Мемлекеттік баж калькуляторы
Мемлекеттік баж калькуляторы
Сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж төлеу. Мемлекеттік баж
дегеніміз не?
ҚР Салық Кодексінің 532 бабына сәйкес мемлекеттік баж –
уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық
мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алатын
міндетті төлемі болып табылады.
Мемлекеттік баж қандай жағдайларда төленеді?
Сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік баж мынадай жағдайларда төленеді. Сотқа берілетін талап
арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін
істер бойынша арыздардан, сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару
парағының түпнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық соттардың және
шетел соттарының шешімдерімен мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару
парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру
туралы арыздардан.
Мемлекеттік баждың соттағы мөлшері қандай?
Сотқа берілетін талап
арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін
істер бойынша арыздардан, сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару
парағының түпнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық соттардың және
шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару
парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының
және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы
арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
Мүліктік сипаттағы талап арыздардан, жеке тұлғалар үшін- талап қою
сомасының 1 пайызы; заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3
пайызы; мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының
жеке тұлғалардың құқықтарына нұсқан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне
шағымдардан-30 пайыз, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды
адамдарының заңды тұлғаларының құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз
іс әрекетіне шағымдардан -500 пайыз, салықтық тексеру актілері бойынша
хабарламаларға дау айту туралы арыздардан: дара кәсіпкерлер мен шаруа
немесе фермер қожалықтары үшін – хабарламада көрсетілген салық пен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің даулы сомасының
1 пайызы; заңды тұлғалар үшін – хабарламада көрсетілген салық пен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің даулы сомасының 1
пайызы; некені бұзу туралы талап-арыздардан – 30 пайыз, аралық соттар
шешімдеріне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешімдерді жою
туралы өтініш хаттардан- 50 пайыз, атқару парағының түпнұсқасын беру
туралы арыздардан, аралық соттардың және шетел соттарының шешімдерін
мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан –
500 пайыз. Сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге
де қаулыларынан көшірмелерді, сондақ-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа
да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттардың
көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан-әрбір құжат үшін 10 пайыз,
сондай-ақ әрбір дайындаған бет үшін 3 пайыз; заңды тұлғаларды банкрот деп
тану туралы арыздардан- 500 пайыз.
Қандай жағдайларсда баж төлеуден босатылады. Соттарда баж төлеуден
тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана босатылады. ҚР Салық Кодексінің
541 бабында мемлекеттік баж төлеуден босатылатын жағдайлар көрсетілген.
Азаматтың мүліктік жағдайына байланысты мемлекеттік баж төлеуден
босатылмайды.
Мемлекеттік баж төлеу тәртібі. Мемлекеттік баж сот қарайтын істер
бойынша – тиісті арыздар немесе сот бұйрығын шығару туралы өтініш
бергенге дейін, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін берген кезде
төленеді.
Мемлекеттік баж төлеу формасы. Мемлекеттік баж банктер немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы
қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді.
Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару. Төленген мемлекеттік
баж сомасы талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда,
мемлекеттік баж ҚР Салық Кодексі бойынша талап етілгеннен көбірек
мөлшерде енгізілген; арыздар қайтарылған немесе оны қабылдаудан
бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкілетті адамдар
нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан; іс жүргізу тоқтатылған
немесе, егер іс қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер
санаты үшін белгіленген дауды алдын-ала шешудің тәртібін сақтамаған
не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда талап қою
қараусыз қалдырылған; мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні
бар іс-әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар іс әрекеттерді
жасаған органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан; Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне белгіленген өзге де жағдайларда
ішінара немесе толық қайтарылуға жатады. Мемлекеттік баж салығын
қайтару үшін салық органына: мемлекеттік баж төлеген түбіртегін немесе
сотпен дұрыстығы куәландырылған түбіртек көшірмесін; егер мемлекеттік
баж сот актісінің негізінде қайтарылатын болса, сол сот актісін тапсыру
қажет.
ҚР 21.12.2009 жылғы «2010-2012 ж. республикалық бюджет» туралы Заңына
сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен
басқа да төлемдер келесіні құраған: 1) ең аз жалақы мөлшері –14952 теңге;
2) ең аз зейнетақы мөлшері – 12344 теңге; 3) мемлекеттік базалық зейнетақы
мөлшері - 5981 теңге 4) айлық есептік көрсеткіш мөлшері - 1512 теңге.
5) ең төмен күкөріс деңгейінің мөлшері – 14 952 теңге. 2011 жылдың 1-
ші қаңтарынан бастап 1) ең аз жалақы мөлшері – 15 999 теңге; 2) ең аз
зейнетақы мөлшері – 16 047 тенге; 3) айлық есептік көрсеткіш мөлшері –
1512 тенге; 5) ең төмен күкөріс деңгейінің мөлшері – 15 999 теңге.
Мемлекеттік баж калькуляторы: бұл айдарда сіздер мемлекеттік салық пен
Ақтөбе облысы соттарымен қаралатын істер бойынша түбіртектерді шығара
аласыздар.











