Ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбе қалалық №2 сотымен 20 жасар екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар - бұрын сотты болмаған, жұмыссыз, бойдақ, орта білімді, Ақтөбе қаласының тұрғындары.
Іс материалдары бойынша 2011 жылдың шілде айында сотталушылар «Қарғалы» өзеніне суға түсуге барады. Өзен жағасына барған уақытта суға түсіп киініп жатқан екі ер адамды және екі әйел адамды және алысырақ жерде қастарында жатқан қара түсті былғары барсетканы көрген. Сол уақытта олар, адамдардың киініп жатқандарын пайдаланып, жерде тұрған бағасы 2000 тенге тұратын қара түсті былғары барсетканы ішіндегі құны 17000 теңге тұратын ұялы телефон мен, әр қайсысының бағасы 12000 тенге тұратын ұялы телефондарды және 40000 теңге ақшасымен бірге ашық түрде ұрлық жасайды.
Нәтижесінде олар жәбірленушіге жалпы құны 83000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Сот мәжілісінде олар тағылған айыпты жартылай мойындады.
Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен сотталушыларға 3 /үш/ жылға бас бостандығынан шектеу жазазы тағайындалды.











