Заңсыз қару сақтаған азамат сотталды.

Заңсыз қару сақтаған азамат сотталды.
Дата: 
06/02/2012

 

Ақтөбе қалалық №2 сотымен 24 жасар, ЖШС-де сауда өкілі болып қызмет ететін, бойдақ, ұлты қазақ, бұрын қарақшылық, әйел зорлағаны үшін сотты болған, Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты және 27 жасар сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2011 жылдың мамыр айында сотталушы Ш. өзінің танысынан бір дана 12-калибрлі ИЖ-18 маркалы дара ұңғылы аңшы мылтығын және бір дана 12-калибрлі ИЖ-27 маркалы қос ұңғылы мылтығын оқ-дәрілермен бірге сатып алады.

Содан, 2011 жылдың мамыр айында сотталушы Ш. өзімен заңсыз сатып алынған қаруларды, заңсыз беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру мақсатында аңшы мылтықтарының ұңғысымен дүмбісін кесіп қысқарту арқылы, өзімен бірге алып жүруге ыңғайлы және қолайлы жағдай жасап, олардың жарамдылығын тексеру мақсатында сол жерде атыс қаруларын атып сынаған. Осыдан кейін, ол дара ұңғылы 12 калибрлі «ИЖ-18» маркалы және қос ұңғылы 12 калибрлі «ИЖ-27» шолақ мылтықтарын, оқ-дәрілерімен бірге, атыс қару ретінде өзінде сақтап, алып жүрген.

28 маусым 2011 жылы сотталушы Ш. екінші сотталушымен кездесіп, жоғарыда аталған мылтықтарды сақтап, тасымалдауды сұраған. Соңғы сотталушы Ш.-ның өтінімімен келісіп, мылтықтарды өзінің жеңіл автокөлігінің жүк салғышында сақтап, тасымалдаған.

Сол күні, түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы газ құю станциясының қасында екінші сотталушының  автокөлігі полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, көліктің жүк салғышынан заңсыз сақталуда болған шолақ мылтықтар мен оқ-дәрілер алынған.

Сот үкімімен сотталушыларға ҚР ҚК-ның 251-бабының 2-бөлігімен 4 және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.