Өзбекстан азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотымен 29 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылдың қараша айында сотталушы өзінің таныстарымен бірге спирттік ішімдіктерін ішеді. Соның арасында жәбірленуші сотталушыға өзі тиісіп, соңғының анасын балағаттайды. Соның салдарынан сотталушы жәбірленушінің бетінен ұрып жібереді. Бұдан соң жәбірленуші мен сотталушы араларындағы келіспеушілікті шешу үшін басқа бөлмеге шығып кетеді. Сол кезде жәбірленуші сотталушыны ұра бастайды, сондықтан сотталушы асхана пышағын алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет сұғады. Нәтижесінде жәбірленуші алынған жарақаттардан қайтыс болады.
Сот мәжілісінде жәбірленуші жасаған іс әрекеттеріне өкініп, жәбірленуші өкілінен кешірім сұрады.
Сот үкімімен сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жаза өтеу орны қатаң режимдегі түзету колониясы деп белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.











