Биография
АЙТЖАНОВ Ерлан Жұмаханұлы
1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 1990 – 1994 жылдары Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, 1994 – 1995 жылдары Алматы қалалық арбитраж сотының мемлекеттік арбитрі, Алматы қалалық арбитраж сотының судьясы, 1996 – 2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2000 – 2002 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының төрағасы, 2002 – 2008 жылдары Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. 2010 жылдың наурыз айынан бастап 2011 жылдың сәуір айы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 8-маусымдағы №95 Жарлығына сай Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.











