Сұрақ-жауап
Егер Сізге лайық сұраққа жауап табылмаса, өз сұрағыңызды қойыңыз
Елемесов Кайсар Нагиевич [kaisar_1988j@bk.ru]
Саламатсызба сізге кояр сұрағым білім беретін орта мектептегі сынып журналдары, оқушыларыдың ата-анасының балаларын мектепке қабылдау туралы жазған өтініштері, мұғалімдердің тарификациясы, жылдың басында тапсырылатын оқушылар қозғалысы туралы есеп ОШ-1, оқушылардың басқа мектепке кеткендіктері және басқа мектептен келгендігі туралы анықтама , мектепке оқушы қабылдау туралы немесе мектептен кеткендігі туралы шығарылатын бұйрык кітапшалары ресми яғни официальный құжаттарға жатадыма , жоқ алде жатпайдыма ? сол туралы маған занга жугинип жауап кайтарсаныз. Рахмет
Білім және ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттар білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жататындықтан, Сіз «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-не толық мағлұмат алу үшін хабарласуыңызға болады.
Биманова Гулшат []
саламатсыз ба, облыстық сот сайты жаңарып, өте қызықты мәліметтер салынған екен. Мен "КазФрутАқтөбе" ЖШС-нің заңгері болып қызмет етемін. Біздің ЖШС-нің көлік жүргізушісі жол көлік оқиғасына түсіп, әкімшілік іс бойынша жәбірленуші болып табылды№ Енді әкімшілік іс қаралатын уақытта, бұл әкімшілік іс бойынша жәбірленушінің заңды өкілі болып, сенімхат арқылы сот процессіне қатыса аламын ба? рахмет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 34 тарауында көзделгендей, Сіз сенімхат арқылы жәбірленуші өкілі ретінде, жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай аласыз.











