Сот үкім шығарды

Дата: 
13/02/2012

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру бабы бойынша іс қаралды.
Іс 30 жасар Мұғалжар ауданының тұрғынына қатысты болды.
Іс материалдары бойынша, 02.11.2011 жылы сотталушы өзінің таныстарымен бірге жәбірленушінің үйінде отырып, арақ ішеді. Соның барысында жәбірленуші мен сотталушының арасында келіспеушілік туындап, жәбірленуші пышақ алып, сотталушыға қарай семейді. Бұған ызаланған сотталушы жәбірленушінің қолынан пышақты тартып алып, оның кеудесінің алдыңғы жағына, мойнына, иық тұстарына бірнеше рет ұрған.
Нәтижесінде, жәбірленуші кеуде клеткасының сол жақ бөлігінің ішкі мүшелерін  зақымдаған кесіліп-тесілген енбелі жарақаттың салдарында  сол жақ кеуде қуысына 500 мл және жүрек қалтасы қуысына 300 мл қан құйылуы әсерінен дамыған жүрек тампонадасынан қайтыс болған.
Сот үкімімен сотталушыға 9 (тоғыз) жылға бас бостандық еркінен айыру жазасы тағайындалып, жаза өтеу орны түзей колониясының қатаң режимі белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.