Тарих

«Ақтөбе облыстық сотының құрылу кезеңі»

         Аумағына Ақтөбе облысы енген Торғай өлкесінің революциялық кезеңге дейінгі сот жүйесіне хандық заңдары бойынша сот төрелігін жүргізген дүниежүзілік судьялар, басшылар, болысты басқарушылар, аумақтық соттар мен сот палаталары кірген.

         Бұл басшылар терең ой қабілеті мен көрегендігімен қазақ халқының арасында орын алатын үлкен рөлімен ерекшеленген.

         Олардың ішінен ең танымалдары- Торғай облысының әскери губерниясының аса маңызды тапсырмалары бойынша жоғарғы штаттық шенеунік- Беркімбаев Дербісәлі /1837-1913 ж.ж./, болыстық басшы- Нұрмұхаммедов Сейтбаталл, болыстық басшы-Алдияров Бермұхамед, болыстық басшы-Сарықожин Акшолақ, сұлтан-Баймұхамбетов Мұхаметжан, подполковник, Ержан Шолаков- болыстық басшының кеңесшісі.

         Жалпы империялық сот жүйесімен бірге билер мен қазылар соты болған, олар 3 құрамнан тұрған: дара билер, билердің болыстық съезі, төтенше жағдайлар бойынша билердің съезі. Бұл соттар істерді қазақ халқының жалпы құқықтық ережелері бойынша қараған.

         Осы кезеңдегі сот жүйесінің тарихы - Кіші Жүздің ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ мемлекетінің саяси құқықтық жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосқан, танымал биі Әйтеке бимен тығыз байланысты.

         Әйтеке бидің саяси – құқықтық көзқарастары мемлекеттік басқарудың әділ бастамасын дәл көрсеткен, қазіргі кезге  дейін бұл бастамалар өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес.

Әйтеке би ауданының орталығында елдің біртұтастығының сақталуына, жоңғар-қалмақ басқыншылығынан қорғауды ұйымдастыруға баға жетпес үлесін қосқан мемлекеттік қайраткердің атына мемориалдық мұражай ашылған. Танымал тарихи зерттеуші А.Левшин «қырғыз-қайсақ» жазбасында Тәуке ханмен бірге Әйтеке би де «Жеті Жарғыны» жазушылардың бірі екендігі туралы айтқан.

Орынборлық оқыту-мұрағаттық комиссиясының «Народный суд» атты мұрағаттық еңбектерінде Тәуке ханның және де басқа қазақ билерінің қызметі туралы түсіндірмелер жан-жақты жазылған. Ол  Л.А.Словохотовтың редакциялауымен  «Кіші Орда қырғыздарының қарапайым құқығы» атты мақаласында да кездеседі. 

Ақтөбе облысының аумағында қазақ халқының құқықтық нормалары мен салт-дәстүрлерін толыққанды зерттеп, меңгерген және де өздерінің шешендік талантымен, жан-жақтылығымен, әділеттілігімен Мөңке би, Есет Көтібарұлы, Аламан би, Былшық би, Ажібай би, Келаман би, Жаныс би, Қаратау би, Опа би, Жетес би, Саржан би, Алмат би және басқалары ерекшеленеді.     

Өмірінің соңына дейін аталған билер қазақ халқының арасында асқан бедел мен құрметке ие болған. Кеңестік құқықтық тәртіп орнағанға дейін бұл билер ауыл арасындағы жер дауы мен мүліктік қатынастарды шешіп отырған. Олардың шешімдері терең ой мен, ашықтығымен, әділеттілігімен ерекшеленген.

Тарихи деректерге  жүгінсек, қазақ халқының арасындағы билердің алар орны ерекше  екендігі көрінеді. Яғни, олардың жұмысы сол замандағы құқықтық қатынастардың қалыптасуына ықпалын тигізген.

1920 жылы 26 тамызда  Қырғыз (Қазақ) АССР-ның құрылуынан кейін халық соттарының құрылуы басталды. Мұрағат деректеріне сүйенсек, Ақтөбе губерниялық халық депуттарттар кеңесі кассациялық сот органы болып 1921 жылы 21 қыркүйекте құрылған. Оның құзіретіне халық соттарының жұмысын бақылау, сот үкімдеріне, шешімдеріне қатысты жеке және кассациялық шағымдарды қарау, халық сотының әрекеттеріне келтірген кассациялық және жеке шағымдарды қарау кіреді. Бұл сот органы өз жұмысын 1923 жылы 23 сәуірде аяқтады.

Кейін 1923 жылы 2 мамырда Ақтөбе губерниялық соты ашылды. Оның құзіретіне учаскелік судьялардың жұмысын бақылау, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау, бірінші  сатыдағы байлардың мүлкін тәркілеу сияқты  істерді қарау жатқан. 

Мұрағат деректеріне сәйкес, Ақтөбе губерниялық сотының төрағасы Наренов Мұхамедғали, ал губерниялық сот мүшелері Медетов Қамбар, Жауынбаев Хажығали, Құлымбетов Ғалымжан, Тарахуна Иван, Клавдова, Құлыбеков Абдолла, Моисеев, Метюков және т.б.

1928  жылы 4 тамызда  губерниялық бөлімдер жойылғаннан кейін Ақтөбе аймақтық халық соты құрылды. Бұл сот соттардың, нотариалдық кеңестердің жұмысын қадағалау, 1-ші сатыдағы азаматтық, қылмыстық істерді қарау, кассациялық тәртіпте халық сотының қаулыларын қайта қараған. Мұрағат деректеріне жүгінсек, аймақтық соттың алғашқы төрағалары А.Кенжегалиев, М.Ғазизов болды.

Қалалық және облыстық соттар 1925-1980 жылдары  қалыптасты. Ақтөбе қалалық, Ырғыз, Темір, Қобда, Шалқар аудандық соттары 1926 жылы құрылды.

Ключевой, Ленский соттары 1933 жылы құрылған.

Жоңғар, Қарабұтақ, Мартук, Жаңаресей аудандық соттары 1933 жылы құрылған, 1938 жылы Родниковка, Байғанин аудандық соттары қалыптасты.

Сталиндік репрессия кезеңінде ауыртпашылықтың басым бөлігі Ақтөбе облыстық халық судьяларына тиген.

ҚР ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің мұрағат ақпараттарына сәйкес, сол кездері 6 халық судьясы заңсыз репрессияға ұшыраған. 

  1. Имангазин Даир Иманғазин Даир, 1900 жылы Ақтөбе облысының Табын сотының халық судьясы болған, антисоветтік, ұлтшылдық, шпиондық-диверсиялық ұйымдастырушылық топқа кіргені үшін 18.05.1938 жылы қамауға алынып, Ақтөбе облыстық сотының 22.12.198 жылғы үкімімен РС ФСР ҚК-нің 58 бабының 2,7,11 бөлімдерімен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге құқықтарынан айыруға сотталған. Ақтөбе облысының УНКВД-нің 15.04.1940 жылғы қаулысымен қамаудан босатылып, 1990 жылы толықтай қалпына кетірілген.

    2. Дәулетов Қанар, 1895 жылы  Ақтөбе облысының Шалқар аудандық сотының халық судьясы, 24.12.1937 жылы қамауға алынып, контрреволюциялық ұлттық топқа қатысты, таптық, байлық топтарға басшылық етті деген айыппен, Ақтөбе облысының УНКВД-нің үштігімен 10 жыл мезімге бас бостандығынан айыруға сотталған. 13.01.1958 жылы бұл үкім Ақтөбе облыстық сотының президиумының қаулысымен бұзылды.

    3. Иманбаев Нұрахмет, 1901 жылы Ақтөбе облысының  Ойыл аудандық сотының халық судьясы, 16.11.1937 жылы қамауға алынып, антисоветтік, ұлттық, шпионды-диверсиялық ұйымдастыруға қатысты деген айыппен,  СССР-дің Жоғарғы Сотының Әскери алқасының 15.02.1938 жылғы  үкімімен РС ФСР ҚК-нің 58 бабының 2,7,8,10,11 бөлімдерімен жеке мүлкін тәркілеп, ату жазасы тағайындалған. Жоғарғы Соттың Әскери алқасымен 23.01.1959 жылы қылмыстық іс әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты қысқартылған.

    4. Көшкімбаев Бермұхамет- 1902 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық сотының халық судьясы, 11.10.1937 жылы қамауға алынып, антисоветтік, ұлттық, шпиондық-диверсиялық ұйымдастыруға қатысты деген айыппен, СССР Жоғарғы Сотының Әскери алқасының 15.02.1938 жылы РС ФСР ҚК-нің 58 бабының 7,8,11 бөлімдерімен жеке мүкін тәркілеп, ату жазасы тағайындалған. Жоғарғы Соттың Әскери алқасымен 23.01.1959 жылы қылмыстық іс әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты қысқартылған.

    5. Хуснияров Садыр, 1898 жылы Ақтөбе облысының Жаңаресей аудандық сотының халық судьясы, 26.09.1937 жылы қамауға алынып, антисоветтік, ұлттық, шпиондық-диверсиялық ұйымдастыруға қатысқаны үшін, СССР Жоғарғы Сотының Әскери алқасының 15.02.1938 жылы РС ФСР ҚК-нің 58 бабының 7,8,11 бөлімдерімен жеке мүкін тәркілеп, ату жазасы тағайындалған. Жоғарғы Соттың Әскери алқасымен 23.01.1959 жылы қылмыстық іс әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты қысқартылған.

    6. Байкөнеков Әлжан, 1886 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық сотының халық судьясы. 28.02.1932 жылы қамауға алынған, алайда айып тағылмастан, ОГПУ алқасының 29.03.1932 жылғы шешімімен 3 жылға конслагерге жіберілген, Ақтөбе облысы прокурорының 21.11.1989 жылғы қорытындысымен толық қалпына келтірілген. 

 

Қазақ ССР Әділет Халық Комиссаратының бұйрығымен 12.03.1932 жылы Ақтөбе облыстық соты құрылған. Ақтөбе облыстық соты құрамында облыстық сот президиумы қылмыстық, азаматтық істер бойынша кассациялық алқалары болған.

Ақтөбе облыстық сотының құрылу кезеңдерінде сот әділдігі үшін өз күш-жігері, білімі мен ақылын әділдік жолында сарп еткен абзал  азаматтар болған.

Өткен 79 жыл ішінде ең жоғары білікті, өз міндетіне адал, сот жүйесінің үздік мамандары Ақтөбе облыстық сотын басқарды. 

 

Ақтөбе облыстық сотының алғашқы төрағалары болып 1936 жылға дейін М.Қожахметов, 1953 жылға дейін С. Жайлыбаев, 1956 жылдың қазан айына дейін М. Ақпамбетов, 1956 жылдан 1980 жылға дейін К.С. Сахипов, 1980-1986 жылдар  аралығында А.Т. Тұрмағамбетов абыройлы еңбек еткен болатын. Ал еліміз тәуелсіздік алған тұста Ақтөбе облыстық сотында  Кейкин Қойшы Салықұлы төрағалық етті. 

Кейкин Койшы Салықұлы

1952 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын аяқтағаннан кейін Қ.С.Кейкин Гурьев облыстық адвокаттар алқасында адвокат қызметінен өзінің еңбек жолын бастады. Содан кейін бірінші нотариалды кеңсесінде аға нотариус қызметін атқарғаннан кейін, 1955 жылдың қантар айында Қойшы Салықұлы Гурьев облыстық Балықшы аудандық сотында халық соты болып, Гурьев қалалық халық сотының төрағасы, 1978 жылдың қазан айында Торғай облыстық сотының төрағасы етіп тағайындады. 1986 жылдың қазан айынан бастап1995 жылдың қазан айына дейін Ақтөбе облыстық сотын басқарды, мінсіз,  абыройлы, кәсіби деңгейі жоғары басшы бола білді.  ҚР Президентінің жарлығымен облыстың ең алғашқы судьясының жоғары біліктілік сыныбының иегері атанды. 2009 жылдың 4 қыркүйек айында 78 жасында өмірден өтті.