Ақтөбе облыстық сотының 2009 жылғы 12 айында атқарған жұмыстары туралы

 

Ақтөбе облыстық сотының 2009 жылғы 12 айында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

1. Қылмыстық алқасының жұмысы

          1.1. Бірінші сатымен қылмыстық істерді қарау

 

            Ақтөбе облыстық сотына 2009 жылы бірінші сатымен қарауға 21 кылмыстық іс түскен,оның ішінде бір іс алдыңғы жылдан калған.

            Сонымен, өндірісте 22 іс болған, ал былтырғы жылмен салыстырсақ – былтыр 21 іс бірінші сатымен қаралған.

            20 қылмыстық іс 35 адамға өндірістен аяқталған, оның ішінде 17 іс бойынша  24 адамға үкім шығарылған, ал 2008 жылы 20 іс бойынша 51 адамға үкім шығарылған.

            Ақтөбе облыстық соты төрағасының өкімі негізінде бойынша істерді мамандандыру ретімен бес судья қараған. Олар – Г.Т. Байтұрсынова, Б.Ө. Өмірбаева, М.Т. Қосымбетов, А.Т. Төлегенов, К.Е. Бимұрзаев.

            2 адамға медициналық сипаттама ретінде мәжбүрлеу шаралары қолданылған.

            2010 жылғы 1 қаңтарға 2 іс 9 адамға қалдықта қалып тұр.

            Барлық істер жақсы ұйымдастыру деңгейінде қаралған, қарау мерзімі бұзылмаған.

            Аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға неғұрлым қатаң жаза колданылған.

            Апелляциялық сатыға 14 үкім бойынша  20 адамға шағым келтірілген. Осы барлық іс бойынша үкімдерді Жоғарғы Сот  заңды және негізді деп табылған.

            Апелляциялық сатыда күші жойылған және өзгертілген үкімдер жоқ. Бұндай нәтиже он жылда бірінші рет болып тұр.

            Осы айтылған кезеңде 3 жеке қаулы шығарылған, ал 2008 жылы 8 жеке қаулы шығарылган.

 

            1.2. Апелляциялық сатыда қылмыстық істерді қарау

            2009 жылы апелляциялық сатыда 490 іс 572 адамға, 2008 жылы 458 іс 607 адамға қаралған, сонымен істердің сотқа түсуі көбейген.

            Дер кезінде алқа мәжілісінде  соттардың қателері дұрысталған, оған келесі деректер куәландырады.        

            16 адамның, яғни 0,5 пайыз сотталғандардың үкімдері күшін жойған, 58 адамның, яғни 1,9 пайыз сотталғандыардың үкімі өзгертілген.

            Осының ішінде 5 адамның, яғни 8,6 пайыз сотталгандырдға қатысты үкімдерде қылмыстың саралауы өзгеріп, жазасы өзгермеген.

            23 адамға, яғни 39,7 пайыз өзгертілген шешімдерге, 16 адамға яғни 27,6 пайыз - қылмыстың саралауы өзгермей өтеу жазасы қатаңдатылған, 5 адамға яғни 8,6 пайыз - қылмыстың саралауы өзгеріп, жазасыда қатаңдатылған.

            Барлығы 74 адамға немесе 2,4 пайыз барлық  3111 сотталғандарға шаққанда үкімдері күшін жойган және өзгертілген, ал 2008 жылы 68 адамға немесе 2,2, пайыз барлық 3046 сотталғандарға шаққанда үкім бұзылған және өзгертілген.

            Қылмыстық істер қаралу сапасы  былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеген.

            Оның ішінде № 2 қалалық сотының үкімдері бұзылған– 9 тұлғаға қатысты, одан кейін Мұғалжар аудандық сотының 3 тұлғаға  қатысты шығарылған үкімдері бұзылған. Аталмыш үкімдер  Мұғалжар аудандық сотының төрағасы – Ш.А. Алнияз және № 2 қалалық сотының судьясы Р. К. Қостановалармен шығарылған.

            № 2 Ақтөбе  қалалық сотымен, Алға, Шалқар, Мартөк және Хромтау аудандық соттарымен  өте көп өзгерістер жіберілген.

Қателерді жіберген судьялар: № 2 қалалық судьялары –  Н.М. Бисени 6 тұлғаға қатысты үкім бойынша, Р.С. Ахметова 5 тұлғаға қатысты үкім бойынша, Г.А. Тлепова, Шмирова З.Г. және М.К. Дұйсен 4 тұлғаға қатысты үкім бойынша, Алға аудандықсотының судьясы Ж. Сұлтанова және Мартөк аудандық сотының судьясы М. Сарсеновтер тұлғаға қатысты үкім бойынша.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша  заң күшіне еңбеген  182  тұлғаға қатысты  істер қаралған.

Олардың ішінен 21 адамға қаулылар өзгертілді немесе 11,5 пайызды құрайды, шағым келтірілген қаулылар бойынша- 4 адамға жазасын жоғарлатып, саралау өзгертумен, 13 адамға саралауын өзгертусіз, 6 адамға жазасын жеңілдету, 7 адамға басқа негіздермен өзгертілген.

Әкімшілік құқық бұзушылар туралы істер бойынша 11 адамға байланысты қаулылар бұзылды. Олардың ішінен 6 адамға жаңа қаулы шығарумен, 5 адамға іс жүргізуін қысқартумен бұзылды.

Апелляциялық сатымен алдын-ала тергеу барысында және сот отырысында табылған қателіктерді тез жою макқсатында жұмыс өткізіліп  және қылмысқа келтіретін жағдайларды зертеп отырған.

2009 жылы апелляциялық сатымен 38 жеке қаулы шығарылған,  2008-ші  салыстырмалы жылы 15 жеке қаулы шығарылған.

Барлық шығарылған жеке қаулыларға жауаптары келіп түсті.

Сонымен қатар, 48 ұсыным хаттары соттар тарапына келтірілген.

Барлық апеляциялық сатыда қаралған істер  ҚР ҚІЖК-ң 423 бабына сай ресімделген , соның ішінде 453 іс бойынша және 92,4 пайызын құрайды,ол барлық қаралған істерге шаққанда үш күн ішінде ресімделген..

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда алқаның жұмысы апелляциялық тәрбімен шығарылған қаулыларда тексерілді.

Есептік кезеңде қадақалау алқасы 3 тұлғаға қатысты үкімнің   күшін жойған.

 Мұғалжар аудандық сотының 176 бабының 3 бөлімінің «б,г» тармағымен сотталган Ж.У. Талдыбаевқа қатысты ақтау үкімін және апелляциялық сатымен осыған байланысты шығарылған қаулыны бұзған, себебі дәлелдемелері зертелмеген.(баяндамашы Бимурзаев К.)

2 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша үкімдері бұзылып өндірісіте істер бойынша  қылмыстық құрамы болмауына байланысты  қысқартылған,  2009 жылы 20 тамызында шығарылған қаулысымен қадағалау алқасы № 2 қалалық сотының 2009 жылы 30 сәуірде шығарылған  С.А. Русиновке қатысты үкімді және апелляциялық сатымен 2009 жылы 02 маусымда шығарылган қаулы бұзылып және де  2009 жылы 08 қазанда Б.Ж.  Юнуске қатысты № 2 қалалық сотының  2009 жылы 19 мамыр айында шығарылған үкімі және 2009 жылы осыған байланысты  14 шілдеде шығарылған апелляциялық қаулы бұзылған.

Қылмыс саралауы өзгеріп женілдеу қылмыс құрамын белгілеп жеңілдеу жазасы қолданылған бір адамға. Бұл № 2 қалалық сотының 2009 жылы 12 мамырда шығарылған үкім және осы іске байланысты 2009 жылы 23 маусымда шығарылған қаулы  ҚР ҚҚ-ң 103 бабы 2 бөлімі «ж» тармағынан қайта дәрежеленген С.Ж.Байбосыновтың іс әрекеттері 257 бабы 2 бөлімі «а» тармағымен 1 жылға өтейтін мерзімі азайтылған.

Екі адамға қылмыстың саралауы өзгертілмей тағайындалған жазаны көбейтіп үкім және апелляциялық қаулы өзгертілген.

Бір адамға қылмыстың саралауы өзгеріп неғұрлым аса ауыр қылмысқа және жазаны неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылған.

Екі апелляциялық алқасының қаулысы өзгертілген, сол себептен екі үкім үш адамға қалпына келтірілген. Бұл №2 қалалық сотының 2008 жылы 4 желтоқсанда шығарылған ҚР ҚКнің 175 бабының 2 бөлімі «а» тармагымен сотталған А.П. Оспановқа қатысты үкім және апелляциялық сатымен шығарылған қаулы және ҚР ҚК-нің 251 бабы 2 бөлімімен сотталған А.С.Байғанатов пен А.Б. Сундетовке байланысты №2 қалалық сотының 2009 жылы 20 шілдеде шығарылған үкім және апеляциялық сатымен 2009 жылы 1 қыркүйекте шығарылған қаулы.

Бір адамға бірінші сатының әкімшілік ісі бойынша  қаулысы бұзылған. Бұл ҚР ӘҚБК-ң 467 бабының 1 бөлімімен А.С. Маденге байланысты  қаралған әкімшілік іс.

Әкімшілік істер бойынша бірінші сатының қаулысы немесе облыстық сотының ұйғарымы өзгертілген жоқ.

Жалпы, 2009 жылы сот төрелігін жоғары деңгейде ұстау үшін  алқа тарапынан бірінші сатының судьяларымен бірталай жұмыс жасалған.

Апелляциялық және қадағалау жұмысын қарап сот практикасы кейбір істердің санаттарын қорытындылады.

Соның ішінде, тұрғын үй және жер төлемін алып беремін деп азаматтардың қаражатын имденіп алаяқтық жолымен және азаматтарды қорқытып алу туралы, сот актілерін толықтыру сапасы, қылмыстық істер бойынша жеке қаулы шығару, заңсыз нашақорлық пен айналысу туралы қаралған қылмыстық істер, жеке айыптау ретінде қаралған істер, бас бостандығынан айырмай ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылған жаза, адамдарды заңсыз әкету және саудалау, нәсіпқұмарлық, еңбек және басқа мақсаттарында  пайдалану ҚР ӘҚБК-ң 469 бабы бойынша әкімшілік сотпен қаралған әкімшілік істер, сотта іс қарау барысын кейінге қалдыру, істі тоқтату және ұзарту мерзімі, №2 қалалық сотының өндірісінде қаралған істер, бұл істер апелляциялық және қадағалау сатымен 2009 жылғы 10-айдың қорытындысы бойынша себептері талқыланды.

Жоспар бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары облыстық сотта тағылымдамадан өткен, қорытындысы жедел жиналысында тыңдалды.

Соның ішінде, №2 Мұғалжар аудандық сотының судьясы К.С. Сембековтың, Байғанин аудандық сотының судьясы А. Бисенғалидың, №2 қалалық сотының судьялры Н. Тлепованың, Н.М. Бисенидің және Р.С. Ахметованың тағылымдамадан өткендігі туралы есебі жедел жиналыста талқыланды.

Дөңгелек стол ретімен, облыстық және қалалық прокуратураның, құқық қорғау органдарының және сараптама мекемесінің қызметкерлерімен біріккен отырысы келесі тақырыптар бойынша  өткізілді.

-                                нашақорлық, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, өндіру, сақтау, тасымалдау, жөнелту мақсатында жасалған қылмыстық біліктілігі,

-                                2008 жылда қолданылған қамау және қамауды ұзарту сот практикасын талқылау,

-                                жалған кәсіпкерлік бойынша заңнаманың кейбір сұрақтары бойынша 2009 жылы 12 қаңтарында шығарылған ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын талқылау,

-                                бұзақылық бойынша заңнаманы қолдану туралы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын талқылау.

Облыс судьяларымен семинар сабақтары төмендегі тақырыптар бойынша өткізілген:

-                                апелляциялық сатымен қаралған қылмыстық істер бойынша,

-                                сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық істерді қарау реті,

-                                жазаны тағайындау реті.

-                                қылмыстық істерді қарау барысында сот сараптамасын тағайындау және өткізуде ұйымдастыру сұрақтарын талқылау,

Ақтөбе облыстық сотының судьяларымен семинар сабақтары келесі тақыраптары бойынша өткізілген:

-                                апелляциялық сатымен қаралған қылмыстық істер,

-                                сыбайлас жемқорлық бойынша қаралған қылмыстық істер,

-                                қылмыстық істерді өндіріске алу және басты сот талқылауы,

-                                № 2 Ақтөбе  қалалық сотының 2009 жылғы 1 тоқсанында сот төрелігін жөнелту,

-                                бөтен мулікті ұрлау жөнінде қылмыстық істерді қарау,

-                                ҚР ҚК-нің 67 бабы бойынша қолданылатын заңнаманың қателіктерін тузеу.

ҚР –ң қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу кодекстеріне енгізілген өзгерістерге ерекше назар және маңыз аударылды. Осы жылдың төртінші тоқсанында алқа билердың тізімі жасалып, ашылатын мамандырылған қылмыстық соттың судьялыққа кандидаттар және осы сотта жұмыс жасайтын мамандармен оқыту сабақтары жургізілді, осы сұрақтар бойынша қандай мәселелер туындайтыны қарастырылған.

 

2. Азаматтық істер қарайтын алқасының жұмысы туралы.

            Азаматтық істер қарайтын статистикалық деректердің талдауы бойынша соңғы үш жылдықтың үрдісі сақталғанын облыстың қалалық, аудандық соттарымен қаралған азаматтық істер санының көбейуі.

            Алқа өзінің өкілеттілігінде тек қана төменгі соттардың жіберген соттық қателігін жоюмен айналыспай қалалық, аудандық соттардың жұмысын көтеру мақсатында жұмыс жасады.

             Облыс бойынша 2008 жылда қаралған азаматты істердің сот тәжіребесін талдап, алқа анықталған кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше қатар оқу- әдістемелік іс-шара әзірледі.

              Облыстың сот корпус құрамында 20 жас судья жұмыс жасайтына және олардың жұмыс жасау өтімі 3 жыл екендігіне назар аудара отырып, оларға практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық соттың басшылығымен бөлек жоспар бойынша семинар-оқулары жүргізілді, сол кезде осы судьялармен талап арыз түсіп, өндіріске қабылданғаннан бастап, іс бойынша сот актісін шығаруға дейін сұрақтар талқыланды.

            Облыстық сотта орналасқан  Ақтөбе қалалық сотының судьяларымен, мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотымен және аудандардағы жас судьялардың  қатысуымен оқу – ақпарат орталығында  әр жетінің бейсенбісі күні  уақытымен жаңа база кабинетінде семинар сабақтары өткізіледі.

            Семинар сабақтарын облыстық соттың  тәжрибесі мол азаматтық алқасының судьялары өткізеді. Талап арыз материалдарын пайдаланып әр түрлі дау туғызатын жағдайлар және осыларға шығарылатын сот актілерінің мазмұны семинарға қатысушылармен сұрақ қою арқылы талқыланып, іс жүргізу заңнамасын қолдану барсында туындайтын сот жұмысында, теориялық сұрақтардан  басқасы, әр семинар сабақтарының тақырыптары зерделеніп бақлауда болды.

            Бұдан басқа да, әр түрлі категориядағы азаматтық істер бойынша  жас судьялар мен оқу «модельдық» іс жүргізу өткізіліп сот жүзіндегі материалдық және іс жүргізу заңнамасын қолдану барысында белсенді талқылап, семинарға қатысушылар қызыға қабылдайды.

            Белседі қатысушы жас судьялардың  көз қарасы мен қортындысын талқылау барсында пофессиональдық дағды және он роль ойнап белседі орын алады, судья лауазымында болғанда тәжрибелік көмек ретінде пайдаланады.

            Бүтіндеп айтқанда сот төрелігін іске асыру сапасы бойынша азаматтық істер, есептік кезенде облыстық судьялармен не бары 32 семинар сабақтары өткізілді.

            Біліктілік судьясына көтерлу шарасына қарамастан  сот төрелігін іске асыру бөлек судьялардан толық шара қамтамасыз етілмейді және заң бұзушылық осы күнге дейін орын алады сол себептен азаматтар жағынан және заңды тұлғалардан   негізделген шағымдар көп түседі

Облыстық сотта орналасқан  Ақтөбе қалалық сотының судьяларымен,

мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотымен және аудандардағы жас судьялардың  қатысуымен оқу – ақпарат орталығында  әр жетінің бейсенбісі күні  уақытымен жаңа база кабинетінде семинар сабақтары өткізіледі.

            Семинар сабақтарын облыстық соттың  тәжрибесі мол азаматтық алқасының судьялары өткізеді. Талап арыз материалдарын пайдаланып әр түрлі дау туғызатын жағдайлар және осыларға шығарылатын сот актілерінің мазмұны семинарға қатысушылармен сұрақ қою арқылы талқыланып, іс жүргізу заңнамасын қолдану барсында туындайтын сот жұмысында, теориялық сұрақтардан  басқасы, әр семинар сабақтарының тақырыптары зерделеніп бақлауда болды.

            Бұдан басқа да, әр түрлі категориядағы азаматтық істер бойынша  жас судьялар мен оқу «модельдық» іс жүргізу өткізіліп сот жүзіндегі материалдық және іс жүргізу заңнамасын қолдану барысында белсенді талқылап, семинарға қатысушылар қызыға қабылдайды.

            Белседі қатысушы жас судьялардың  көз қарасы мен қортындысын талқылау барсында пофессиональдық дағды және он роль ойнап белседі орын алады, судья лауазымында болғанда тәжрибелік көмек ретінде пайдаланады.

            Бүтіндеп айтқанда сот төрелігін іске асыру сапасы бойынша азаматтық істер, есептік кезенде облыстық судьялармен не бары 32 семинар сабақтары өткізілді.

            Біліктілік судьясына көтерлу шарасына қарамастан  сот төрелігін іске асыру бөлек судьялардан толық шара қамтамасыз етілмейді және заң бұзушылық осы күнге дейін орын алады сол себептен азаматтар жағынан және заңды тұлғалардан   негізделген шағымдар көп түседі

            Үлгі ретінде, Коздибаеваның қайта-қайта облыстық сотқа және Жоғарғы Сотқа шағымданғанының  себебі, судья А.Я. Бижанованың процессуалдық заңнаманы өрескел бұзған ушін, мемлекеттік тілінде Қазақстан Республикасының атынан жазылған шешім стилистикалық және орфографикалық қателермен жазылған және сот процессі дұрыс ұйымдастырылмаған.

            Статистикалық талдау деректеріне сүйенсек, 2009 жылдың 12 айында 22752 іс өндірісімен аяқталған, ол көрсеткіш 1090 іске немесе 4,8 пайызға 2008 жылынан көптеу, 2008 жылдың 12 айында 21662 іс қаралды, бұл жағдай азаматтық процессуалдық заңнамада көптеген өгерістер еңген соң азаматтардың шағымдары көбейген.

2009 жылдың 12 айында шешім шығару мен 14271 іс қаралды, немесе 62,7 пайыз барлық аяқталған істерге шаққанда, салыстырғанда осы мезгілде 2008 жылы 1079 іске көп, немесе 60,8 пайыз.

2009 жылдың 12 айында 1521 іс апелляциялық сатыда шағымдалды және наразылық берілді, оның ішінде 21 іс прокурордың наразылығы бойынша, 1400 іс шағым бойынша, 2008 жылмен салыстырғанда 12 айда 1247 іс қаралды, оның ішінде 37 іс наразылық бойынша, 1072 іс шағым бойынша.

Азаматтық іс талкылаунда жіберілген кемшілектерді жою мақсатымен апелляциялық алқасымен осы статистикалық мезгілде 28 жеке ұйғарым шағарылды, былтырғы жылы 20 жеке ұйғарым шығарылды, 42 ұсынымдама хаттар дайындалды, оның ішінде 14 хат экономикалық сот тарапына, 2008 жылы 19 ұсынымдама хат дайындалды.

Қадағалау алқасына  2009 жылы 692 шағым түсті, 2008 жылы 499 шағым түсті, сонымен қадағалау сатымен 28 іске көптеу қаралды.

Кадағалау алқасына түскен барлық  шағымдардың ішінен 98-не  шешім қабылданған, 488 шағым қараудан бас тартылған.

Апелляциялық және наразылық тәжиребиесін азаматтық істерді қарағанда талдау ретінде көрсетілген, өзгерістер мен бұзылған шешімдердың себептері процессуалдық заңның талабы орындалмаған үшін, істің мән-жайларын анықтамағаны үшін жэне заңдарды дұрыс қолданбағанның кесірінен.

Тағыда шешімдерді күшін жою себептері жадығаттарды судьялар немқұрайлы қарайды , үстірті сот талқылауны дайындалады және де берілген жақтардың дәлелдемелеріне тиісті құқық баға берілмейді.

 

            2.1. Аппеляциялық сатыда іс қарау

Облыс соттарының азаматтық істерді қарау қорытындысы бойынша аппеляциялық шағым және наразалықпен түскен 87 шешім бұзылып, ол барлық сот шығарылған 0,6 пайызын құрайды,    былтырғы  жылы 54 шешім бұзылса 0,4 пайызын құраған.

Аппеляциялық тәртіппен өзгертілген 99 шешім, болмаса 0,7 пайыз,былтырғы жылы 103 шешім 0,8 пайыз болған.

Аппеляциялық сатыда бұзылған және өзгертілген істердің жалпы саны   186 болмаса 1,3, пайыз, былтырғы жылмен салыстырғанда- 157, болмаса 1,2 пайыз.

            Сөйтіп азаматтық істердің қарау сапасы былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген.

             Бұзылған және өзгертілген істерден Ақтөбе қалалық сотының үлестік саны -128, болмаса 68 пайыз, жалпы барлық қайта қаралған шешімдердің  жалпы санымен есептегенде.

            Бұзылған және өзгертілген істер көбіне Ақтөбе қалалық сотының судьялары Бижанова А.Я.-17, А.Н.Тажикенова -17, С.Т. Косумбетов -14, А.А. Бакытжанова-10, Ж.М.Ли -12, Г.Ж. Сулейменова-10, А.Н.Сейдуллаев-9 орын алған.

             Алқа судьялары аймақтықпен бекітілген қала, аудандық судьяларына үнемі методикалық көмек,семинарлық сабақтар, аудандық, қала соттарына шығу жолымен тәжірбиелі көмек көрсетіліп отырады. Олардың жұмыстары  барлық соттарға қорытындыланып зерденуге жіберіліп отырылады.

            Басты көңіл жаңа тағайынлдалған судьяларды тәлімгерліктен өткізуге қойылып отырды. Судьялардың сот қызметіндегі жұмыстарының барлық бағыты зерделеніп, соның ішінде  олардың жұмыс барысында іс жүргізу және материалдық заңдылықтарды тиісті дәрежеде қолдануына көңіл бөлінді.

            Аудандық қалалық соттардың судьялары облыстық алқасының жоспарына сәйкес тәлімгерлік біткеннен кейін түрлі категорияда қаралған істер бойынша әдістемелік кепілдеме әзірлейді.

            Алқа судьялары  жыл бойына 32 тақырыпқа семинар саабақтарын жүргізген, 12 семинар облыс аумағының ішінде, 14 семинар  соттың техникалық жұмысшыларының арасында өткізілген.

            Есептік кезеңде заңнамаларды қолдану тәжірбиесін зерделеу мақсатында, аудандық қалалық соттардың нақтылы азаматтық істеріндегі шешімдерінде көрсетілген көкейкесті дәресіндегі азаматтық істерді сот тәжірбиесінде үнемі зерделініп отырады.

Өткен жылда  барлығы 25 сот практикасының жиынтығы жасақталса,  былтырғы есептік кезеңде 24 жиынтық жасақталған.

            Көкейкесті мәселелерге жататын сыныптағы азаматтық істер жиынтықталып,  оларды қарау барысында темендегі тақырыпта  жалпы әдістеме жасақталды: Азаматтық істерді сырттай қарау барысында сот тәжірбиесі, қоршаған ортаны қорғау барысында сот тәжірбиесі, соның ішінде шет ел мемлекеттерінің құқықтықтарын қолдану, мемлекеттік органдардың қаулыларынына шағым келтіру барысындағы азаматтық істер, әкімшілік құқық бұушылық қарау құзыреттілігі, жол полициясының транспорт құрыларын тіркеу барысында немесе иесі деп тану барысында туындаған сұрақтар барысында да сот тәжірбесіне шағым беру, тұрғын үйдің иесі деп тану барысындадағы сот тәжірбиесі,  азаматтар мен заңды тұғалардың ар- намысын қорғау барысындағы сот тәжірбиесі, қызметтік атағы және моралдық залал, діне тұрғыда даулар бойынша қаралған азамматтық істер бойынша сот тәжірбиесі, ҚР-ң «Акционерлік қоғам жөніндегі» Заңымен  байланысты қаралған азаматтық істердің сот тәжірбиесі және т.б.

Алқаның басты көңіл қойып отырғаны ол  жасақталған іс шаралардың уақыттылы орындалуы болып отыр. Облыстық сот төрағасының өкімдері,  істердің уақыттылы қаралуы, соның ішінде істердің   қайта қаралуға жіберілген істер бойынша.

            Соған байланысты үнемі істердің уақытында қаралуы 3 айдан артық қаралмаған істер бойынша, 6 айдан артық қаралмаған  істер бойынша сонымен қатар қайта қаралуыға жіберілген істер бойынша қорытынды жасақталып кемшілік жіберген  судьялардың қатысуымен апта сайын  алқаның жедел кеңесінде талқыланып зерделеніп отырылады.

Әсіресе, 2009 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау қолға алынды.

 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жасақталған іс шаралар жоспарын  орындау барысында азаматтарды құқықтануға үйрету және тәрбиелеу, сот жүйесінінің беделін жақсы атағын көтеру  мақсатында 2009 жылы азаматтық құқықтық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарды жандандыру  телеарна бағдарламаларын санын көбейтуге,  радио бағдарламалардан құқықтық тақырыбта республикалық және жергілікті арналардан құқықтық бағдарламаларды кеңінен таратып, Веб сайтқа ақпараттар дайындау, құқықтық тәрбиеде туындаған көкейкесті мәселелердің шеңберін анықтап, оларды жою жолдарын шешу.

            Есептік кезеңде былтырғы жылмен салыстырғанда аппеляциялық сатыдағы қаралған істердің сот төрелігін іске асыру барысында сапасын жақсарту барысында үрдестігі көрініп отыр.

            Қадағалау тәртібіндегі бұзылған, өзгертілген істер көбіне Ақтөбе қалалық сотымен жіберіліп отыр, шағымданған және назарлық келтірілген   63 шешімнің 23 шешімі  бұзылған болмаса 36,5 пайызын құрайды, ал 2008 жылы қалалық сот бойынша тек 13 шешім бұзылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық істерді   бөлу бойынша Облыстық соттың азаматтық  істер алқа судьяларының қарауына   күшіне енбеген қаулылар бойынша          62  әкімшілік іс бойынша келтірілген  шағым мен наразылық қаралуыға берілді. Ол  ол барлық қайта қарайға түскен істердің 25 пайызын құрайды.

Есептік кезеңде аппеляциялық алқада қайта қаралуға жатқызылған  бірінші сатыда қаралған істер бойынша бұзылуға жатқызылған шешімдер   болған жоқ.

 

            3.  Қадағалау алқасының жұмысы

3.1.  Қылмыстық істерді қарау

2009 жылдың 12 айында статистикалық есепке сәйкес қадағалау алқасымен 329 қадағалау шағымы қаралған (2008 жыл салыстырмалы кезеңде 216 ). Оның қылмыстық істі алдырумен  қаралған 2009 жылы 272 болмаса 82,7 пайызы, (былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңінде 205- болмаса 94,9пайыз)

            Көрсетілген статистикалық мәлімет бойынша қадағалау тәртібімен түскен шағым 2008 жылмен салыстырғанда елеулі көбейіп отырғандығы көрсетіледі.

            Шағымдардың қаралуы барысы келесідей негізде мәлімделеді.

            2009 жылдың 12 айында сот шешімін қайта қарауды сұраған 254 шағым бойынша  қадағалау өндірісін қозғаудан бас тарту жөнінде шешім шығарылды, 42 шағым бойынша қадағалау өндірісі қозғалды.

2008 жылы 182 шағым қанағаттандырудан бас тартылып, 22 шағым бойынша  қадағалау өндіріс қозғалды.

            Қадағалау алқасымен 86 тұлғаға қатысты үкімі қаралды. (2008 жылы- 61)

            Қадағалау өндірісін қозғау қаулысымен 80 қылмыстық іс қаралып, оның 29 –ы шағым қанағаттандырылды (салыстырмалы кезеңде 54 іс қаралып, оның 17 қанағаттандырылған)

            Прокурордың наразылығымен  есептік кезеңде 41 іс қаралып, 41-і наразылық қанағаттандырылды, яғни 100 пайызға, (2008 жыл  12 айында 32 іс қаралып, оның 30-ы қанағаттандырылды, болмаса 93,8 пайызға).

            Айта кету керек наразылық саны былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы көбейіп отыр.

            2009 жыл 12 айында сот төрелігін іске асырудың сапасы жоғарлады. Қадағалау алқасымен  3 үкім 3 тұлғаға бұзылған, ол қаралған істердің 3,5 пайызын құрайды. (2008 жылы салыстырмалы кезеңде 1 үкім 4 тұлғаға болған, ол қаралған істердің  6,6 пайызын құрайды).

            Сот үкімдерінің бұзылуының басты себебі соттардың үкімдеге көрсетілген нақтылы мән -жайды қорытындымен сәйкестендірмеуі болып табылады.

            Үкімнің бұзылуы Ақтөбе қалалық сотында 2 тұлға, Мұғалжар аудандық сотында 1 тұлғаға  орын алған.

            Сонымен қатар қадағалау алқасымен аппеляциялық сатысының 2 қаулысы 2 тұлғаға бұзылып, бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімі күшінде қалдырылған.

            2009 жылдың 12 айында өзгертілген үкімдер 2008 жылмен салыстырғанда көбейіп отыр.

17 тұлға үкім өзгертіліп, болмаса қаралған істер (86) санының 19,8 пайыз құрайды, оның ішінде дәрежесі өзгертілмей 4 іс бойынша жазасы төмендетілген, түзету мекемесімен 3 іс өзгертілген, біліктігі және жазасын төмендетумен 5 іс өзгертілген, жазасы сол күйінде қалдырылып дәрежесі  өзгертілген-1 іс, дәрежесі өзгертілмей жазасын қатаңдатумен 3 іс өзгертілген, дәрежесі өзгертіліп жазасын қатаңдатумен 1 іс өзгертілген.

Сөйтіп өзгертілген үкімдер №2 Ақтөбе қалалық сотында- 7 тұлғаға, Мұғалжар аудандық соты 2 тұлғаға,  Хромтау аудандық соты 2 тұлғаға, Ақтөбе қалалық соты, Кобда, Мәртөк, Байғанин, Ырғыз, Алға және Айтекеби аудандық соттарында 1- тұлғадан болып отыр.

Қадағалау алқасымен шамадан тыс қатаң жаза тағайындалды деп біліктілігі өзгертілмей  4 іс, 4 тұлға  бірінші сатыдағы соттардың үкімдері және аппеляциялық сатысындағы қаулысы сотталушы С. Утепбергенова қатысты (№2 Ақтөбе қалалық соты- судья Р.Қостанова, баяндамашы-Тулегенов А.) Қаратаевқа қатысты (Алға аудандық сотының судьясы-Олжаш Ж.., баяндамашы-Қосымбетов М.) және т.б. бойынша өзгертілген.

Ағымдағы жылда 40 тұлғаға қатысты Заңдарға өзгертілу енгізілумен 1-ші сатыдағы соттардың үкімдері және аппеляциялық сатысының қаулыларына өзгетулер енгізілген (салыстырмалы кезеңде-35).

Қадағалау тәртібмен бұлардан басқа 11 қаулы қаралды.

2009 жыл 12 айында  қадағалау тәртібімен қаралған істер бойынша 1 жеке қаулы шығырылған. 2008 жылы жеке қаулы шығарылмаған.

 

3.2. Азаматтық істерді қарау.

Есептік мерзімде, былтырғы жылмен салыстарғанда  азаматтық істер бойынша қадағалау тәртібімен келіп түскен шағым және наразылықтарды қарау төмендегідей ретте болып отыр.

2009 жылы 617 қадағалау шағымы түскен, есептік кезеңге қалдық 75 шағым болған, сонда барлығы 692 шағым түскен.

 2008 жылы 485 шағым, 14-і былтырғы жылдан қалдық, барлығы 499 шағым түскен.

Сөйтіп есептік кезеңде былтырғы 2008 жылмен салыстырғанда 193 шағым, болмаса 39 пайызға артығымен түсіп отыр.

Есептік кезеңде барлығы 586 шағым, салыстармалы кезеңде 342 шағымға қарсы қаралған, бұл 244 шағымға артық (болмаса 71 пайыз) .

Биылғы есептік кезеңде алқа өзінің жұмысын  шағымсыз аяқтады, былтырғы 2008 жылы қаралмаған  75 шағым болған.

Прокурордың наразылығымен 28 іс түсіп, оның 23  наразылығы қаралды. 2008 жылы 31 наразылық түсіп,оның 26 қаралды.

өткен мерзімде шешімдерді қайта қарау қаулысымен 93 іс түсті, оның 90 қаралды. 2008 жылы салыстырмалы кезеңде  41 іс түсіп, оның 40-ы қаралды.

Сөйтіп, сот шешімдерін қайта қарау қаулысымен қаралған істер саны  50-ге көбейіп отыр.

Қадағалау алқасының қарауымен 40 шешім бұзылған, ол бірінші сатыдағы соттардың қаралған істерінің  0,3 пайызын құрайды, ал 2008 жылы 27 шешім бұзылған, ол қаралған істердің  0,2 пайызын құрайды, бұл соттарда істерді қарау сапасының төмендегенін көрсетеді.

Есептік кезеңде облыстық соттың  аппеляциялық сатысының 8 қаулысы бұзылған, 2008 жылы 18 қаулы болған.

Бірінші сатыдағы соттардың 40 шешімі есептік кезеңде бұзылған, бұл 2008 жылмен 27-ге қарсы, жаңа шешім қабылдаумен 18 шешім, 2008 жылы -12, қайта қаралуға 22 іс жолданған, 2008 жылы -15 болған.

Соттарға бөлгенде  бұзылған шешімтер саны келесідей көрсеткішпен көрсетіледі.

Ақтөбе облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының -6 сот шешімі бұзылған, Ақтөбе қалалық сотымен 23, Алға, Қобда, Қарғала, Мәртөк, Хромтау, Шалқар аудандық соттары 1 сот шешімнен бұзылған. Темір аудандық соты 2 шешім, Мұғалжар аудандық сотымен 3 шешім бұзылған.

Сот шешімдерінің бұзылуы көбінесе  еңбек қатынасы және міндеттері даулары бойынша, залал өндіру, сақтандыру сұрақтары бойынша, шарттардың шындығын даулау  тұрғысында туындаған даулардан тұрады.

Азаматтық істерді қарау барысында қадағалау тәжірбиесінің қорытындысы бойынша сот шешімдерінің бұзылуының  басты себебі судьялардың іс жүргізу және материалдық құқықтарды дұрыс қолданбауы, бұл  жалпы  істің толық  жағдайының бір шеңберде анықталмауы, соттың мән- жайды толық дәлелдемей шешу,  бірінші сатыдағы соттың шығарған шешімдерінің  қорытындымен сәйкестенбеуі,  бірінші сатыдағы соттардың ҚР АІЖК-66 бабының  талаптарын дұрыс  қолданбауы.

Қадағалау алқасының тәжірбиесін зерделеу барысында, соттар қолданыстағы заңдарды дұрыс дәрежеде  қолданбайды, бұл соттардың    дауларды шешу барысында дұрыс шешім қабылдамауынан болып отырғандығы көрсетеді.

Егерде  материалдық және іс жүргізу заң нормаларын  дұрыс деңгейде  қолданып дәлелдемелерге сәйкестендіріліп  баға берілсе және іс ұқыптылықпен зерттелсе азаматтық істерді қарау барысында бұндай қателіктерді жібермеуге мүмкіншілік болған болар еді.

Сонымен қатар, тағы айта кететін  жағдай  2009 жылы аппеляциялық сатыда қаралмаған бірінші сатының шешімдерінің бұзылуы көбейіп отыр.  

 

            3.3. Әкімшілік істердің қаралуы

         Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2009 жылы  заңды күшіне енген сот қаулыларына прокурордың 23 наразылығы түсті, өткен 2008 жылғы  -  20 наразылық түскен болатын.

         Сонымен қатар, бұзылған қаулылардың саны кеміді, егерде  осы жылғы есеп мерзімінде 11 қаулы бұзылса, ал 2008 жылы бұзылған қаулы саны 16 болған.

         Осы жылғы мерзім мен өткен жылғы мерзімде қаралған істердің санын салыстырғанда әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы шамалы жақсарғанын көреміз.

         Егер 2009 жылы бұзылған қаулылардың  үлестік саны 0,09% құраса, 2008 жылы 0,1%  құрады.

         Өзгертілген қаулылардың саны ұлғайды.  2009 жылы 5 қаулы өзгертілсе (0,04%), 2008 жылы – 2 қаулы (0,01%) өзгертілді.

         Қадағалау тәртібінде 2009 жылы   қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жеке қаулылар шығарылған жоқ.

         Апелляциялық алқа тұлғаның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ деген қате қорытындыға жол берген.

         Қадағалау алқасы ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен құқық бұзушы В.И.Побирухинге қатысты әкімшілік істі  облыстық соттың 08 желтоқсан 2009 жылы шығарған ұйғаруына келтірген Ақтөбе облыстық прокурорының қадағалау тәртібіндегі наразылығын қаралды

         Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 17 қараша 2009 жылғы қаулысымен Побирухин ҚР ӘҚБтК-ның 524 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде 12960 теңге көлемінде айыппұл  салынған.

        Облыстық сотың 08 желтоқсан 2009 жылғы ұйғаруымен мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бұзылды және Побирухинның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты іс өндіріспен қысқартылды (судья Балдықова А.И.).

       Сот қаулысымен Побирухин қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаған, сот актiлерiнің талаптарын орындаудан жалтарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 524 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

       Алқа прокурордың қадағалау тәртібіндегі наразылығын төмендегідей негіздерге байланысты қанағаттандырды.

       Ұйғаруда апелляциялық инстанциядағы сот, тұлғаның әрекетінде ҚР ӘҚБтК-ның 524 бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмаған деген өзінің қорытындысы негізіне Побирухинның «Кредо-П» ЖШС-нің басшысы және құрылтайшысы ретінде сот актiлерiнің «Кредо-П» ЖШС –нен ақша сомасын өндіру туралы талабын орындаудан жалтару фактісін қуаттайтын дәлелдемелердің жоқтығын көрсеткен.

        Алайда бірінші сатыдағы сотпен Побирухинның «Кредо-П» ЖШС-нің және «Инженерные сети и сооружения» ЖШС-нің басшысы және құрылтайшысы екені шүбәсіз анықталған.

         Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының «Кредо-П» ЖШС-н банкрот деп тану туралы арызбен түскен азаматтық істі қарау барысында, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ-ның мәліметтеріне сәйкес, 2006 мен 2009 жылдар аралығында «Кредо-П» ЖШС-і өзінің атына тіркелген «ГАЗ», «Камаз», «МАЗ», «Нефаз» маркілі құны 31 миллион теңгеден астам автокөліктерін «Инженерные сети и сооружения» ЖШС-не аудару арқылы иелігінен айырғаны, оның да  құрылтайшысы Побирухин болып табылатыны Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 30 шілде 2009 жылғы шешімімен анықталды. Нақ осы шешіммен «Кредо-П» ЖШС-нің басшысы және құрылтайшысы Побирухинның көрсетілген әрекеттері 2007-2008 жылдар аралығында «Бриг» ЖШС-не бережақ кредиторлық қарызы бола тұра «Кредо-П» ЖШС-н қасақана төлем қабілетсіздігіне әкеп соқтырғаны куә екені анықталды.

         Аталған сот шешімімен Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының «Кредо-П» ЖШС-н банкрот деп тану туралы арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

         Апелляциялық сатыдағы соттың Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 30 шілде 2009 жылғы шешімінің мазмұнында «Кредо-П» ЖШС-і 2006-2009 жылдары автокөліктерді аффилиирленген тұлғаларға салық бережағы бар болғандықтан аудару фактісі және Побирухинның «Кредо-П» ЖШС-н қасақана төлем қабілетсіздігіне әкеп соқтырғаны сот актiлерiнің талаптарын орындаудан жалтару дәлелі деп саналмайды деген пікірі негізсіз болып табылады.

        «Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын соттармен қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 26.11.2004 жылғы №18 Нормативтік қаулысының 25-1 тармағында  ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі тек қана әкімшілік құқық бұзушылық  істерді қарауға уәкілетті сот және басқа да органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын орындамағаны үшін емес, сонымен қатар сот шешімдерін немесе бақа да сот актілерін орындамағаны үшін де көзделген деп түсіндірілген.

        Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде, Побирухинның әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-ның 524 бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері  көрінеді, осыған байланысты, істі өндіріспен қысқарту заңсыз болған.

       Сондықтан, апелляциялық инстанция сотының 08 желтоқсан 2009 жылғы ұйғаруы қадағалау алқасымен бұзылып, мамандандырылған әкімшілік сотының 17 қараша 2009 жылғы қаулысы күшінде қалдырылды.

 

4. Тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысы жөнінде

2009 жыл 12 айында облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының қарауына тәртіптік өндірісін қозғауды шешу үшін 12 судьяға қатысты 14 өтінім түскен.

Облыстық сот төрағасының 9 ұсынымы (Мұғалжар аудандық сотының судьясы М.К.Есбайға, 2 ұсыныс Ақтөбе қалалық сотының судьясы С. Қосумбетовке, Мартөк аудандық сотының төрағасы М.Байжановқа,  №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы М. Бисени, ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Ж. Бекарыстановқа, №2 Мұғалжар аудандық сотының судьясы Ж.Кунаеваға, Мұғалжар  аудандық сотының судьясы Н.Әжіғалиеваға, Мәртөк аудандық сотының судьясы М.Сәрсеновке) және Ақтөбе қалалық соттарының судьяларына қатысты  5 ұсыныс сот  төрағаларынан түскен (Ақтөбе қалалық сотының судьялары   М. Алимановаға, А. Бижановаға, А. Думоваға қатысты, МАЭС А.Шиғамбаеватан- 1 ұсыныс судья Ж. Бекарыстановқа қатысты, МӘС Д.Әбдалі-1 ұсыныс судья Е. Махметовқа қатысты).

Тәртіптік алқасында қаралғанға дейін 3 ұсыныс қайтып сұратылып алынды, олар облыстық сот төрағасының 2 ұсынысы 1 ұсыныс мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судья Ж. Бекарыстановқа қатысты негіз болмауына байланысты, себебі ұсыныста көрсетілген кемшіліктер бойынша Ж.Бекарыстановқа тәртіптік алқа шешімімен 2009 жылдың 28 мамырында тәртіптік жаза ескерту жарияланған. 1 ұсыныс Ақтөбе қалалық сотының судьясы С. Қосумбетовка қатысты, алайда жұмыстан босатылуына байланысты. Сонымен қатар  Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасының судья Е. Махметовқа қатысты ұсынысы тәртіптік іс қозғауға негіз болмауына байланысты қайтарылған.

2008 жылмен салыстырғанда ұсынысты кері қайтару өтінімі 2 –ге көбейген. 2009 жылдың 12 айында алқаған  түскен 11 судьяға қатысты 11өтінім қаралып, оның 9 судьяға қатысты өтінімі бойынша  тәртіптік өндіріс қозғалып шешім шығарумен қанағаттандырылды. Тәртіптік өндірісін қозғау жөніндегі сұрақтарды шешу үшін жолданатын ұсыныс облыстық сотының жоғарғы сатыда шығарылған жеке қаулылар (ұйғарымдар) себеп болып келеді.

            Қалалық және аудандық сот төрағаларының ұсыныстарының себебі заңды бұзушылық, іс қарау барысында  мерзімдерді сақтамау.

            Әсіресе, тәртіптік өндіріс «ҚР сот өндірісі және сот мәртебесі» жөніндегі Канституциялық заңының 1 тармағы 39 бабына сәйкес қозғалған.

            Заң бұзушылық әсіресе азаматтық іс қарауында көп кездеседі.

            Есеп беру  мерзімінің аяғында алқа өндірісінде қаралмаған өтініштер қалмады.

Барлығы қалалық соттарының судьяларына қатысты 5 тәртіптік өндіріс, аудандық сот судьяларына қатысты 4 тәртіптік өндіріс қозғалған.

Біріктірілген тәртіптік өндіріс болған жоқ.

2009 жылдың 12 айында сот төрағаларына қатысты тәртіптік өндірістердің салыстырмалы 2008 жылға қарағанда азайғаны туралы айтып кеткені жөн.

Барлығы 1 тәртіптік өндіріс Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Е. Байжановқа қатысты, төрағалық міндетін тиісті дәрежеде орындалмауына байланысты.

Алқа шешімімен 2009 жылдың 6 мамырында Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Е. Байжановқа қатысты ескертпе түрінде тәртіптік жаза  қолданған, 2009 жылы 7 желтоқсанда  М.Е. Байжановтың арыз өтініші  бойынша алқа шешімімен шартты түрде  тәртіптік жаза мерзімнен бұрын алынды.

2008 жылмен салыстырғанда қалалық және аудандық сот төрағаларына қатысты 5 тәртіптік өндіріс қозғалған (Қарғала аудандық соты-Утепберген Н, Мұғалжар аудандық №2 соты – Ж.А. Кунаева, Байғанин аудандық соты – Ш.Ж. Жамиев, Мұғалжар ауданыдық соты - Ш.А. Алнияз, Алға ауандық соты - Ж.А. Олжаш).

2009 жылы 2007-2008 жылдағыдай орталық мемлекеттік органдарының басшыларынан  түскен өтініштері  бойынша тәртіптік өндіріс қозғалмаған.

2009 жылы барлығы 9 судьяға қатысты 9 тәртіптік өндіріс қозғалып, ескертпе түрінде тәртіптік жаза  қолдануға шешім шығарылды.

2008 жылда 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік өндіріс қозғалды. Сонымен салыстырмалы жылдарда 2 іс және 1 судьяға азайды.

Сыбайбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік іс қозағаламады.

Тәртіптік өндірісті қозғаудан бас тарту  жөнінідегі  тәртіптік алқа қаулылары азайды. 2009 жылы 2 қаулы , 2008 жылы 7 қаулы.

Тәртіптік істер бойынша  өндіріс қысқартылуы  болған жоқ.

Тәртіптік алқасына тәртіптік жазаны мерзімнен бұрын шешу  жөніндегі арыз өтініштер 3 аудандық сотының төрағаларынан түсті (Байғанин аудандық соты – Ш.Ж. Жамиев, Алға ауандық соты - Ж.А. Олжаш, Мәртөк аудандық соты – М.Е: Байжанов).

Көрсеткен мерзімде барлығы бір орнынан түсу арызы Ақтөбе облыстық сотынының судьясы Л.В. Лемашовадан түсті, қаралу нәтижесі бойынша келтірілген құжаттар мінсіз абырой және керектілік судьялық стажына байланысты «ҚР сот өндірісі және сот мәртебесі» жөніндегі  Канституциялық заңының 38 бабына сәйкес тәртіптік алқамен орнынан  түсуі құқығы расталды.

Аудандық және облыстық сот судьяларына біліктілік сыныбын иелену жөніндегі облыстық сотының төрағасының міндетін атқарушысының 7 ұсынысы 26.06.01 жылғы №643 Президентінің Жарлығымен бекіткен ҚР судьялар біліктілік сыныбы жөніндегі ережесі бойынша қарастырылады.

Ақтөбе облысты тәртіптік – білікті алқа судьяларымен 2009 жылға жоспарланған барлық жұмыс толығымен атқарылды.

Сонымен қатар заң бұзушылық қайталанбас  ушін тәртіптік-білікті  алқамен кету отырысын қалалық  ауадандық  соттарында барлық судьялар қтысуымен өткізілген. Мысалға, Ақтөбе қалалық сот судьясы А.Я. Бижановаға қатысты.

Басқа судьялармен заң бұзушылық қайталанбас үшін, тәртіптік алқаның шешімдері заңды күшіне енгеннен соң барлық соттарға жолданады.

Жоспар бойынша Ақтөбе қалалық сотында судьялар қатысуымен  «тәртіптік жауапкершілігі» атты семинар өткізілді.

Әрдайым жаңадан тағайындалған судьялармен тәртіптік әрекетіне жауапкершілігі жөнінде түсініктеме  жұмыстар жүргізілді.

Алқа жұмыстары  қорытынды бойынша  әр тоқсан сайын шолу жасалып ақпарат барлық соттарға жолданады.  

 

5.Судьялық әдеп комиссиясының жұмысы туралы

2009 жылы Судьялар Одағының Ақтөбе облыстық филиалының судьялық әдеп комиссиясының қарауына 21 арыз бен шағым келіп түссе, бұл облыс соттарының судьяларының қызметіне 2008 жылғы 17 арыз шағым көрсеткішінен көп болып отыр.

Келіп түскен шағымдар бойынша 4-де көрсетілген жайттар расталса, бұл жалпы қаралған шағымдрдың 20% құрайды. Салыстырылған кезеңде бұл көрсеткіш 2 немесе 11,8% болған еді. 

Есептік кезеңде 14 шағым азаматтық істер бойынша жақтар мен олардың өкілдері тарапынан келіп түссе, 1 арыз Мұғалжар аудандық сотының төрағасынан, 1 арыз Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу департаментінен, 5 арыз облыстық сот төрағасынан, 1 арыз қызметтік тексеру нәтижесінде, 3 арыз істер бойынша жақтар мен олардың өкілдерінен және 1 арыз Ойыл аудандық сотының төрағасының басшылық іс-әрекетіне келіп түсті. 

Судьялар іс-әрекетіне келіп түскен шағымдарды қарау нәтижесінде судьялық әдеп жөніндегі Ереженің 4.7. тармағына сай судьяларға қатысты талқылау-2, сөгіс-2 сияқты шаралар қолданылған.

Мұғалжар аудандық сотының төрағасының ұсынысы бойынша судьялық әдеп комиссиясы судья Г.Т. Құлжановаға «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, көлік жолдары» ММ Глинскаяның пәтерге меншік құқығынан айырып, мүлікті коммуналдық меншікке өтті деп тану туралы талап-арызын уақытылы қарамау, Глинскаяның қызы-Щелкунованың басқа азаматтық іс бойынша өкілі ағасы Ж.Т. Құлжановтың болғандығы, Щелкуновамен сот отырысынан тыс жағдайда байланыс орнату жайттарына байланысты судьялық сөгіс қолданылған.

Судьялық сөгіс шарасы облыстық сот төрағасының тапсырмасы бойынша жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде 2009 жылы 9-сәуіріндегі ақтөбелік «Диапазон» басылымындағы «Судья в тени» мақаласында көрсетілген жайттар расталғандықтан, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Д.Ә. Әбдәліге қатысты қолданылды. Аталмыш мақалада Д. Әбдәлі өзінің Д 010 КС мемлекеттік нөмірлі қызметтік автокөлігінің алдынғы терезелеріне қара түсті пленка жапсырғандығы, ол басқаратын соттың күн сайын осы белгіленген ережені бұзған көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартып жатқандығы көрсетілген. Осы жайттардың расталғандығы сот жүйесінің беделіне зор нұқсан келтіріп, халықтың алдында судья, сот төрағасы атағына кір келтіргендігі атап өтілді.

Комиссияға Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Я. Бижанова тарапынан орын алған заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданған Махмутовтың арызы келіп түсті. Махмутов өз арызында Махмутовамен ортақ мүліктегі заңды бөлігін анықтау туралы талап арызын судья А.Я. Бижанова қараусыз қалдырғанын, істі созбалағандығын, сот отырыстарына тараптардың келмегендігі туралы хаттама мен ұйғарымға жалған ақпараттарды енгізгендігін көрсеткен.

Содан соң, Махмутов судьямен арадағы барлық түсінбеушіліктерді шешкендіктен, оған ешқандай шара қолданбау туралы арыз жазған. Судьялық әдеп туралы Ереженің 4.1. тармағына сай судьяға қатысты арызды қайтып алу, осы тұрғыдағы тексеруді жүргізуді тоқтатуға негіз бола алмайды. Аталмыш жайт бойынша Комиссияда талқылау орын алды.

Судьялық әдеп ережелерін бұзғаны үшін А.Я. Бижановаға қатысты арыз Көздібаевтан келіп түсті. Мырзабековтан қарыз ақшасын алмақшы болып, сотқа шағымданған Көздібаев сот отырысын коридорда тұрып, кейінге қалдырғанын, жауапкерді сотқа алып келуді талапкерге тапсырғанын, судьяның мемлекеттік тілді білмеуін, шығарылған шешімнің грамматикалық тұрғыдан қате екендігін өз арызында жазған. Шағымда көрсетілген жайттардың көпшілігі негізін таппағандықтан, Комиссия бұл жайтты талқылаумен шектелді.

   Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу департаментінен келіп түскен Мұғалжар аудандық сотының судьясы М.К. Есбайға қатысты арызда судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалмағандығын, алайда ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағы 5 тармақшасымен қарастырылған құқық бұзушылықтың белгілері бар екендігін, дәлірек айтсақ пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қолдау көрсету жайттары туралы айтылған. Тексеру барысында судья, аталмыш жайт туралы ештеңе білмейтіндігін, осы арызды қарауды уақытша тоқтату туралы өтініш білдіріп, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу департаменті инспекторының 2008 жылғы 20 қазандағы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы ұйғарымына шағымданған. Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен М.К. Есбай арызы қанағаттандырылып, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу департаменті инспекторының қаулысы негізсіз әрі заңсыз деп танылып, Мұғалжар аудандық сотының судьясы М.К. Есбайдың іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін анықталды. Қаржы полициясына тиісінше жауап беріліп, аталмыш судьяның іс-әрекетінің судьялық әдеп комиссиясында қаралуға жатпайтындығы көрсетілген.

Азаматтық істер бойынша тараптардан, олардың өкілдерінен келіп түскен шағымдар бойынша комиссия мүшелері тиісті істерді алдырып, судьялар мен сот хатшылары мен өзге қатысушылардың түсініктемелері алынды. Тексеру нәтижесінде аталмыш жайттардың негізсіз екендігі және судьялық әдеп Комиссиясының қарауына ұсынуға жатпайтындығы анықталды.

2 арыз бойынша түсініктемелер берілді. 2008 жылы аудандық сот судьсы шығарған ортақ мүлікті бөлу туралы шешімін бұзу туралы арызданған Нұрғалиевке қадағалау шағымын беру құқығы туралы түсініктеме берілді. Судьялық әдеп мәселелері бойынша арыздану кітабын беруді Ақтөбе қалалық сотының төрағасына міндеттеу туралы арызданған Есмағамбетовке тиісті түсінктемелер берілді.

Арыз шағымдар тиісті мерзімдерде қаралған, олардың нәтижелері туралы жазбаша жауап берілді. 2009 жылғы 29 желтоқсанда азаматша Миронюктен келіп түскен Ақтөбе қалалық сотының судьясы Г.Ж. Сүлейменоваға қатысты арызы келесі есептік кезеңге өтті.

 

6.Оқу-ақпараттық орталық жұмысы туралы        

03.08.2009 жылы облыстық сот төрағасының №174 өкімімен Ақтөбе облыстық сотының аймақтық оқу орталығы туралы Ереже бекітілді.

2009 жылдың қыркүйек айында ресми түрде ҚР ЖС төрағас М.Т. Әлімбековтың, ҚР ЖСК төрағасы О.И. Жұмабековтың, Ақтөбе облысының әкімі Е.Н. Сағындықовтың қатысуымен ашылған алқабилер сотының жаңа ғимаратында оқу-ақпараттық орталығына үлкен әрі ыңғайлы зал берілген.

Аталмыш бөлмеде 24 адамға арналған оқу сыныбы қамтылған, қажетті жағдайда оқушылар санын арттыруға болады. Оқу орталығында оқу столдары, компьютерлер, проектор, ЭБӨ, Ақтөбе қаласында орналасқан соттар мен облыстық соттың залдарын бейне бақылау құрылғылары орнатылған. Осы жерде кітапхана мен кодификация бөлмесі орналастырылған.   

Оқу орталығының жұмысы судьялардың кәсіби деңгейін жоғарылату бағытталған шаралардың барлығын қамтитын алдын-ала құрылатын жоспар негізінде жүргізіледі. Оқу орталығының 1-ші жарты жылдыққа арналған жоспары қылмыстық құқық пен процесс, азаматтық құқық пен процесс және әкімшілік құқық пен процесс сияқты салалар бойынша бөлініп құрылған. Семинар сабақтарының тақырыптары судьялардың белгілі бір бағыт пен сала бойынша кәсіби деңгейін жоғарылату үшін есептеліп дайындалған болатын. Ақтөбе қалалық сотымен облыс бойынша аяқталған істердің 70 пайызы қаралатын болғандықтан, аталмыш сот судьяларымен оқу сабақтары тұрақты түрде өтіп тұрады. 1-ші және 2-ші жарты жылдыққа арналған оқу жоспарлары орындалды.

2009 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айларында әрбір сала бойынша семинар сабақтарының тақырыптары бекітілді. Сонымен қатар заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, облыс сот қауымдастығы жұмысындағы кемшіліктер, нақты істерді қарау барысындағы қателіктер ескерілді.

Оқу орталығындағы сабақтар 2009-2010 оқу жылында апта сайын өтеді: «Қылмыстық құқық пен процесс»-2,4 бейсенбі; «Азаматтық құқық пен процесс»-1,3 бейсенбі; «Әкімшілік құқық пен процесс»-әр айдың соңғы жұма күні.

Сонымен қатар төмендегі тақырыптағы қосымша семинар өтті: «Қалалық/аудандық сот жұмысын ұйымдастыру. Қалалық/аудандық соттардың төрағаларымен біріге отыра сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».  Қалалық/аудандық сот төрағаларымен бірге БАТЖ бағдарламасын білу бағытында тексеру өтті. Қалалық/аудандық сот мамандарымен бірге «БАТЖ бағдарламасын білу», «Қалалық/аудандық соттарда іс қағаздарын жүргізу ережелері» тақырыптарында оқу сабақтары өтті.

Оқу орталығы пленарлық отырыстың оң бағасын алған судьялыққа үміткерлермен бірге төмендегі тақырыптарда сабақтар өткізілді: «іс жүргізу заңдарына сот отырысы хаттамасының сай болуы», «процесс қатысушыларына тиісті хабар беру», «талап арызды қабылдау кезеңі», «сотқа дейінгі дайындық кезеңінде азаматтық іс-жүргізу кодексінің нормаларын пайдалану».

Облыстық сот төрағасы оқу-ақпараттық орталық жұмысына қазіргі күні зор көңіл бөліп отыр. Оқу шаралары барысында облыстық сот төрағасының жеке қатысуымен жаңа технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады. Семинар сабақтары барысында БАТЖ бағдарламасын пайдалану мүмкіндіктері туралы әңгімелеу барысында сенсорлық проектор пайдаланылады.

Ақтөбе қаласының соттарында жас судьялар қызмет ететіндіктен семинар сабақтары үлгі ретінде өтетін процесске жалғасады. Семинар соңында оның қатысушылары процесс барысында орын алған кемшіліктер мен қателерді талқыға салып, болашақта мұндай жайттарға жол бермеуге тырысады.

Сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қалыптастыру мақсатында жаңадан бастаған және тәжірибелі судьялардың бірінші сатыдағы соттағы отырыстары бейне бақылау жүйесі арқылы бақыланады. Аталмыш жүйе оқу орталығындағы үлкен экранға шығарылып, сот отырысы барысын семинарға қатысушылар талқылап, заңнама талаптарына сай өтіп жатқандығын қадағалай алады.

Судьялар мен сот мамандарын оқыту барысында ЭБӨ жүйесінде сақталған ақпарат белсенді түрде пайдаланылады. ЭБӨ жүйесіне ақпарат БАТЖ жүйесімен қатар салынады. Бұл істерді уақытылы қарау, сот отырыстары хаттамаларын уақытылы толтыру, мүдделі тұлғаларға сот құжаттарын беру сияқты талаптарды сақтауға көмек береді.

Жаңадан тағайындалған судьяларға көмек беру мақсатында ұстаздық ету институты белсенді түрде пайдаланылады. Облыс бойынша 15 жас судья болса, оның 11-і жұмыс жасауда. Олардың жұмысына көңіл бөліп, көмек беріп отыратын ұстаздары бар. Ұстаздық немесе тәлімгерлік осы тұрғыдағы Ережемен реттеліп отырады.

Судьялардың кәсіби білімін жоғарылатудың жолдарының бірі-олардың ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы сот төрелігі Институтында білім алуы. 2009 жылы осындай білім алу қажеттілігі бар 25 судьяның 21-і осы оқу орнында оқып қайтты.

Сот төрелігі институтында судьялардың теориялық білімі толықса, қалалық/аудандық соттардың судьяларының жоғары тұрған сотта тағылымдамадан өтуі сот билігіне ҚР Конституциясымен жүктелген міндеттерді орындауға, сот төрелігін әділ әрі заң негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ҚР Жоғарғы Сотында облыстық соттың 8 судьясы, облыстық сотта қалалық аудандық соттардың 18 судьясы тағылымдамадан өтіп, аталмыш тағылымдама нәтижелері тиісті алқалармен талқыланып, бекітілді.

Облыс судьялары ҚР Жоғарғы Соты ұйымдастырған түрлі тақырыптағы семинарларға қатысты: облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Р.С. Хайруллин- «ҚР адам сатумен күрес», «қылмыстық істерді алқабилер сотымен қарау мәселелері, тұтқындауды реттеу» бұл семинарларға Ақтөбе қалалық №2 сотының судьялары М.А. Сисенова мен Р.С. Мұхамбетқалиева да қатысты; Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.А. Бақытжанова «Адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттар», мамандандырылған экономикалық сот судьясы Ж.К. Әлішева «Акционерлік қоғамдар туралы Заңды қолданудың сот тәжірибесі» тақырыптарындағы семинарларға қатысты. Осы семинарларға қатысушылар жиналған ақпаратпен басқа судьялармен бөлісті.

Ақтөбе облыстық соты қаламыздың заңгерлер дайындайтын оқу орындарымен тығыз байланыста. 2009 жылы 157 студент облыс соттарында оқу танысу, өңдірістік тәжірибеден өтті.

Облыстық соттың оқу орталығы ҚР мемлекеттік және өзге мекемелер, әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату Институтының филиалымен тығыз байланыста. Осы филиалда 43 маман сот қызметін ұйымдастыру, 60 адам мемлекеттік тіл деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша оқып шықты.

Облыстық еңбекпен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен біріге отыра, облыстық сотта заң білімі бар 9 маман тәжірибеден өтіп шықты.

Облыстық соттар Әкімшісімен біріге отыра облыс соттарындағы кеңсе мамандарын оқыту бойынша Жоспар құрылған. Қалалық/аудандық сот мамандарымен бірге «БАТЖ бағдарламасын білу», «Қалалық/аудандық соттарда іс қағаздарын жүргізу ережелері» тақырыптарында оқу сабақтары өтті.

Барлық қалалық соттарда ұжыммен бекітілген білім бойынша жауапты мамандар бекітілсе, аудандық соттарда бірнеше ауданға бір маман бекітілген. Бұл мамандар облыстық соттар оқу орталығында болатын семинарларға қатысып, кейін осы ақпаратпен басқа мамандармен бөліседі.

Сонымен қатар облыстың барлық соттарының судьялары қажет жағдайда оқу орталығына хабарласып, өздеріне қажетті мәселелер бойынша жауап ала алады.

Өткізілген семинарлар мен олардың тақырыптары туралы ақпарат әр кезде облыстық соттың www aktobesot.kz. ресми сайтынан жаңалықтар мен өткен шаралар бөлімінен табуға болады.

 

            7.Кадр резервін қалыптастыру жұмысы туралы

Осы бағытта облыстық соттың Комиссиясымен тиісті жұмыс атқарылды. 2009 жылдың мамыр айында кейбір өзгерістерге байланысты облыстық соттың төрағасының өкімімен комиссияның жаңа құрамы бекітіліп, оның төрағасы ретінде өмірлік тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі мол, облыстық сот судьясы Б.К. Сабыров бекітілді. Одан әрі Комиссия өз жұмысын ҚР ЖС төрағасының №17 2009 жылғы 29 мамырдағы өкімімен бекітілген кадр резерві туралы Ережеге сай жүзеге асырды. Басшылық лауазымға үміткерлерді таңдау барысында комиссия біріншіден судьяның кәсіптік, теориялық дайындығына, ұйымдастыра білу қабілетіне, жұмыс көрсеткіштеріне, судьяның әдеп талаптарын ұстана білуі сияқты жайттарға баса назар аударды.

2009 жылғы кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмысты сараптай келе, кадр резервіне енгізу туралы 10 арыз келіп түскендігін және бұрын бекітілген лауазымға резервте қалдыру туралы 1 өтініш келіп түскендігін айту қажет.

Комиссия шешімімен резервке 6 судья енгізілген. Облыстық сот алқасының төрағалығына Ақтөбе қалалық  №2 сотының төрағасы А.А. Құрмантаев, қалалық/аудандық және оған теңестірілегн сотардың төрағалығына Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ж.С. Төленов қалалық/аудандық және   оған теңестірілген соттардың төрағалығына, Ақтөбе қалалық сотының судьясы М.С. Мұхамбетқалиев қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына, Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының судьясы Б.Б. Жүсіпбекова қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына, Байғанин аудандық сотының судьясы А.М. Бисенғали қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына, Қарғалы аудандық сотының судьясы Н.А. Бақтығалиев қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына резервке енгізілді.

 Хромтау аудандық сотының судьясы Г.К. Ізбасарованың қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына арызы сот төрелігін жүзеге асыру, жұмыс көрсеткіштерінің нашарлығы мен істерді қарау барысында созбалауға жол бергені үшін қанағатандырылған жоқ.

Хромтау аудандық сотының судьясы И.Р. Ерназаровтың қалалық/аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына арызы кадр резервіне сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасымен, жақсы ұйымдастыра білу қабілетімен, сот әдебін сақтай білген, судьялық қызмет өтілі 3 жылдан астам тұлғалар енгізіле алатындықтан қанағатандырылған жоқ. И.Р. Ерназаров судьялыққа 2007 жылы тағайындалып, оның судьялық қызмет өтілі 3 жылдан аз.

3 судьяның арызы бұрын кадрлық резервке енгізілгендіктен қараусыз қалдырылды.

2009 жылғы 31-желтоқсанындағы жағдайға сай, жергілікті соттардың басшылығына кадрлық резервте 32 судья болса, олардың арасында ескі құрамнан 16 судья бар.

 

8.Ақтөбе облысы судьяларының іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың арыздануы

2009 жылы Ақтөбе облыстық сотына жеке және заңды тұлғалардан 242 арыз келіп түсті. Жалпы келіп түскен арыздың ішінен 230 қаралып, олардың 1-і қараусыз қалдырылған, 7-і қайталанған, 2-і бірдей, 77-і бойынша түсініктеме берілді, 102-і тиісінше қайтарып берілді.

- ҚР Судьялар Одағының Ақтөбе облыстық филиалының судьялық әдеп туралы Комиссиясына-20 арыз;

-алқаларға -57 арыз жіберілді.

2008 жылмен салыстырғанда келіп түскен арыздар саны 73-ке немесе 34,3 пайызға өскен. Есептік кезең соңына қаралмаған арыздар саны -10.

Жалпы келіп түскен арыздар санынан ҚРЖоғарғы Сотымен Ақтөбе облыстық сотына тиісті 24 арыз жіберілсе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 16 арызға тең болған.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың облыс соттарының мамандарының іс-әрекеттеріне арыздары облыстық соттың кеңсе меңгерушісімен немесе облыстың соттар Әкімшісімен қаралады.

Есептік кезеңде Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен 1245 азамат жеке қабылданса, бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көп. Бұл 2009 жылғы сәуір айынан бастап облыстық сот төрағасының азаматтарды апта сайын қабылдауымен байланысты.

1245 азаматтың ішінде: 467         - і шығарылған сот актісімен келіспегендер, сот шешімдерінің орындалмауы жөнінде-612 азамат, басқа сұрақтар бойынша 166 азамат келген.

2008 жылы облыстық сот төрағасымен жеке 87 азамат қабылданса, олардың 71-і сот шешімімен келіспеушілер, 16-і басқа сұрақтар бойынша.

Аталмыш тұлғаларға сот актілеріне арыздану құқығы туралы түсініктеме беріліп, судьялар іс-әрекетіне жазбаша арыз жазу қажет екендігін түсіндірілді. Азаматтардың барлық арыздары уақытылы қаралып, олар бойынша жазбаша жауаптар берілді.

 

9.Баспасөз қызметінің жұмысы туралы

Ақтөбе облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы, сот кеңсесі жұмысын ұйымдастырудағы және кадрлар резервімен жұмыс жасауға байланысты 2009 жылы  бұқаралық ақпарат құралдарында 400 мақала жарық көрді. Оның 205-і облыстық соттың үлесінде болды.  Жыл басынан бастап облыс соттарының судьялары, сот мамандары, Соттар Әкімшісінің өкілдері мен облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісімен республикалық және жергілікті телеарналар мен радио арқылы 92 сұхбат пен ресми ақпарат берілді. Ақтөбе облысы соттарымен жақсы жұмыс істейтін телеарналар ретінде республикалық “ХАБАР”, “Қазақстан”, “7-ші арна(ЭРА ТВ)”, “Астана”, “КТК”, “31-ші арна”, жергілікті “Қазақстан Ақтөбе”, “РИКА ТВ” телеарналарын атап өтуге болады. Мысал ретінде, қыркүйек айының 16-шы жұлдызында республикалық “ХАБАР” телеарнасының тікелей эфиріндегі “Бетпе бет” хабарының қонағы ретінде облыстық сот төрағасы Б. Бекназаровтың шақырылғандығын айтуға болады. Қазақ және орыс тілдерінде болған хабар жалпы алған бір сағатқа созылып, бағдарлама барысында республикалық судьялардың съезді, “электрондық қадағалау өңдірісі”, жас судьялармен, судьялыққа үміткерлермен жұмыс, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарылату және т.б. өте маңызды мәселелер талқыланды.

      Қаңтар мен желтоқсан айларының аралығында облыстық сот, сот алқаларының, қалалық, аудандық және мамандандырылған соттар төрағаларының қатысуымен 15 (он бес) баспасөз маслихаты мен брифингтер өткізілді. Аталмыш шараларға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қатар, қарапайым азаматтар да қатысып, өздерін толғандыратын мәселелелер бойынша сұрақтар қойылады. Сонымен қатар, бұрын қаралған, қазіргі күні қаралып жатқан, қоғамды алаңдатқан істер бойынша талқылаулар да орын алады.         

«Ашық есік күні» атты кездесу барысында БАҚ өкілдері, облыс тұрғындары қоғамдық маңызы бар істер бойынша ақпараттарды, сот саласындағы жаңалықтарды талқылап, облыстық, қалалық/аудандық сот төрағаларымен сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарлатуға бағытталған арнайы 167 семинар сабақтары мен дәрістер де өткізілген.

Семинар сабақтары мен арнайы дәрістер тақырыбын жалғастыратын болсақ,  облыстық сот тарапынан «жалған кәсіпкерлікпен күресу жолдары», «жер заңнамсын сақтау», «акционерлік қоғам туралы заңнаманы қолдану», «құқық қорғау органдарымен бірігіп есірткі сату бизнесімен күресу» және т.б. тақырыптарда кездесулер өткізіліп, оларға салық комитеті, прокуратура мен ішкі істер органдары да белсене қатысты.

Ақтөбе облысы соттарының 2008 жылы сот төрелігін жүзеге  асыруының қорытындылары бойынша 2009 жылдың қантар айында өткен кеңейтілген отырысында жарияланды. Осы жиналыс барысында қаралған мәселелер жөнінде материалдар жарияланды (республикалық “Заң” газеті, 22.01.09, “Төраға мәселені төтесінен қойды”, облыстық “Ақтөбе” газеті, 13.01.09, “Кесімдердің күші жойылуы мен өзгертілуі азайды”, облыстық “Актюбинский вестник” газеті, 15.01.09, “Судьи подводят итоги”, облыстық “Керек инфо” газеті, 30.04.09 “Есірткі сатқанға аяушылық жоқ”, аудандық “Жұлдыз” газеті, 05.05.09 “Мемлекеттік тіл - ұлт мерейі”, республикалық “Заң” газеті, 05.05.09 “Сот беделі және БАҚ”). Жыл басында «Эврика» басылымына берген сұхбатында облыстық сот төрағасы міндеті атқарушы Р. Хайруллин сот жүйесінің алдына қойып отырған мақсаттары туралы әңгімеледі. Жергілікті баспасөз құралдарына келетін болсақ, Қарғалы аудандық сотының судьясы Н. Бақтығалиевтің “Ұрлық түбі-қорлық”, “Некоторые вопросы борьбы с коррупцией”, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С. Спандиярованың “Азаматтық істер қалай қаралады?” деген мақалалар жазып, шығарды.

Ағымдағы жылдың қараша айында облыс соттарының жұмысының 10 айлық қорытындысы туралы, республика судьяларының өткен  5-ші съездінен ақпаратпен бөлісу мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 26-жұлдызында өткізілген кезекті «Ашық есік күні» атты шара өткізілді. Аталмыш шараға бірнеше республикалық, барлық дерлік жергілікті БАҚ өкілдері келіп, облыс сот қауымдастығының өмірінде орын алып жатқан соңғы жаңалықтар мен жақсы бастамалармен танысып, қайтты. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы басқосуға жуырда республика халқымен Елбасы Н. Назарбаевпен тікелей эфирде сұхбаттасуы кезінде  алғыс хат жолдап, облыс соттарының  өз қызметіне әділ әрі жан-жақты қарайтындығына көзі жеткен Несіп Өтегенова есімді ер ана келіп, Ақтөбе облысы соттарының өкілдеріне БАҚ өкілдерінің көмегімен өз алғысын білдірді.

            Осы басқосудың реті мен нәтижелері туралы жергілікті «РИКА ТВ», «Қазақстан Ақтөбе» телеарналары өз жаңалықтарында бейнесюжет дайындаса, республикалық және жергілікті басылымдар да өз ойын білдірді. Мысал ретінде республикалық «Заң газеті» басылымының 2009 жылғы 1-желтоқсанындағы санында «Судья жауапкершілігі- әділ сот кепілі» атты мақаласын келтіруге болады. Сонымен қатар, «Ашық есік күніне» келген Н. Өтегенова есімді ер ананың сот қауымдастығына ақ жүрегін жарып шыққан лебіздерін хат түрінде Елбасыға жолдауы туралы мақалалар мен бағдарламалар дайындалды. Республикалық «Айқын» газетінің 2009 жылғы 4-желтоқсанындағы санында «Соттың әділдігіне көзі жеткен ақтөбелік Батыр ана», республикалық «Заң газеті» басылымының 2009 жылғы 8-желтоқсандағы санындағы «Елбасыға хат» атты мақалалары мен жергілікті «РИКА ТВ» телеарнасының эфиріндегі «7,40» хабарындағы бейнесюжет облыстық соттың баспасөз қызметімен жүзеге асырылған жалпы сот жүйесі туралы оң пікірді қалыптастыруға бағытталған шаралар.         

       Облыс соттары өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесіп, пікір алмасуы туралы материалдар жергілікті және республикалық БАҚ-та жарияланды. Мысал ретінде, республикалық “Заң газеті” басылымында 2009 жылғы 22-шілдедегі “Бұл жиын бұрынғыдан өзгеше өтті”, 2009 жылғы 12-ші тамызында аудандық  “Мәртөк тынысы” газетінде жарияланған “Аудандық сотқа оң баға берілді” атты материалдарды көрсетуге болады. Облыстық соттың баспасөз қызметі тұрақты түрде тек қана соттар емес, сот шешімін орындаушылар туралы да материалдар дайындауда. Мысал ретінде, қыркүйек айындағы республикалық “Юридическая газета” басылымындағы “Доверие народа-мерило любой власти”, тамыз айында “Жем Сағыз” аудандық газетінде “Ата заңымызға- 14 жыл”, қыркүйек айында облыстық “Ақтөбе” газетінде “Жариялылық жаңсақтыққа жол бермейді” мақалаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, облыстық сот судьяларының, мамандарының қоғамды алаңдататын мәселелер бойынша дайындалған мақалалары да тұрақты түрде жарияланады. Мысал ретінде, республикалық “Юридическая газета” басылымында “Суд с участием народа”, аудандық “Қарғалы” газетінде “Еліміздің Конституциясы жөнінде”, республикалық “Юридическая газета” басылымында “Укреплять принципы законности”, 2009 жылғы 23-тамызындағы республикалық “Айқын” газетінде “Сот беделін көтеру судьялардың өз қолында”, 2009 жылғы 12-тамызындағы  республикалық “Юридическая газета” басылымындағы “Воспитать новое поколение”, 2009 жылғы 8-тамызындағы республикалық “Айқын” газетінде “Сот билігі қазақ тілін құрметтейді”, 25-шілдедегі республикалық “Алаш айнасы” газетіндегі “Судьяларды таңдандырған бойжеткен”, 2-шілдедегі республикалық “Заң газеті” басылымындағы “Сот беделін көтеруде баспасөздің рөлі зор” 14-шілдедегі республикалық “Казахстанская правда” газетіндегі “Ошибки признавать открыто”, облыстық «Актюбинский вестник» газетінде 2009 жылғы 1-желтоқсанда жарық көрген «Служители Фемиды открыты для всех», облыстық «Ақтөбе» газетінің 3 желтоқсанындағы санындағы «Облыстық сот:есігіміз ашық», 2009 жылғы 3 желтоқсандағы облыстық «Керек инфо» газетіндегі «Ашық есік күнгі бүкпесіз әңгіме» атты мақалаларды келтіруге болады.

            2009 жылы облыстық соттың баспасөз қызметімен жүзеге асырылған жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі ретінде БАҚ арқылы сот қауымдастығы туралы жарық көрген жағымсыз материалдар санының мүлдем аз болуын атап өтуге болады.

БАҚ материалдарын саралай келе, 2009 жылы Ақтөбе облыстық сот қауымдастығы өкілдері арасында сыбайлас жемқорлық жайттарының орын алғандығы жөнінде жадығаттар жоқ екендігін айтуға болады.

 

10.Соттардың кеңселерінің қызметін ұйымдастыру туралы  

Қазіргі күні облыс соттарының кеңселеріне соңғы ақпараттық технологиялар енгізілген.

Облыстың барлық соттары толық түрде «ҚР СО БАТЖ» бағдарламасын пайдалануда.

ҚР ЖС, ҚР Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитет, облыстық соттар Әкімшісі мен қалалық/аудандық соттармен хат алмасу «ҚР СО БАТЖ» бағдарламасымен жүзеге асырылып, статистикалық есептер толықтай электронды түрде жүреді.

Облыс соттарында сот отырыстарын дыбыс және бейне ресімдеу құрылғылары қойылып, бұл сот отырыстарының хаттамаларының сапалы әрі тез арада дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні ҚР Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитет берген электрондық парольдер бойынша облыстың 9 сотында ақпараттық дүңгіршектер, соның ішінде облыстық сот, Ақтөбе қалалық соты, Ақтөбе қалалық №2 соты, мамандандырылған экономикалық соты, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар аудандық соттарында қойылған.

Ақтөбе облыстық соты сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілуде. Мамандандырылған экономикалық сотында жаңа «Электрондық бақылау өңдірісі» атты бағдарлама енгізіліп, бұл жүйе бойынша іске қатысушы барлық ақпаратты Интернет арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі күні осы «ЭБӨ» жүйесін барлық қалалық/аудандық соттарда енгізу бойынша жұмыс жасалуда. Судьялар мен сот мамандарының бөгде адамдармен қарым-қатынас жасауын алдын-алу мақсатында ішкі қауіпсіздік пен сот жүйесін қорғау қызметі жасақталып, дайындалған.

Облыстық сотта сенім телефоны, арыздар мен ұсыныстар жәшігі қызмет етуде.

 

11.Ұйымдастыру-талдау бөлімінің қызметі жөнінде

2009 жылғы 8-маусымдағы Ақтөбе облыстық сотының төрағасының өкімімен облыстық соттар Әкімшісі мен облыстық соттың ұйымдастыру-талдау тобы біріктіріліп, ортақ ұйымдастыру-талдау тобы құрылды. Құрам мен қызметтік міндеттері бекітілген.

Бөлім құрамына судьялыққа үміткер ретінде тағылымдамадан өтіп, облыстық соттың пленарлық отырысының оң бағасына алған тұлғалар мен білікті әрі тәжірибелі мамандар жиналған.

Ұйымдастыру-талдау тобының қызметінің негізгі бағыттары: облыс соттарының судьяларымен сот төрелігін жүзеге асырудың уақытылы әрі сапалы болуын бақылау, істерді қарау мерзімдерінің сақталуы, істерді қарауды кейінге қалдыру себептері, сот тәжірибесін жинатау барысында судьяларға көмек көрсету, облыстың қалалық/аудандық соттарында тексеру жүргізу барысында көмек көрсету, бақылау тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету және т.б.

ҚР судьяларының 2009 жылғы 10-шілдедегі кеңейтілген хаттамалық жиналысының 5-тармағына сай, республика соттарының 2009 жылғы 1-ші жарты жылдықтағы қызметінің қорытындысы бойынша ұйымдастыру-талдау тобының мамандары облыс судьяларының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы бақыланды.

Сот төрелігін жүзеге асыруда төменгі сапалы қызметімен көзге түсіп, шығарылған шешімдерінің көпшілігі бұзылған судьялар бойынша ай сайынғы бұзылған және өзгертілген шешімдер кестесі құрылады.

Содан соң, аталмыш судьяларға қатысты қосымша ақпарат, оларға қатысты жеке қаулылар, шағымдар, БАҚ-тағы материалдар және т.б.

Жергілікті жоғарғы оқу орындардың заң факультеті студенттерінің көмегімен істерге қатысушы тұлғалардан әлеуметтік сауалнама өткізіліп, баға беріледі. Бұл үшін процесске қатысушының мекен-жайы, шешім шығарылған кезеңі көрсетілген тізімдер құрылады. Аталмыш сауалнаманың өткізілуі туралы ақпарат жергілікті БАҚ арқылы таратылып, онда сенім телефондары мен сауалнама құжаттарының тарату орындары да көрсетілген.

Сауалнама сонымен қатар, облыстық сот ғимаратында апелляциялық сатыдан соң, телефон байланысы арқылы, қатысушының тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізілді.

Облыстық соттың пленарлық жиналысы 6 судьяға қатысты-А.Н. Тажикенова, М.З. Сағынбазарова, Б.Е. Батырханова, А.Я. Бижанова, А.А. Бақытжанова, Г.Ж. Сүлейменова(Ақтөбе қаласының соты), Е.М. Сәрсенов (мамандандырылған экономикалық сот) талқылаумен шектелу туралы шешім қабылданды. Аталмыш судьяларға жіберілген қателіктерді жоюға тапсырма берілді.

ҚР ЖС ұсынысы бойынша кеңес беру үшін облыстық соттың үш судьясынан тұратын комиссия құрылған. Облыстық соттың төрағасымен аудандық және оған теңестірілген соттарда 2010 жылға арналған бақылау жүргізу кестесі бекітілген.

Жүзеге асырылған бақылау бойынша қорытынды ақпарат ай сайын ҚР ЖС Аппаратына жолданып отырады.

Өздеріне тапсырылған сотттардың қызметін ұйымдастыру бойынша сот төрағаларының жұмысының деңгейін анықтау үшін облыс соттарында 2009 жылғы мамыр айында кешенді тексерулер жүргізілді. Осы тексеру нәтижелері облыс соттарының төрағаларының қатысуымен өткен 2009 жылғы 12 маусымдағы  кеңейтілген пленараралық жиналыста жарияланып, сот төрағаларына кемшіліктерді жою үшін бір айлық мерзім берілді. Осы орайда облыс соттарының кеңселеріне өз қызметін дұрыстау үшін тәжірибелік көмек берілді.

2009 жылғы 13-17 шілде аралығында ҚР ЖС жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитет (соттар қызметін ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы Н. Сәулен)  облыс соттарының қызметін тексерді. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мен Ақтөбе облысының мамандандырылған экономикалық сотының кеңселерінің жұмысы жақсы деп танылды.

Есептік кезеңде облыс соттарының мамандарымен БАТЖ бағдарламасын енгізу бойынша семинарлар түріндегі әдістемелік жұмыс жүргізілді.

Облыс соттарында іс қағаздарын жүргізудің сапасын жоғарылату мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде. БАТЖ бағдарламасы бойынша сот мамандары мен  кеңсе меңгерушісі барлық құжаттардың тіркеу белгілерін уақытылы әрі толық толтырылуда.

Статистикалық есептің дұрыс толтырылуы үшін әрбір есептік құжат бойынша тексеру жүргізіледі. Статистикалық есептер автоматты түрде жүріп отырады.

Ақтөбе облысының барлық соттарындағы серверлер мен жеке компьютерлерде «NOD-32» вирусқа қарсы бағдарлама қойылған, жаңартылып тұрады.

Облыстық сотта күн сайын Интернет арқылы жаңартылатын «Symantec  Dr. Web» бағдарламасы қойылған. Облыстың барлық соттары  Supcourt KZ VPN ортақ жүйеге қосылып, «Заң» ақпараттар жинағымен қамтылған.

БАТЖ жүйесінің жұмысы мен «электрондық атқару құжаттары» жіберуді тұрақты ету бағытында жұмыс жасалуда. Электрондық атқару құжаттарын жіберу сот кеңселерінің меңгерушілері мен аға сот орындаушыларына жүктелген. Осы мақсатта ТОО «Изет» и ТОО «Баер ltd» өкілдерімен семинар сабақтары өткізіліп отырады.

Облысымыздың 7 сотында «SRS Femida» атты сот процестерін ресімдеу құрылғылары орнатылған. Аталмыш қондырғымен жұмыс жасау жөнінде соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мамандарын жинап, семинар сабақтары өткізілген.

2009 жылғы 12 айда бірінші сатыдағы сотпен дыбыс ресімдеу құрылғыларымен 232 іс қаралса, Ақтөбе облыстық сотымен-1, Ақтөбе облыстық мамандандырылған экономикалық сотымен-76 азаматтық іс, Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен- 67 әкімшілік іс, Ақтөбе қалалық сотымен-50 азаматтық іс, Хромтау аудандық сотымен-11 азаматтық іс, 20 қылмыстық іс, Мұғалжар аудандық №2 сотымен-4 қылмыстық іс қаралған. Сонымен қатар, дыбыс және бейне жазба құрылғыларын пайдаланумен Ақтөбе облыстық сотында 5 қылмыстық іс, Ақтөбе қалалық №2 сотында-16 іс қаралған.

ҚР ЖС Төрағасының «2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту» Жоспары бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. 2009 жылғы наурыз бен қыркүйек айларында мемлекеттік тілді еркін меңгеруге бағытталған сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға құрмет грамоталары тарту етілді.

2009 жылғы 20 желтоқсанда облыстық сот төрағасының қатысуымен аудандық/қалалық соттардың төрағаларының ҚР СО БАТЖ бағдарламасын білуі жөнінде бақылау тесты өткізіліп, сот төрағаларының осы бағдарламаны жақсы білетіндігі анықталды.

Облыс соттарында сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында «Электрондық бақылау өңдірісі» атты бағдарлама Ақтөбе облыстық мамандандырылған экономикалық сотында Қазақстан Республикасы бойынша алғаш рет жүзеге асырылды. Әрбір іс бойынша сот процесінің созбалануына, құжаттарға негізсіз өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі жайттарының алдын-алып, сот жүйесін дамыту-“Электрондық қадағалау өңдірісінің” негізгі мақсаттары. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық сотының ресми сайтында облыстық сот қауымдастығының тыныс-тіршілігін суреттейтін, жыл басынан бастап жарық көрген жадығаттар арнайы бөлімге жиналып, сайтқа келушілерге танысуға ұсынылған.  

            Ақтөбе облыстық сотының ресми веб-сайтын дамыту жоспарына сай, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап сот төрағасының жеке блогы жұмыс істей бастады. Бұл жаңалықты пайдалана отыра, сайтқа келушілер облыстық сот төрағасына облыс соттарының қызметіне байланысты сұрақтары мен ұсыныстарын жолдап, нақты жауап алады. Бұл дегеніміз қазіргі заман мүмкіндіктерінің бірі-Интернет жүйесінің халық арасында кең тарауы мен соңғы технологияларды сот саласында да еркін пайдалану.

            Ақтөбе облыстық сотының жүзеге асырған тағы бір алдыңғы қатарлы жобасы- «сот процесстерін бейнебақылау» жүйесі Ақтөбе қаласындағы 4 соттың 12 залын ортақ жүйеге біріктіріп отыр. Бұл жүйе сот отырыстарының заң талаптарына сай өтуін, сот отырыстарының уақытылы басталуын қадағалауға мүмкіндік береді.  

            Ақтөбе облыстық сотының төрағасы азаматтарды аптай сайын қабылдаса, аудандық, ауылдық жерлерден келгендер кез-келген жұмыс күні қабылданады. Сенім телефоны, арыздар мен ұсыныстар жәшігі туралы ақпараттар жергілікті және республикалық БАҚ арқылы берілген.

Сот актілерінің орындалу мәселесін облыстық сот төрағасы жеке қадағалауға алды. Сот шешімдерінің орындалмауы жөніндегі арыздар бойынша сот орындаушыларды шақыру мен арнайы қызметтік тексеру тағайындау сияқты шаралар қолданылады.

2009 жылға жоспарланған шаралардың барлығы орындалды.

2010 жылдың 1-ші жарты жылдығына арналған жоспар бекітіліп, облыстың қалалық/аудандық соттарына орындауға жолданды.

Ақтөбе облыстық соты