Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығының есебі.
АҚПАРАТ
Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығының жұмысын қорытындылау бойынша
2009-2011 жылдарға арналған ҚР сот білімі Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облыстық соты оқу орталығымен судьялардың мамандық деңгейін одан әрі жоғарылату формалары мен әдістерін дамыту бағытындағы жұмысы жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың тамыз айында оқу орталығы судьялардың жеке жұмыс жасауына арналған және интернетпен жұмыс жасауға, «Skype» бағдарламасы арқылы қашықтан оқыту семинар сабақтарын өткізу мақсатында жаңа компьютермен қамтамасыз етілген.
Сонымен қоса, оқу орталығының координаторын материалдық-техникалық, үздіксіз сот білімін ұйымдастыру үшін заңа заманауи талаптарға сай, интернет желісі қосылған компьютерлермен қамсыздандырылған.
Калалық, аудандық соттарда да оқу бағдарламаларының кураторлары үшін де қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.
Оқу бағдарламаларын тиісті ұйымдастыру үшін әр соттарда біліктілігі жоғары, жұмыс көрсеткіштері жақсы судьялардың арасынан оқу бағдарламаларының кураторлары тағайындалған. Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығымен облыс соттарының ҚР Жоғарғы Сотымен өткізілген семинар сабақ, конференция, қашықтан оқыту шараларының қорытындысы бойынша мәліметтерді алу мүмкіндіктері қамтамасыз етілген.
Аудандық соттардың судьяларының арасында семинарлық сабақтары соттарда орналасқан оқу бөлмелерінде сот төрағасымен бекітілген жоспарға сай өткізіледі.
Оқу бөлмелерінде «Skype» бағдарламасы бар компьютерлер, «Заң» базасы бағдарламасы, интернет және заңнамалық нормативтік актілерден басқа, заңгерлерге арналған басылымдары бар кітапханалар бар.
Сөйтіп, сот судьяларының біліктілігін арттыруға, өзін-өзі оқытуға байланысты семинар сабақтарын өткізуге барлық жағдайлар қарастырылған.
Сондай-ақ Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығымен тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетіледі.
Оқу орталығының кураторларының жұмысқа ынта-жігерін жоғарылатып, жандандыру бағытында облыстық сотпен «2011 жылдың оқу бағдарламасының үздік кураторы» атты байқау ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, судьялардың және сот кеңсесі мамандарының біліктіліктерін арттыру курстары да оқу бағдарламасының қажетті сатысы болып табылады. 2011 жылы 12 судья мен 3 кеңсе қызметкері біліктілігін жоғарылату курстарын аяқтады. 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығында 10 судья мен 3 кеңсе қызметкерін аталмыш курстарға жолдау жоспарлануда.
2008-2009 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Әділет Институты Академия мемлекеттік Басқармасының магистратура түлектерінен 7 судья Ақтөбе облыс соттарының корпусын толтырған болатын. Қазір олардың 2-еуі бала күтіміне байланысты демалыста, 1-еуі Ақтөбе қалалық сот судьясы, 1-еуі Ақтөбе қалалық №2 соты, 3-еуі аудандық соттарда қызмет етеді.
Аталмыш судьяларға тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыстық соттардың ішінен зоналды судья, қалалық соттардың тәжірибелік судьяларының арасынан жетекші тағайындалады. Қызмет барысының бастапқы кездерінде бұл судьяларға жеңіл істерді бөлу түріндегі, тәжірибелі сот мәжілісі хатшыларын отырғызу түріндегі көмек көрсетілген болатын.
Бұдан басқа аталмыш 5 магистрант-судьялардың облыстық сотта тәжірибе өтуі жүзеге асырылды (2-еуі бала күтіміне байланысты демалыста), 1-еуі қызметінің алғашқы бірінші жылында облыстық сотта тәжірибе өтсе, тағы 2-еуі Әділет Институтында өткен болатын.
Магистрант – судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру деңгейін, олардың одан әрі біліктілік деңгейлерін жоғарылату мақсатында аталмыш судьялардың ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларын, зоналды судья, жетекшілерінің анықтама-ақпараттары, олармен қаралған істердің өзгертілген және бұзылған істері бойынша статистикалық ақпараттар тыңдатылды.
Аталмыш жұмыстарды жүргізу барысында магистрант-судьялардың істі қарау кезінде іс жүргізу нормаларының бұзылуы, олардың қызметтік тәжірибелерінің тапшылығы істердің өзгертілуі мен бұзылуына себеп болған. Сонымен қатар, зоналды судьялар мен жетекшілермен магистрант-судьялардың сот актілерін тиісті жасақтамайтындары анықталды.
Осыған байланысты, Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығымен оларға практикалық көмек көрсету мақсатында 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған арнайы жоспар жасақталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Академия Институты судьялардың, сот жүйесіндегі қызметкерлердің қызметтік біліктілігін жоғарылатудың бірден бірі көзі болып табылады.
Сондықтан Институт Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығына оқу жоспарларын уақытылы жолдап тұрса, бұл аталмыш сабақтарға тиісті дайындалып, оқу барысының тиімділігін жоғары болар еді.
Институттың оқу бағдарламаларына ҚР Жоғарғы Соты судьяларының, сонымен қатар, оқу бағдарламаларына сот тәжірибесінде кездесетін өзекті мәселелер қозғалып, талқыланса магистрант-судьялардың теориялық және практикалық білімін толықтырар еді.
Бұдан басқа, сот төрелігін жүзеге асырудан басқа да тақырыптарға, судьялардың жалпы құқықтық мәдениетін одан әрі жоғарылату үшін Әділет Институтының, Парламент депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңсесінің мүшелері, Бас Прокуратурасының мамандары жұмылдырылуы қажет.
Облыс сот судьялары өз біліктіліктерін жетілдіру үшін облыстық сотының оқу бағдарламаларына қатысады, сонымен қатар, «Skype» бағдарламасы бойынша 12 қашықтан оқыту сабақтары жүргізілді.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР Жоғарғы Сотының судьяларымен өткізілді.
Өткізілген қашықтан оқыту бағдарламаларының судьялар үшін өте қажетті екендігі жасақталған талдау нәтижесінде белгілі болды. Облыстық соттың оқу орталығының жоспарын жасақтау барысында судьялардың қажеттіліктері ескертіледі.
Қатысушы судьялар мұндай қашықтан оқыту жүйесінің тиімді де қолайлы екендігін атап, оқытуды жалғастыру туралы піріклерін айтты.
Судьялармен пікір алысу кезінде судьялар мынадай өзекті сұрақтар бойынша оқыту жүргізу туралы тілектер білдірілді.
Азаматтық құқық бойынша
- орындау міндеттемелерін қамтамасыз етудегі сұрақтар
- заңдылық мағынасы бар азаматтық істерді қарау ерекшеліктері
- мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша сот тәжірибесі
- салық даулары бойынша жалпы юрисдикцияда қаралатын істер
- азаматтық істерді қарау барысында медиация институтын қолдану
Қалмыстық істер бойынша
- экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, жалған кәсіпкерлік
- өз қызметтік уәкілеттігін асыра пайдалану
- есірткі заттарына байланысты қаралатын қылмыстық істер бойынша
Аталмыш қашықтан оқыту сабақтарының қаншалықты тиімділігі жөнінде судьялар арасында жазбаша сауалнамалар жүргізілді. Судьялармен мұндай оқытулардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділігі мол екені анықталды.
Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады.











