Сот залынан : бұзақылық үшін сотталды.
Ақтөбе қалалық №2 сотымен 23 жасар азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
2011 жылдың қараша айында кешкі мезгілде сотталушы өз жолдасымен Ақтөбе қаласында орналасқан кафелердің біріне барған, сол жерде олар 4 қызбен танысып, әңгіме құрады. Біраз уақыттан соң, сотталушы сол 4 қызбен шығып, оларды такси автокөлігіне отырғызбақшы болып, такси тоқтатады, оларға «Опель Вектра» маркалы автокөлігі тоқтайды. Сотталушы тоқтаған автокөліктің жүргізушісімен келісіп, олар 5-еуі болып, автокөлікке мініп алады. Сол уақытта такси жүргізушісі /бұдан соң жәбірленуші/ автокөлікке 5 жолаушы сыймайтын болғандықтан сотталушыдан автокөліктен шығуын сұрайды, алайда сотталушы жәбірленушінің бұл өтініміне ашуланып, автокөліктің ішінде отырып, оны балағаттап, бетінен аяқтарымен теуіп, қолының жұдырығымен аузының айналасынан бір рет ұрған.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сотталушыға мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз ойын –сауық жерлеріне бармау, жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу міндеттерін орындау жүктелді.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.











