, бұл жағдайлар шешім мен  үкімнің  күшін жоюға, жаңа сот қарауына жіберуге, немесе азаматтық істер, істер бойынша жаңа шешім шығаруға әкелді.

            Жаңа тағайындалған судьялардың кәсіпқойлығын арттыру үшін, облыстық соттың жұмыс жоспары негізінде  уақытын басқару мен жұмыс күнін жоспарлау бойынша Әдістемелік кепілдеме жасалынды.

            Жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында жаңа тағайындалған судьялармен азаматтық және қылмыстық істерді процессуальдық үлгі заңындағы шарттарды қатаң сақтай отырып уақытылы және дұрыс қарау, шешу міндеттерін орындау үшін қосымша үйретуші семинар сабақтарын жүргізу жоспарланып отыр.

            Жас судьялармен коллегия тематикасын ұтымды меңгеру мақсатында 5 модельдік процесстер өткізілді, оқу орталығы арқылы түсіп отыратын процессуальдық және материальдық заңдарды қолданудатуындайтын қиыншылықтар кезінде, бейімделу кезеңінде судьяларға көмек ретінде сұрақ – жауап түріндегі консультациялық көмек еңгізілді.

            Судьялардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарын өз бетінше ұйымдастыру мақсатында оларды оқытуға есепті кезеңнің дара жоспары құрылды.

            ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында судьялар Г.Ж.Сүлейменова, Б.С.Мушатова, Ж.А. Қонаева, Н.Т.Сатыбалдина, Е.Ж.Махметов, М.С.Мұхамбетқалиев, С.З.Танимова, Ж.К.Алишева, Е.М.Сәрсенов, Г.А,Тлепова, Ш.Ж.Жамиев курста оқыды.

            Көрсетілген кезең уақытында облыстық сот Оқу орталығы дәріс, семинар түрінде, көрсеткіш оқу процесстерімен практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізді.

2007 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының оқу орталықтары және оларға теңестірілген соттар жөніндегі типтік ережесінде көрсетілген жұмыс түрлері мен қатар ипнтерактивті әдістемені техникалық құралдарды пайдалану қарастырылған.

            2009 жыллдың шілде айынан бастап,облыстық сот төрағасының бастамасымен эксплуатацияға облыстық соттың жаңа корпусына тапсырыс берілуіне байланысты, Оқу орталығын орналастыруғакөрнекі жәрдемақы пайдалану мен, оқу процессіне жаңа білім беру және ақпараттық технологиялар еңгізумен, судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және дайындау сұрақтары бойынша, сонымен қатар, оқу орталығының жұмыстарына видеожазба жүргізумен  арнайы пайдалы алаң бөлінді.

            Облыстың аудандық сот судьяларын оқытуда дистанциондық оқуды пайдалануға техникалық мүмкіндіктердің жоқтығы мүмкіндік бермей отыр.

            Облыстық соттың оқу орталығы жасалған жаңа жағдайлар оқу орталығына сот төрелігіне жөнелтілген іс-өндірістері мен жұмыстарды тиісті дәрежеде ұйымдастыру,сапасын жақсарту мақсатында сот білім беруін үздіксіз жүргізуге жағдайды қамтамасыз ету бойынша жүктелген  көлемді шеңбердегі міндеттерді орындауда сәтті әрі сапалы оң нәтижелерге жеткізеді деген ойда.

 

            10. Кадр резервін қалыптастыру жұмысы туралы

Кадр резервін қалыптастыру мақсатында облыстық сот төрағасының  «Кадрлар резерві жөніндегі комиссиясын құру туралы» 24.01.2008 жылғы №24 санды және «Өкімге өзгеріс енгізу туралы» 18.06.2009 жылғы №114 өкімдерінің күші жойылып, 2010 жылдың 10 ақпанындағы №23 өкімі шығарылып, жаңа комиссия құрамы бекітілінді.

Қазіргі  комиссия келесі құрамда жұмыс жасайды:

           Комиссия төрағасы – облыстық сот судья Б.Қ.Сабыров, комиссия мүшелері–судьялар Ә.М.Шәненов, Н.О.Сисенова, А.С.Құлбосынова, комиссия хатшысы Г.Ғ.Жаңабаева                                                                                                                                                                                                                            

Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2010 жылдың 15 маусымдағы №147 өкімімен бекітілген «ҚР жергілікті соттарының төрағалары мен алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадрлар резерві туралы» Ережеге сай жүзеге асырады.

Кадрлар резервін қалыптастыру бойынша жұмысты сараптай келе басшылық лауазымға үміткерлерді таңдау барысында комиссия біріншіден судьяның кәсіптік, теориялық дайындығына, ұйымдастырушылық қабілетіне, жұмыс көрсеткіштеріне, судьяның әдеп талаптарын ұстана білуі сияқты жайттарға баса назар аударады. Сонымен қатар, кадр резервіне енгізу туралы мәселені қарау барысында судьяның сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, іс әрекетіне түскен шағымдар, судьяға қатысты шығарылған жеке қаулылар және т.б. да мәліметтер басшылыққа алынады.

            Кадрлар резервінің жұмысын талдау, қалыптастыру көрсеткіштері бойынша 2010 жылдың 6 айында судьялардан кадрлар резервіне еңгізу туралы 3 арыз келіп түсті.

            2010 жылдың 27 сәуірінде Ақтөбе облыстық сотының судьясы А.Ж. Балмұқановтың және Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н.Т. Сатыбалдинаның аудандық және оған теңестірілген соттар төрағасы қызметіне резервке еңгізу туралы арыздары ҚР жергілікті соттарының төрағалары мен алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадрлар резерві туралы Ережесінің 3-тармағының 16-тармақшасына сәйкес кадрлар комиссиясы, облыстық сотының жалпы отырысының шешімімен еңгізіліп, 2010 жылдың 18 маусымындағы ҚР Жоғарғы Сотының кадрлар резерві жөніндегі Республикалық комиссиясының шешімімен бекітілді.

            Сонымен қатар, 2010 жылдың 22 маусымында Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының судьясы И.Р.Ерназаровтың аудандық және оған теңестірілген соттар төрағасы қызметіне резервке еңгізу туралы арызы ҚР жергілікті соттарының төрағалары мен алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадрлар резерві туралы Ережесінің 3-тармағының 16-тармақшасына сәйкес кадрлар комиссиясы шешімімен енгізіліп, облыстық соттың 2010 жылдың 25 маусымындағы жалпы отырысының қаулысы, Жоғарғы Сотының кадрлар резерві жөніндегі Республикалық комиссиясына жолданды.

            Сонымен қатар, мамандандырылған соттардың төрағалары лауазымына үміткер ретінде енгізілген облыстық соттың судьясы А.Т. Төлегенов  2010 жылдың 2 ақпанында Ақтөбе облыстық судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімімен ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2010 жылдың 7 сәуірінде ҚР жергілікті соттарының төрағалары мен алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадрлар резерві туралы Ережесінің 2-тармағының 20-тармақшасы негізінде Ақтөбе облыстық сотының  кадрлар резерві комиссиясының шешімімен кадрлар резервінен алып тасталынды.

            Қазіргі таңда, комиссия шешімімен кадрлар резервіне 21 судья бекітіліп, енгізілген:

            Облыстық соттың алқа төрағасы лауазымына үміткерлер:

1.      Д.Ә.Әбдәлі–мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы,

2.      А.С.Жақыпова – облыстық соттың судьясы,

3.      А.А.Құрмантаев – Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы,

4.      С.К.Төлегенов – Ақтөбе қалалық сотының төрағасы,

5.      Ә.Ж.Шығамбаев–Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы,

6.      Г.С.Әлімбаева – облыстық соттың судьясы,

7.      Б.О. Өмірбаева– облыстық сот судьясы;

            Мамандандырылған соттардың төрағалары лауазымына үміткерлер  

     1. Ж.Қ.Әлішева – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы,

     2. А.М.Жүсіпов – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы,

     3. Р.Қ.Қостанова – Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы                                                                                                                                                                                                                        

Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына үміткерлер:

1.      Е.К.Қанапиев – облыстық сот судьясы,

2.      А.С.Құлбосынова – облыстық сот судьясы,

3.      Н.Р.Әжіғалиева – Мұғалжар аудандық сотының судьясы,

4.      Н.А.Бақтығалиев – Қарғалы аудандық сотының судьясы,

5.      А.Б.Сабыров – Мұғалжар аудандық сотының судьясы,

6.      А.М.Бисенғали – Байғанин аудандық сотының судьясы,

7.      Б.Б.Жүсіпбекова-Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы,

8.      М.С.Мұхамбетқалиев – Ақтөбе қалалық сотының судьясы,

9.      Ж.С.Төленов – Ақтөбе қалалық сотының судьясы;

10.  А.Ж.Балмұқанов-облыстық сотының судьясы,

11.  Н.Т.Сатыбалдина-Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы

12.  И.Р.Ерназаров-Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының судьясы

           Осы бағытта Ақтөбе облыстық соттың Комиссиясымен 2010 жылдың 6 айында тиісті жұмыстар атқарылды.

Кадр резервіне енгізілген судьяларды оқыту ҚР Жоғарғы Соты мен облыстық соттың жалпы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Резервке енгізілген судьялар республикалық, өңірлік, облыстық семинарларында, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жиі қатысып тұрады.

19 ақпан 2010 жылы облыстық сотта «кадр саясаты –мемлекеттік саясат» деген тақырыпта комиссия төрағасы Б.С. Сабыров лекция оқып, семинарға аудандық, қалалық және облыстық соттың кадр резервінде тұрған судьяларды түгел қатыстырды.

Семинарда кадр резервінде тұрған судьяларға кәзіргі қойылып отырған талаптардың күшейтіліп отырғаны, сол талап деңгейінде болуы керектігі жеткізілді.

Сонымен қатар, бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша резервте тұрған судьялардың жұмыс сапаларына талдау жасау екінші жарты жылдықта жоспарланды.

Жас мөлшері бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- 40 жасқа дейін – 8 үміткер,

- 40 жастан 50 жасқа дейін – 9 үміткер,

- 50 жастан жоғары – 5 үміткер.

Гендерлік құрам бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- ерлер – 13 үміткер,

- әйелдер – 9 үміткер.

Судьялық қызметтегі өтілімі бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- 5 жылға дейін – 3 үміткер,

- 5 жылдан 10 жылға дейін – 11 үміткер,

- 10 жылдан жоғары – 8 үміткер.

 Комиссиямен мәжіліс хаттамаларына, қабылданған шешімдерге, Республикалық комиссияның бақылау тапсырмаларын орындау жөнінде құжаттарға жиынтықтар, сонымен қатар, әр үміткерге жеке жинақтау ісі жүргізіледі.

 

11. Баспасөз қызметінің жұмысы туралы

   Ақтөбе облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы, сот кеңсесі жұмысын ұйымдастырудағы және кадрлар резервімен жұмыс жасауға байланысты 2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында 268 мақала жарық көрді. Оның 166-ы облыстық соттың  баспасөз қызметімен дайындалған.

   Облыс соттарының судьялары мен сот мамандары тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына арналған жадығаттар дайындауға ынтасын атап өтуге болады. Жыл басында әрбір сот судьясының дайындайтын мақаласының тақырыбы бекітіліп, бұл өз кезегінде кейін жүзеге асырылады.

   Мысалға, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметімен 2010 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жоспары бекітіліп, ол жоспармен жұмыс қатаң қолға алынған болатын. 2009 жылдың облыс сот төрелігінің  қорытындыларымен таныстыру, жаңадан тағайындалған алқа төрағалары мен судьяларды таныстыру сияқты шаралар бойынша мақалалар мен бейнесюжеттер «Астана», «Эра ТВ», «Қазақстан», «Рика ТВ», «Қазақстан Ақтөбе» сияқты телеарналар мен «Заң газеті», «Юридическая газета», «Егемен Қазақстан», «Литер», «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» сияқты басылым беттерінен орын алды. Сонымен қатар, «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасындағы «Адам және заң» хабарының тікелей эфирінде 2010 жылдан бастап орын алған республикалық үш буынды сот жүйесі туралы түсініктеме ретіндегі қазақ және орыс тіліндегі 3 бағдарлама болып өтті. Ол хабарлар барысында облыстық соттың кассациялық сот алқасының төрағасы Е.Ж. Айтжанов, облыстық сот судьялары М.Г. Үрістембаева, Г.Т. Байтұрсынова, мамандандырылған экономикалық сот судьясы Ж.М. Мәмбетова  жұртышылықпен тікелей эфирде сұхбаттасып, көпшілікті толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап берді.

            Сонымен қатар облыстық телеарна эфиріндегі «Адам және заң» хабарында облыстық сот судьясы А. Төлегенов ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабымен жауапкершілікке тартылып жатқан алаяқтардың айла-тәсілдері мен олардан қорғану жолдары туралы айтқан болатын.  

   Ақтөбе облысы соттар Әкімшісі тарапынан 2009-шы жылы жүзеге асырылған жұмыс қорытындысы туралы да ақпарат жергілікті барлық баспасөз беттері мен республикалық «Заң газеті», «Юридическая газета», «Литер» сияқты басылым беттерінен жарық көрді.

Республикалық «Заң газеті» басылымында 2010 жылдың 31-наурызында «Сарабдал заңгер еңбегі сарапталды» атты мақалада еліміздің танымал заңгері, қоғам қайраткері болған Н. Шәйкеновтың жалпы мемлекеттің қалыптасуына қосқан елеулі үлесі туралы сөз қозғалды. Бұл мақалада Н. Шәйкеновтың өмірі мен қызметі туралы ұйымдастырылған семинар барысындағы облыстық сот төрағасы Б. Бекназаровтың аталмыш тұлғаның Қазақстанның Конституциясына, құқықтық жүйесіне қосқан елеулі үлесі туралы баяндамасынан үзінділер жарияланған. Ағымдағы жылдың 14-сәуірінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Сот ашықтығы - уақыт талабы» атты мақалада облыстық сот төрағасы өз басқаратын облыстық сот жүйесіндегі соңғы өзгерістер, тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің әлемдік стандарттарға сай болуы туралы пікірі жарияланды. 

Тәуелсіз қазақстандық құқықтық жүйесі мен конституциялық құрылымы туралы облыстық соттың баспасөз қызметімен дайындалған тағы бір мақала 30 сәуір күні республикалық «Заң газеті» басылымында «Биекенов билігі ел есінде» деген атаумен жарияланды. Тек қана Ақтөбе емес, жалпы республика үшін мақтаныш болған  жерлесіміз Әбидолла Биекенов өз қызметтік жолында еліміздің құқықтық әрі сот жүйесінде бірталай өзгерістерді енгізіп, қазіргі күнгі заңгерлерге үлгі боларлық тұлға.

«Наказание соответствует», «Кодекстер қашан қазақша сөйлейді», «Торжество справедливости», «Двойная степень проверки», «Қазақша үйренуді міндеттеу керек» сияқты сыбайлас жемқорлықпен күрес, сот төрелігінің сапасын жоғарылату, қазақ тілінің сот жүйесіндегі ерекше орны сияқты маңызды тақырыптарды қозғайтын мақалалар қазақ және орыс тілдерінде облыс соттарының судьяларымен дайындалып, республикалық «Егемен Қазақстан», «Заң газеті», «Юридическая газета», «Эврика» сияқты басылымдарда жарық көрді.  

   Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс барысында телевизия саласының маңызы ерекше екендігі түсінікті жайт. Сондықтан да биылғы жылы Ақтөбе облысы соттар қауымдастығы өзінің жеке «Адам және заң» хабарына қатысуын одан әрі жалғастырып, былтырғы жылғы дәстүрді жалғастырады. «Адам және заң» хабарынына қатысушылар бойынша жоспар бекітіліп, 2010 жылдың 1-жарты жылдығында 10 судья мен соттар Әкімшісінің 6 өкілі тікелей эфирге қатысып, заңдылықтағы өзгерістер, сот шешімдерінің орындалуы, кадрлық саясат тақырыптарында сұрақтарға жауап берді.         

Жалпы Ақтөбе облысы соттары бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарлатуға бағытталған арнайы 98 семинар сабақтары мен дәрістер де өткізілген.

   Жыл басынан бастап облыс соттарының судьялары, сот мамандары, Соттар Әкімшісінің өкілдері мен облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісімен республикалық және жергілікті телеарналар арқылы 36 сұхбат пен ресми ақпарат берілді. Ақтөбе облысы соттарымен жақсы жұмыс істейтін телеарналар ретінде республикалық “ХАБАР”, “Қазақстан”, “7-ші арна (ЭРА ТВ)”, “Астана”, “КТК”, “31-ші арна”, жергілікті “Қазақстан Ақтөбе”, “РИКА ТВ” телеарналарын атап өтуге болады. Мысал ретінде, қаңтар айында республикалық “Астана”, «Қазақстан» телеарналарында заңдылықтарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, несие алып, өз тұрғын үйін кепілдемелеге беріп, енді сот бойынша осы тұрғын үйлерден айырылу қаупі бар тұлғалар бойынша сот пен банк өкілдерінің кездесу барысы, облыстық сот судьяларының болашақ заңгерлермен жергілікті заң факультеттерінің студенттерімен кездесуі туралы, жергілікті «Рика ТВ», «Қазақстан Ақтөбе» телеарналарының тікелей эфирінде заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, банктік несие мәселесі, сот төрелігінің жүзеге асырылуы сапасы жөніндегі айтуға болады.

   Республикалық «31 арна» эфиріндегі «Информбюро» хабарында Ақтөбе облысы соттарының судьялары, сот мамандары мен Соттар Әкімшісінің тарапынан жүзеге асырылған тазалық акциясы, республикалық «Қазақстан» телеарнасындағы «Жаңалықтар» хабарында нәпаха өңдіруге бағытталған акцияда 5 млн-нан астам теңгенің балалар мен аналарға төленуі, республикалық «КТК» телеарнасында «Жаңалықтар» хабарында жол апаты кезінде 2 баланы соғып өлтірген маскүнем көлік жүргізушісінің әділ жазасын алуы және т.б. материалдар екі тілде жарық көріп, жалпы сот билігінің оң беделін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

   Сонымен қатар облыс соттары жергілікті радиостансалармен жұмыс істеу бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Мысалға, облыстық соттың баспасөз қызметі, мамандандырылған қылмыстық істер бойынша және мамандандырылған экономикалық соттардың судьялары мен мамандары тарапынан теледидар және радио арқылы хабар беру белсенді түрде өтеді. Радио бойынша ақпарат беру саны жыл басынан бері 22-ге жетіп отыр. 

            Жыл басынан бері облыстық сот, сот алқаларының, қалалық, аудандық және мамандандырылған соттар төрағаларының қатысуымен бес баспасөз маслихаты мен брифингтер өткізілді. Аталмыш шараларға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қатар, қарапайым азаматтар да қатысып, өздерін толғандыратын мәселелелер бойынша сұрақтар қойылады. Сонымен қатар, бұрын қаралған, қазіргі күні қаралып жатқан, қоғамды алаңдатқан істер бойынша талқылаулар да орын алады.          

            Облыс соттары өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесіп, пікір алмасуы туралы материалдар жергілікті және республикалық БАҚ-та жарияланды. Мысал ретінде, республикалық “Заң газеті” басылымында 2010 жылғы ақпанда “Сот төрелігі бағаланды”, 2009 жылғы ақпанда “Актобе таймс” газетінде жарияланған “Мы работаем для людей” атты материалдарды көрсетуге болады. Облыстық соттың баспасөз қызметі тұрақты түрде тек қана соттар емес, сот шешімін орындаушылар туралы да материалдар дайындауда. Мысал ретінде,  наурыз айындағы “Время” газетінде “Акция по алиментам” келтіруге болады. Сонымен қатар, облыстық сот судьяларының, соттар Әкімшісінің қолдауымен өткізілген нәпәханы өңдіру жөніндегі айлық бойынша ақпарат көптеген республикалық, соның ішінде «Қазақстан» телеарнасы, барлық жергілікті БАҚ бойынша беріліп, жалпы оң бағаланды. 

Сонымен қатар аталмыш тақырыптар «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасындағы  облыстық сот дайындаған тікелей эфирдегі «Адам және заң» хабарында тұрақты түрде  судьялар, сот мамандары және ардагерлермен талқыланып отырады.

«Адам және заң» хабарының 3-маусым күнгі санына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының басшысының орынбасары Б. Сақалов қатысып, электрондық үкімет, электрондық сот төрелігі бағытындағы жобалар «электрондық бақылау өңдірісі» мен «сот істерінің анықтамасы» бағдарламалары туралы көрермендердің сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді.              

            Облыс соттарының өмірінен интернет арқылы хабардар ету мәселесіне келетін болсақ, республикалық және жергілікті интернет ресурстарда жалпы алғанда 20 электрондық материал жарық көрді.

Республикалық «Казинформ» агенттігінің жаңалықтары мен республикалық «Заң газеті» басылымында жалпы сот жүйесінің ардагері, кезінде судья, сот төрағасы болған ардақты азамат Темірболат Қайсаровтың «судьялар Одағынан» «Үш би» құрмет төсбелгісіне ие болғандығы жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметімен дайындалған мақалалар мамыр айында жарияланды.

Республикалық «Заңгер» басылымына жазылу мәселесі бойынша Ақтөбе облысы соттарында тиісті деңгейдегі жұмыс ұйымдастырылып,  судьялар мен соттың бас мамандарының бір бөлігі, жалпы облыс сот жүйесі 2010 жылдың 2-ші жарты жылдығына 176 данасына жазылды.

            Қоғамды алаңдатып отырған мәселелер бойынша облыстық соттың баспасөз қызметімен дайындалған мақалалар жыл бойы республикалық және жергілікті басылым беттерінде тұрақты түрде жарық көріп отырды. Сот шешімі бойынша өз жұмыс орнына қайтып барып, қайта жұмыс жасай бастаған азамат, сот шешімі бойынша заңсыз айрылған мүлкін қайырып беруі, қоғамды алаңдатқан облыстық аң аулаушылар қоғамының төрағасына қатысты қаралған сот ісі бойынша тұрғын үйге қатысты алаяқтыққа барушылардың санының өсуі, олардан қорғану жолдары, облыстық соттың өкілдерінің халықпен кездесулері, қазақ тілінің тағдыры туралы судьялардың ойлары және т.б. маңызды тақырыптағы мақалалар көпшілік тарапынан жақсы бағаға ие болып отыр.

 

12.Ұйымдастыру-талдау бөлімінің қызметі жөнінде

Ұйымдастыру-талдау тобының қызметінің негізгі бағыттары: облыс соттарының судьяларымен сот төрелігін жүзеге асырудың уақытылы әрі сапалы болуын бақылау, істерді қарау мерзімдерінің сақталуы, істерді қарауды кейінге қалдыру себептері, сот тәжірибесін жинактау барысында судьяларға көмек көрсету, облыстың қалалық/аудандық соттарында тексеру жүргізу барысында көмек көрсету, бақылау тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету және т.б.

ҚР судьяларының 2009 жылғы 10-шілдедегі кеңейтілген хаттамалық жиналысының 5-тармағына сай, республика соттарының 2009 жылғы 1-ші жарты жылдықтағы қызметінің қорытындысы бойынша ұйымдастыру-талдау тобының мамандары облыс судьяларының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы бақыланды.

Жергілікті жоғарғы оқу орындардың заң факультеті студенттерінің көмегімен істерге қатысушы тұлғалардан барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда әлеуметтік сауалнама өткізіліп, баға беріледі. Бұл үшін процесске қатысушының мекен-жайы, шешім шығарылған кезеңі көрсетілген тізімдер құрылады. Аталмыш сауалнаманың өткізілуі туралы ақпарат жергілікті БАҚ арқылы таратылып, онда сенім телефондары мен сауалнама құжаттарының тарату орындары да көрсетілген.

Сауалнама сонымен қатар, облыстық сот ғимаратында апелляциялық, кассациялық сатыдан соң, телефон байланысы арқылы, қатысушының тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізілді.

2010 жылдың 29 қантарында облыстық соттың жалпы отырысы Ақтөбе қалалық сотының 6 судьяның жұмыс көрсеткіштерін талқылап (А.Н. Тажикенова, М.З. Сағынбазарова, Б.Е. Батырханова, А.Я. Бижанова, А.А. Бақытжанова, Г.Ж. Сүлейменова) 2010 жылдың 1 шілдеге дейн жіберілген қателіктерді жоюға мерзім  берді.

ҚР ЖС ұсынысы бойынша кеңес беру үшін облыстық соттың үш судьясынан тұратын комиссия құрылған. Жүзеге асырылған бақылау бойынша қорытынды ақпарат ай сайын ҚР ЖС Аппаратына жолданып отырады.

Есептік кезеңде облыс соттарының мамандарымен БААТЖ бағдарламасын енгізу бойынша семинарлар түріндегі әдістемелік жұмыс жүргізілді.

Барлығы облыстық сотының және қалалық, мамандандырылған мамандары арасында 21 тақырыпқа, өзекті мәселелері талқыланып семинар сабақтары өткізілген.

Облыс соттарында іс қағаздарын жүргізудің сапасын жоғарылату мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде. БААТЖ бағдарламасы бойынша сот мамандары мен  кеңсе меңгерушісі барлық құжаттардың тіркеу белгілерін уақытылы әрі толық толтырылуда.

            Облыстың барлық соттары  азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істер мен іс жүргізудің жай-күйі туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы статистикалық есептердің жиынтық базасын ҚР СО БААТЖ бағдарламасы арқылы ҚСжАЕАК облыстық басқармасына электрондық түрде тапсыруды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

            Ұйымдастыру талдау тобының мамандарымен  2009 жылдың және 2010 жылдың 1 тоқсанының статистикалық есептердің жиынтық базасын ҚР СО БААТЖ бағдарламасы арқылы ҚСжАЕАК облыстық басқармасына электрондық түрде тапсыру барысынды алшақтық жіберген соттар бойынша соттар әкімшісіне ұсыныс келтіріліп, алдағы уақытта келеңсіз кемшіліктер жібермеу қатаң ескертіліп мамандарға  тәртіптік шаралар қолданылды. 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет және ҚР Жоғарғы Сот Аппаратының 11.12.2009 жылғы № 143 о/д санды «ақпараттық жүйелерді өзара ықпалдастыру Ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті соттармен ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімдеріне ақпараттық есептік құжаттарды,  статистикалық есептердің барлық нысандарын және сот актілерін қағаз тасымалдауыштарда тапсыру жойылған.

Облыс соттарында сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында «Электрондық бақылау өңдірісі» атты бағдарлама Ақтөбе облыстық мамандандырылған экономикалық сотында, Ақтөбе қалалық соттарында  жүргізуде. Әрбір іс бойынша сот процесінің созбалануына, құжаттарға негізсіз өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі жайттарының алдын-алып, сот жүйесін дамыту-“Электрондық қадағалау өңдірісінің” негізгі мақсаттары.

            Ақтөбе облыстық сотының жүзеге асырған тағы бір алдыңғы қатарлы жобасы- «сот процесстерін бейнебақылау» жүйесі Ақтөбе қаласындағы 4 соттың 12 залын ортақ жүйеге біріктіріп отыр. Бұл жүйе сот отырыстарының заң талаптарына сай өтуін, сот отырыстарының уақытылы басталуын қадағалауға мүмкіндік береді. 

Ақтөбе облыстық сотының ресми веб-сайтын дамыту жоспарына сай, былтырғы жылдың қазан айынан бастап сот төрағасының жеке блогы жұмыс істей бастады. Бұл жаңалықты пайдалана отыра, сайтқа келушілер облыстық сот төрағасына облыс соттарының қызметіне байланысты сұрақтары мен ұсыныстарын жолдап, нақты жауап алады. Бұл дегеніміз қазіргі заман мүмкіндіктерінің бірі-Интернет жүйесінің халық арасында кең тарауы мен соңғы технологияларды сот саласында да еркін пайдалану. Блог арқылы облыстық сот қауымдастығының тыныс-тіршілігіне пікірін білдіріп, сын немесе алғыс айтқысы келетіндердің хаттарын облыстық соттың төрағасы жеке өзі қарап, жауап беріп отырады. Сонымен қатар, веб-сайттың қазақ тіліндегі толыққанды жобасы да жұмыс жасап, келушілер тарапынан өзінің оң бағасын алуда.

 2010 жылдың 1-ші жартыжылдыққа жоспарланған шаралардың барлығы орындалды.

            2010 жылдың 2-ші жарты жылдығына арналған жоспар бекітіліп, облыстың қалалық/аудандық соттарына орындауға жолданды.

           

Ақтөбе облыстық соты