Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы ереже

 

БЕКІТЕМІН»

Ақтөбе облыстық

сотының төрағасы

Б.Ә.Бекназаров

            03.08.2009 жылғы № 174

Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы (әрі қарай-Оқу  орталығы ) білім беру органы болып есептеледі.

Оқу  орталығы Ақтөбе облыстық сотының судьяларының үздіксіз біліктілігін көтеру, сот төрелігі жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот процестерінің жүргізі мәдениетін көтеру.

Оқу  орталығының негізгі бағыттары:

-сот жүйесінің халықаралық стандарттарына сай жасау, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру

-заң ғылымдарымен білім және практикамен өзара байланысты нығайтуға ықпал жасау

-қолданыстағы заңнамаларды және сот практикасын қолданудағы көкейкесті мәселелерді, судьяларды оқыту қажеттілігін, оқытудың басымдықтарын, нысанын және әдістерін анықтау және талдау

-құқық қолдану практикасындағы көкейкесті проблемаларды анықтау және талдау, құқық нормаларын біркелкі қолдануды қалыптастыру

-судьялады және сот кеңселерінің мамандарын оқытуды ұйымдастыру

-мемлекеттік тілді зерделеу және қолдану аясын кеңейтуге ықпал жасау

-судьялардың және судья қызметіне үміткерлердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру

-қажеттілігіне қарай облыс судьяларының республикалық, облыстық және аймақтық оқу бағдарламаларына қатысуын қаматамасыз ету

-оқу орталығының біліктілігін арттыру бағдарламасы Ақтөбе қалалық сотының барлық судьяларына арналған

-Осыған байланысты келесілерге ерекше көңіл аударылады

-судья қызметіндегі өтілі аз судьяларға

-құқық қолдану практикасында кезедскен қиындықтардан сот төрелігін жүзеге асыру процесінде қателіктерге жол берген судьяларға

Оқу орталығы өз қызметінде басшылыққа алады:

-Қазақстан Республиксындағы 2007-2012 жылдарға арналған сот білім стратегиясын

-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының  2005 жылдың 12 қыркүйгінде өкімімен бекітілген жас судьялардың кәсіптік деңгейін көтеру және сот қызметіне байланысты білім алу туралы 2005-2007 жылғы арнайы бағдарламасын.

-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2006 жылдың 18 қазанындағы өкімімен бекітілген облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының жоғарғы тұрған соттарда тағылымдамадан өту ережесін.

-Ақтөбе облыстық сотының регламентін.

-Осы ережемен.

2. Жұмысты ұйымдастыру

2.1. Оқу орталық Ақтөбе облыстық соты төрағасы өкімімен Ақтөбе облыстық сот негізінде құрылған.

2.2. Оқу орталық судьялардың біліктілігін арттыру жұмыстарын бес секция бойынша жүзеге асырады.

-азаматтық құқық және процестер бойынша мәселелер;

-қылмыстық құқық және процестер бойынша мәселелер;

-әкімшілік құқық және процестер бойынша мәселелер;

-облыс судьяларының мемілекеттік тілді тереңдетіп зерделеуі және оның қолдану аясын кеңейту;

-Соттар мен судьяларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сонымен қатар судьялыққа үміткерлердің жұмысын ұйымдастыру.

2.3. Оқу орталығының қызметін оқу бағдарламасының үйлестірушісі  жүзеге асырады.

2.4. Орталықтың басшысы оқу – әдістемелік орталығының  модераторларының қызметін үйлестіру үшін:

-облыстық соттың аппеляциялық және кассациялық алқа төрағаларының және модераторлардың келісімі бойынша соттардың құқық қолдану практикасының нәтижесі және оқыту қажеттілігі шеңберінде дәрістердің, семинарлардың, практикалық сабақтардың тақырыптарын әзірлейді;

-Ақтөбе облыстық сотының төрағасына оқу –әдістемелік орталығының жоспарын келісу және бекіту үшін ұсынады;

-облыстық сотта және ҚР Жоғарғы Сотында тағылымдамадан өтуге, біліктілігін арттыруға жіберу үшін судьялардың кандиатуралары бойынша облыстық соттың төрағасына ұсыныстар жасайды;

-жаңадан тағаайындалған судьялардың сотта тағылымдамадан өтуіне әдістемелік көмек көрсетеді;

-әдістемелік құралдарды әзірлеу және дайындау туралы ұсыныстар жасайды;

-облыстық соттың сот практикасы жинағына материалдар дайындауға ықпал жасайды;

-судьяларды оқыту бойынша шараларды жүзеге асыруға байланысты тәлімгерлермен, базалық сот төрағасымен, Жоғарғы Сот жанындағы оқу бағдарламасының үйлестірушісімен, ҚР президенті жанындағы мемілекеттік басқару академиясы

Сот төрелігі институтымен,судьялар одағының Ақтөбе филиалымен, өзара ынтымақтаса жұмыс жүргізеді;

-жарты жылдың қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыстық соттың төрағасына ақпарат береді, ал жылдың нәтижесі бойынша есеп ұсынады;

-оқу процесін жетілдіру бойынша жылдық оқу бағдарламасының тиімділігіне, нәтижелігіне талдау жасайды, сонымен қатар білім бағдарламаларының жұмысына белсене қатысқан судьяларды көтермелеу туралы облыстық соттың төрағасына ұсыныс жасайды;

-Ақтөбе облыстық сотында семинар тақырыптарын әзірлеуге қатысады;

-Оқу жоспары бойынша сабақ өткізуді ұйымдастырады;

-Ақтөбе облыстық сотының тағылымдама жоспарын орындау үшін, тағылымдама жетекшілеріне практикалық көмек көрсетеді;

-Облыстық соттың сот практикасының Жинағына жариялау үшін әдістемелік құралдар ұсынымдар және басқа да материалдарды дайындауға қатысады;

3.Оқу процестерін ұйымдастыру

3.1.Оқу орталығының әдістемелік жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

-жаңадан тағайындалған судьялардың және құқық қорғау практикасында қиындықтарды сезінген судьялардың қызметтеріне әдістемелік және жеке оқыту үшін жетекшілікті жізеге асыру;

-аудиторлық, семинарлық сабақтар;

-тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;

3.2. Жеке оқыту  жетекшілермен бекітілген (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары) және модераторлармен (Ақтөбе облыстық сотының судьялары) жеке оқыту жоспары негізінде жүзеге асырылады;

3.3.Аудиторлық сабақтар Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен бекітілген оқу әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарының негізінде үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

-дәріс;

-семинар;

-практикалық сабақтар.

Оқыту процесіне лекторлар есебінде құқық салалары бойынша тәжірибесі мол  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, нақты мамандандыруға сәйкес Ақтөбе облыстық сотының судьялары тартылады.

3.4.Семинар- семинар сабақтарының бекітілген жоспары бойынша Ақтөбе қалалық сотының судьяларының қатысуымен өткізіледі.Семинардың материалдары 5 күн өткеннен кейін Ақтөбе облыстық сотының Оқу орталығына жіберіледі. Семинардың материалдары алқа төрағасымен келісулі және бекітілуі тиіс. Баяндамалар мен рефераттар  Ақтөбе облыстық сотының зональдық судьяларымен және жетекшілермен 10 күн ішінде жазбаша түрде бекітіледі.

Семинар жұмыстары мен судьялардың жеке жұмыстары жарты жылдықта бір рет талқыланып және модеторлар мен оқу әдістемелік бағдарламаның үйлестірушісімен баға беріледі, қортындысы туралы Ақтөбе облыстық сотының төрағасына ақпарат береді.

3.5.Оқу әдістемелік орталығы –республикалық оқу бағдарламасына қатысу үшін, ҚР Президенті жанындағы мемілекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтымен бірге аудандық және оған теңестірілген соттарға судьялыққа үміткерлерге тағылымдамадан өту үшін әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге ықпал жасай отырып, оқуға қажетті талдау жасайды және әдістемелік көмек көрсету үшін мідделі органдарға уақытылы хабар береді.

4. Судьялардың тағылымдамасы

4.1. Судьяларды тағылымдамадан өткізу 1 аптадан кем болмауы тиіс.

4.2. Жаңадан тағайындалған судьяларға Ақтөбе облыстық сотында 2 апта бойы тағылымдамадан өтеді. Тағылымдаманың қортындысы жедел кеңес алқасында, Ақтөбе облыстық соты төрағасының жазбаша есебімен бекітіледі.

4.3.Судьялардың облыстық соттағы тағылымдамасын мамандану бойынша алқалар Ақтөбе облыстық сотының судьяларының басшылығымен, алқа төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырады.Судьялардың тағылымдама кестесі  оқу орталығының үйлестірушісімен  алдағы жарты жылға жасалады және Ақтөбе қалалық сот алқасының төрағасымен  судьялардың тағылымдамадан өту қажеттілігіне байланысты келісіліп Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен бекітіледі.

Тағылымдамадан өтердің алдында, тағылымдаманың тиімділігі арттыру үшін Ақтөбе облыстық  сотына тәлімгер судья төрағалығымен, заңды күшіне енген, бірақ аппеляциялық және қадағалау алқасында қаралмаған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істері зерделеуге жіберіледі. Егер алқа төрағасымен  басқа да жағдай анықталмаса, зерделеуге судьяның соңғы үш жылда қаралған істері жатады.

Алдын-ала тағылымдамадан өтуші судьяның жұмысын салыстыру мақсатында кесте көрсеткіші құрастырылады және жоғарыда тұрған соттың қаулы көшірмесі тіркеледі. Судьяның өзгертілген және күші жойылған үкімі шешімі және қаулысы бойынша. Алқа төрағаларымен алқалық тағылымдаманың жетекшілері тағайындалады. Жетекшілер, тағылымдамашы судьямен бірге зерделеу қортындыларын ескеріп, сот  қателіктерінің себептерін талдап тағылымдаманың жеке жоспарын дайындауға ықпал жасайды және тағылымдамның өтілуін бақылайды.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін тәлімгер-судья есеп береді, тағылымдама жетекшісі жазбаша пікір жазады. Жазбаша пікір Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен, алқа төрағаларымен,  тағылымдаманың жетекшілерімен  әдістемелік және практикалық көмек көрсетуші модераторлармен  және тағылымдамашы судьямен  жедел кеңесте талқыланады.

Тағылымдамашының есеп көшірмесі, тағылымдама жетекшісінің жазбаша пікірі және жедел кеңестің шешімі туралы хаттама Ақтөбе облыстық соттар әкімшісіне судьяның жеке іс парағына тіркеу үшін сонымен қатар тағылымдамашы судья қызмет ететін соттың төрағасына мәлімет үшін жолданады.

4.4.Оқу бағдарламасының үйлестірушісі сәйкес бағдарламаны қалыптастыру үшін облыстық сот судьяларының тағылымдамадан өту қажеттігі туралы Ақтөбе облыстық соттар әкімшісіне ҚР Жоғарғы Сотына ұсыныс беру үшін ақпарат жолдайды.

5. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

5.1.Оқу орталықтың әдістемелік қызметі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

-жаңадан тағайындалған судьяларға және құқық қолдану практикасында қиындықтарды сезінген судьяларға (аудандық соттың тәжірибелі судьясы немесе Ақтөбе облыстық сотының судьясы) Ақтөбе облыстық сотының жеке бекітілген жоспары бойынша жаңадан тағайындалған судьялардың өндірісінде құқыққорғау практикасындағы көкейкесті мәселелер жайында реферат дайындап, семинар сабақтарында қорғауға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

-жекеленген санаттағы істерді қарау бойынша ұсыныстарды, әдістемелік құралдарды Ақтөбе облыстық сотымен дайындау және ұйымдастыру;

- Ақтөбе облыстық сотының талдау нәтижелері, сот практикасының қорытулары, құқыққолдану практикасындағы оң тәжірибелерді тарату туралы ақпараттарға қол жетімдігін қамтамасыз ету;

-тәлімгерліктің  және тәлімгердің тиімділігіне және дамуына ықпал жасау;

5.2.Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялыққа үміткерлермен жұмысна әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облыстық сотында тағылымдамадан өтушілер үшін есеп жүргізіледі; тағылымдаманы тиімді талдау. Аудандық және оған теңестірілген соттарда тағылымдама аяқталғаннан кейін Ақтөбе облыстық сотында судьялыққа үміткерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін зерделеу  үшін екі апталық        таныстыру тағылымдамасы      өткізіледі. Пленарлық отырыстың қарауына дейін тәлімгер–үміткердің есебі, күнделігі және басқа да материалдары Ақтөбе облыстық сотының судьясымен зерделеніп бекітіледі.

5.3.Әдістемелік жетекші  жаңадан тағайындалған судьяларға және құқық қолдану практикасында қиындықтарды сезінген судьяларға алғашқы бір жылда жеке түрде бақылау жасайды, Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен бекітілген жекеше жасалған жоспар бойынша жетекші тағайындап (аудандық соттың тәжірибелі судьясы немесе Ақтөбе облыстық сотының судьясы)  жаңадан тағайындалған судьялардың өндірісінде құқыққорғау практикасындағы көкейкесті мәселелер жайында реферат дайындауға, семинар сабақтарын қорғауға әдістемелік және практикалық көмек көрсету арқылы жүзеге асырады;           Рефератта жетекші мен ментормен бекітілуі керек.

Аймақтық судьялардың сот төрелігінің сапасын зерделеу үшін тоқсан сайын сот актілерінің жүргізілуіне пікір білдіріліп отырады. Судьялардың пікірлері негізінде, құқыққорғау практикасының қортындысын және тағылымдаманы ескере отырып, сот алқасының және Оқу–әдістемелік орталығы жетекшісінің Ақтөбе облыстық сотының төрағасына жаңадан тағайындалған судьяларды бақылаудан алып тастауға немесе  қызметке орналасқан күннен бастап 3 жылға дейін             создыруға         ұсыныс жасайды.

5.4.Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына практикалық көмек көрсету Ақтөбе облыстық соты төрағасының бекіткен жоспары негізінде жүзеге асырылады. Талдау қортындысының негізінде соттардың құқыққорғау қызметінде жіберілген қателерін, судьяның ұсынысы негізінде, Оқу орталығы жекеленген санаттағы істерді әдістемелік құралдарды облыстық соттпен бірге дайындап ұйымдастырады.

Оқу әдістемелік орталығы  тоқсан сайын шығатын Ақтөбе қалалық сотының Сот тәжірибесі Жинағына, WEB-сайтқа, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар дайындап, оны орналастыруға көмектеседі.

5.5.Әдістемелік көмек семинар сабақтарын өткізу, зерделеу және оң тәжірибелерді тарату жолымен жүргізіледі.

Жаңадан тағайындалған судьяларға тиімді әдістемелік көмек көрсету мақсатында Оқу –әдістемелік орталығы Судьялар одағы Ақтөбе филиалымен, аудандық соттармен,  Ақтөбе облыстық сотының ұйымдастыру –талдау бөлімімен ықпалдаса жұмыс жүргізеді.

6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Оқу орталығының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі Ақтөбе облыстық соттар әкімшісімен жүзеге асырылады.

 

 

AttachmentSize
ұсыну.pdf47.48 KB