Eреже
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облыстық сотының Кеңсесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Ақтөбе облыстык сотының Кеңсесі (бұдан әрі - Облыстық соттың Кеңсесі) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) аумақтық органы болып табылады.
2. Облыстық соттың Кеңсесі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасынын заңдарын, Казақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Департамент туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Облыстық соттың Кеңсесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін камтамасыз ету жөнідегі органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.
4. Облыстық соттың Кеңсесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық- құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның өз атауы жазылған мөрлері, мөртаңбалары және банктерде шоттары болады.
5. Облыстық соттың Кеңсесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. Облыстық сот Кеңсесінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облыстық сотының Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі.
7. Облыстық сот кеңсесінің зандық мекен-жайы: 030019, Ақтобе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103 «А» үй. Облыстық сот Кеңсесінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
8. Облыстық сот Кеңсесінің негізгі кұрылымын Департамент басшысы бекітеді.
9. Облыстық сот Кеңсесінің штат кестесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының жалпы лимиті шегінде Облыстық сот Кеңсесі басшысының ұсынымы бойынша Департамент басшысы бекітеді.
10. Осы Ереже «Қазақстан Республикасы Жоғаргы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облыстық сотының Кеңсесі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық кұжаты болып табылады.
2. Облыстық сот Кеңсесінің міндеттері, функциялары мен құқықтары:
11. Облыстық сот Кеңсесінің негізгі міндеттері облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
12. Облыстық соттың Кеңсесі белгіленген өкілеттіктер шегінде мына функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың қызметін материалдық-техникалык камтамасыз ету;
2) судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
3) сот приставтарының қызметіне ұйымдық және әдістемелік басшылық жасау;
4) Департаментке жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық, материаддық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай- күйі туралы ақпарат дайындау;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен соттардың жұмысын кадрлық камтамасыз ету;
6) облыстық сот төрағасының, судьялардың облыстық тәртіптік- біліктілік алқасының, облыстық сот органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
7) облыстық соттың төрағасымен жалпы отырысы қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
8) судьялар мен сот қызметкерлері жүктемелерін зерттеу және Департаментке ұсыныс енгізу;
9) жергілікті және басқа да соттар мен сот кеңселерінің ғимараттарын, үй-жайларын және басқа да объектілерін салуды, жөндеуді және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
10) жергілікті және басқа да соттар мен сот кеңселерінің үй- жайларын және басқа да мүлкін күзетуді ұйымдастыру;
11) сот статистикасын жүргізу;
12) судьялар мен сот Кеңсе қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;
13) бухгалтерлік есеп мен есептілікті заңнамаға сәйкес жүргізу;
14) судьяларды, оның ішінде отставкадағы судьяларды және соттар кеңселерінің кызметкерлерін заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік камтамасыз етуді ұйымдастыру;
15) өз кұзіреті шегінде нормативтік кұқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және құқықтық сараптама жасауға катысу;
16) соттарды ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнаманы жүйелеу және кодификациялау;
17) соттардың іс кағаздарын және мұрағаттарының жұмысын жүргізу;
18) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен соттардың қызметін камтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
19) жергілікті және басқа да соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-кимылын камтамасыз ету;
20) жергілікті және басқа да соттардың халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің соттарына құқықтық көмек көрсету бойынша жұмысын камтамасыз ету;
21) соттарда мемлекеттік құпия мен ақпараттық кауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты камтамасыз ету;
22) сот оқуы, судьялардың, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық соттың кеңсесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14. Облыстық соттың Кеңсесі өз құзыретінің шегінде:
1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) өз құзыретінің шеңберінде аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселерінде тексеру жүргізуге;
3) Облыстық соттың кеңсесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, мамандарды және сарапшыларды тартуға;
4) облыстық сот төрағасынын келісімі бойынша Департамент басшысына жергілікті және басқа да соттардың судьялары мен қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оларды материалдық және әлеуметтік камтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі кез келген қолжетімді акпараттық деректер қорын пайдалануға;
5-1) заңнамада белгіленген тәртіппен өзінің филиалдарын ашуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
15. Облыстық сот Кеңсесін облыстык соттың жалпы отырысының келісімімен Департамент басшысы қызметке тағайындайтын Басшы басқарады.
16. Облыстық сот кеңсесінің басшысын қызметінен босатуды Департамент басшысы жүзеге асырады. Облыстық соттың жалпы отырысы Департамент басшысына облыстық сот Кеңсесінің басшысын кызметтен босату туралы ұсыным енгізуге құқылы.
17. Облыстық сот Кеңсесі басшысының орынбасары болады, оны облыстық сот кеңсесі басшысының ұсынымы бойынша Департамент басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Облыстық сот кеңсесінің басшысы облыстық сот кеңсесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасауды жүзеге асырады, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтереді;
Осы мақсатта Облыстық сот Кеңсесінің басшысы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттар кеңселерінің кызметкерлерін кызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) сыбайлас жемқорлыкка карсы іс-кимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілік көтереді;
3) Облыстық сот Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің және аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің басшылары мен қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен соттар кеңселері қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету немесе тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, азаматтармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынаста облыстық сот Кеңсесінің атынан өкілдік етеді;
6) Облыстық сот Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері және аудандык және оған теңестірілген соттар Кеңселері туралы ережелерді бекітеді;
7) Департамент басшысына соттар кеңселері кызметкерлерінің штат санын белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
9) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.
19. Аудандық және оған теңестірілген соттың кеңсесі Облыстық сот кеңсесінің мемлекеттік мекеме филиалы құқықтық статусы бар бөлек бөлімшесі болып табылады.
20. Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, іс қағаздарын жүргізуді және мұрағат жұмысын ұйымдастырады, сот статистикасын жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Облыстық сот Кеңсесінің мүлкі
21. Облыстық сот кеңсесінің жедел басқару құқығында бөлек мүлкі болады, ол республикалық меншікке жатады.
22. Облыстық сот кеңсесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлкінің есебінен кұралады және негізгі әрі айналымдағы каражаттан, сондай-ақ құны облыстық сот кеңсесінің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
23. Облыстық сот Кеңсесі өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге кұқылы емес.
24. Облыстык сот Кеңсесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шекте меншікке иелік ету кұқығы берілуі мүмкін.
4.Қорытынды ережелер
25. Облыстық сот Кеңсесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.











